«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
150
білуге тиіс. Джиу-джитсудың күрес түрі Жапония мемлекетінде пайда болғанымен, Америка, Бризилия,
Біріккен Араб Əмірліктері сияқты алпауыт елдер де бұл спортқа өз қызығушылықтарын танытып, өз
елдерінде мықты дамытып жатыр және күрес (не-ваза) түрі Азия ойындары тізіміне енді. Қазақстанда да
бұл спорт түрі жастар арасында үлкен сұранысқа ие. Атап айтсақ, джиу-джитсудың не-ваза, бразилиялық
джиу-джитсу бөлімдері.
Бразилиялық джиу-джитсу және не-ваза бөлімдері – ешқандай соққы қолданбайтын күрес түрі. Бұл
күресте физикалық әлсіз дамыған адам техниканы білу арқылы әр түрлі ауырту немесе қылғындыру
әдістерін қолданып, физикалық күшті қарсыластан өзін сәтті қорғап, оны жеңе алады деген қағида
негізделеді.
Мен джиу-джитсудың не-ваза және бразилиялық джиу-джитсу бөлімдері бойынша алты жылдан астам
уақыт жас спортшыларды даярлап келемін. Шәкірттерім әлем, Азия, ел чемпионаттарында топ жарып
келеді. Алты жыл жаттықтырушы болу аса ұзақ мерзім емес, осы уақыт ішінде 30-дан астам чемпиондар
мен жүлдегерлер, оның ішінде екі дүркін әлем чемпионын дайындап шығару мен үшін үлкен жетістік. Бұл
жетістікке жету жолында жасалған өз әдістемелерімнің бірі, ол – спортқа ғылым ретінде қарау.
Достарыңызбен бөлісу: