Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет289/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу мақсаты:  

 
Спортқа ғылым ретінде қарауды ұғындыру;
 

 
Жастарды спортқа қызықтыру; 

 
Жас спортшы өміріндегі бапкер мен ата-ананың ықпалын айқындау. 
Қазақ  халқы  ежелден  ержүрек,  бойында  қуаты  тасыған  батыр,  қайтпас  қайсар  халық.  Қабанбай, 
Бөгенбай,  Наурызбай,  Райымбек  секілді  жаудан  жеңіліп  көрмеген  жүздеген  батырларымыз  тарихтан 
белгілі. Бері келсек, Қажымұқан атамыз қарапайым қазақ даласынан шығып, әлемді мойындатқан палуан. 
Алайда  ол  кездегі  құнарлы  ет  пен  қымыз,  таза  экология,  кеудедегі  батыр  рух  пен  қуат  қазіргі  уақытта 
бәрімізге тапшы. Сондықтан спортқа ғылым ретінде қарап, жас спортшылар арасында осы түсінікті нақты 
және  кеңінен  түсіндіретін  уақыт  келді.  Ата-ана  тарапынан  да  «мына  бала  сабақты  қатырмады,  мүмкін 
спорттан бірдеңе шығар» деп спорт залға баласын ертіп келуін үлкен қателік деп ойлаймын. Себебі, спорт 
– ғылым, спорт – тәртіп. Əйгілі теннисші Серена Уильямс: «Мен кіммен сайысқа түссем де, менің басты 
қарсыласым айнадағы қыз», – деп спортта әуелі өз жалқаулығыңмен, қорқынышыңмен, білімсіздігіңмен 
және  айналаңдағы  жолдан  тайдырғысы  келетін  көптеген  факторлармен  күресе  біліп,  өз-өзіңді  жеңу 
жолында аянбай тер төгу керектігін мәлімдейді. Күрес уақытына өз күшіңді дұрыс қолданып, әдіс жасау 
уақытын нақты білу, қарсыластың психологиясын түсініп оған қарсы шабуылдар ұйымдастыру, сайыстың 
шешуші уақытында шаршап қалмау үшін дұрыс тыныс алу сияқты нәрселерді қатесіз жасау үшін міндетті 
түрде білім керек. Яғни, «Джиу-джитсу татами бетіндегі шахмат». 
Екінші әдестемем, ол – жас спортшыларға бапкер мен ата-ананың ықпалы. Спорттық психология. 
Қай  спорт  түрін  қарасаңыз  да,  жыл  өткен  сайын  жарыс  ережелері  өзгеріп  жататынын  байқайсыз. 
Сонымен қатар әр түрлі техникалар дамып, соған байланысты бапкерлердің де спортшыларды дайындау 
бағдарламалары өзгеріп тұрады. Спорт дамыған елдердің тәжірибесін көру, оқу-жаттығу жиындары мен 
бапкерлер  арнайы  семинарларға  қатысумен  жарыса  дамып  жатыр.  Спортта  ізденіс  тоқтаса,  жетістік  те 
тоқтайыны белгілі. Спортқа бапкерлер, спортшылар және жас спортшыларды жаттығуға алып келетін ата-
аналар ғылым ретінде қарамайынша, әлемде үздік болып, чемпион атану қиын болары сөзсіз. Себебі жас 
спортшыларды дайындайтын бапкерлерге артылатын жүк ауыр. Оны әр бапкер сезініп, жауапкершілікті 
түсінуі керек. Сол үшін де жас спортшылардың бапкері балалардың денсаулығын нығайтып, оларға дұрыс 
тәрбие  беруі  тиіс.  Көп  жағдайда  бапкерлер  жетістікке  тез  жету  мақсатында  балаларға  шамадан  тыс 
физикалық жүктеме (нагрузка) жасап, денсаулығына зияны тиіп жатады. Немесе спортшы жеңіліс тапқан 
кезде оған көңілі толмай, өз эмоциясын көрсетіп жатады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Ондай жағдайда бапкер 
де,  ата-ана  да  өз  эмоцияларын  көрсетпей,  керісінше  жарыста  жасалған  қателікке  жұмыс  жасап, 
спортшының әлсіз тұсын дамыту керек. Жас спортшыға шамадан тыс жауапкершілік арту оның спортқа 
деген қызығушылын жоғалтады. 
Физикалық дайындық, кеудені жерден көтеру (отжимание), белтемір (турник), пресс, яғни өз салмақ-
тарымен физикалық күшті дамытуға арналған жаттығулар. Биіктікті бағындыру (планка) шыдамдылық, 
бұлшық еттердің қатаюы. Жас спортшыларды жұптағанда олардың салмақтарына, тәжірибелеріне және 
физикалық күштеріне де қарау керек. Физикалық жаттығу ұл балалар мен қыз балаларға физиологиялық 
дамуына байланысты әр түрлі болуы тиіс. Атап айтсақ: 

 
Техникалық  дайындық  әдіс  үйреткенде,  бір  позицияда  жасалатын  әдістер  үйретіп,  сосын  сол 
позицияда күрестіру, базалық әдістер көрсету. 

 
Үйрететін әдіске икемді болуы үшін жаттығу басында арнайы акробатикалық жаттығулар жасату.  

 
Тактикалық дайындық ережелерімен таныстыру, ережеге сай емес әдістерді көрсету.  


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
151 

 
Белдесу уақытын дұрыс және тиімді пайдалану. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет