Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет310/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Қорытынды.
 Б.И. Бутенко атап айтқандай, қимыл  дағдысында және физикалық қасиеттерде бөлек 
тәрізді  (тығыз  байланысқан  болса  да)  құбылыстарда  жеңіске  жету,  физикалық  қасиеттердің  бекітілген 
деңгейі (күші, жылдамдықтары, төзімділіктері) физикалық қасиеттердің бірқатар бөлігін сәйкес келетін 
кезегімен,  ұзақтығымен,  кеңістік  сипатымен  құрайды.  Осылайша,  физикалық  қасиет  техникамен  қатар 
қимыл дағдысының сапалы жағы ретінде қарастырылады. Басқа авторлар көрсеткендей, қимылдың сапалы 
жағы да сәйкес келетін кеңістік және уақытша сипатта бекітіледі. 
Спорттық  шеберліктің  құрылу  процесінде  Ю.В.  Верхоманский  екі  параллельді  және  өзара  бірге 
дамыған  процесте,  анығырақ  бір  процестің  екі  жағын  анықтайды.  Біріншіден,  ағзаның  функционалдық 
реакциясының мақсатты түрде өзгергіштігінде тікелей жетілуі, ал екінші жағынан, шеберліктің мақсатты 
дамуы және өзінің қимыл қабілеттерін тиімді пайдалану. Практикада осы жақтарды дене және техникалық 
дайындық деп атайды және бір-бірінен бөлек қарастырады, сонысымен жаттығудың жетістігіне және оның 
бөлінбейтін процесс жөніндегі түсінігіне қайта қалыпқа келместей зиян келтіреді. 
Дене  дайындығының  жеткіліксіз  деңгейі  қимыл  техникасын  игеруді  қиындатады,  спорт  түрінің 
таңдалған өзіндік қасиетін есепке ала отырып физикалық қасиеттің бағытты дамуымен бекітілген болатын. 
Осы жалпы жағдай спринтерлік жүгіруде де өзінің бекітілімін алды. Ю.А. Федяев байқағандай, 100 метрге 
жүгіру кезінде спорттық нәтижеге ең үлкен ықпал еткені, мәні аз жердегі аяқтың жазылуы тәрізді дамитын 
күші, 100-150 кг шамасында болғанда, 200-250 кг тәрізді күш аздап ықпал етеді. 
И.А. Тер-Ованесян көрсеткендей, динамикалық  зерттеудің аздаған мәніне, жоғары және салыстыр-
малы  бірдей  дайындықтағы  спортшыларды  салыстыруға  мүмкіндік  береді.  Бірқатар  мамандар  осы 
талаптарды  техникалық  құрылымның  жетекші  элементтерін  анықтау  кезінде  сақтау  маңызды  екендігін 
айтады, оның акценттелген орындалуы жүгіру қадамының белгілі бір вариантын құрады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   306   307   308   309   310   311   312   313   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет