ƏЛЕМДЕ ЖƏНЕ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 3Х3 БАСКЕТБОЛЫНЫҢ ДАМУЫ ЖƏНЕ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ С.С. Даулет ‒ 1 курс магистранты ҚазСТА, Алматы қ.
Б.З. Зауренбеков ‒ Ғылыми жетекші, РhD докторы, ҚазСТА, Алматы қ.
М. Ахметкарим ‒ ҚазСТА, Алматы қ.
Р.Б. Абеков ‒ ҚазСТА, Алматы қ.
А.М. Искакова ‒ ҚазСТА, Алматы қ.
Аңдатпа. Берілген мақалада 3х3 баскетболының
шығу тарихы, дамуы және Қазақстанда қалай пайда болғандығы
жайында мәліметтер ұсынылған. Сонымен қатар аталған ойын түрінің біздің елдегі қазіргі жағдайы жайлы да сөз
қозғаған.
Автор 3х3 баскетболының Əлемде және Қазақстанда пайда болуын, дамуын зерттеуді мақсат еткен.
Дегенмен мақалада даму тарихымен қатар ойынның қалыптасқан ережелері де берілген. Қазақстанда жақсы өнер
көрсетіп жүрген команда жайлы да айтылған. 3х3 баскетбол қазіргі кезде кәсіби статусқа ие жас спорт түрі болып
табылады. Бұл спорт түрі даладан басталып, қазіргі кезде Олимпиада ойындарының бағдарламасына енген болатын.
Жыл сайын 3х3 баскетболы бойынша турнирлер саны көбейіп келеді және біздің де мемлекетте бұл спорт үлкен
сұранысқа ие.
Түйін сөздер: 3х3 баскетбол, жаңа технологиялар, тактика, Олимпиада ойындары.