ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ДЕНЕ МƏДЕНИЕТІ МҰҒАЛІМІНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ АСТАРЛАРЫ С.Н.
Рыскалиев ‒ Қазақ спорт және туризм академиясының докторанты, Алматы қ.
Аңдатпа. Мақалада зерттеушілер дене мәдениеті және спорт саласындағы өзекті мәселені қарастыруға тырысқан.
Заманауи білім берудегі оңтайлы өзгерістердің бірі – жаңартылған білім беру жүйесінің енуі, осы тұрғыда дене
мәдениеті мұғалімінің іс-әрекеті жаңаша тұрғыда анықталады. Ғылыми зерттеулерді талдау негізінде авторлар
мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі жүйелік-іс-әрекеттік тұғырдың негізінде оқушылардың тұлғалық және
метапәндік сипаттағы нәтижеге қол жеткізуді көздейтін интегративті құзыреттілік екенін анықтады. Жаңартылған
білім беру жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру ‒ теориялық
және практикалық білім мен дағдыларды кәсіби маңызды қасиеттері мен қабілеттері оған кәсіби жағдайларда
нәтижеге жетуге мүмкіндік береді.
Түйін сөздер: жаңартылған білім беру, дене мәдениеті, құзыреттілік, басқарушылық құзыреттілік, дене мәдениеті
мұғалімі, психологиялық астар, іс-әрекет.