Кіріспе.
Өмірдің кез келген саласындағы сапалы өзгерістер, әсіресе білім беру жүйесіндегі мұғалімде
оқыту үрдісіндегі өзінің орны мен рөлі туралы жаңа көзқарасты қалыптастырусыз мүмкін емес. Мұғалімге
бүгінгі күн талабына жауап беретін жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында жаңа мақсат пен
міндеттерді, оқыту технологияларын меңгеру, құзыреттілікке бағытталған оқытуды жүзеге асыруда
бағалаудың жаңа формаларын үйрену – ақиқат пен қажеттілік.
Сонымен қатар, әлемдегі болып жатқан жаһандану үдерісіне сәйкес еліміздің әлеуметтік-
экономикалық қарқынды дамуы білім беру саласында да прогрессивті өзгерістерді енгізуді талап етуде.
Білім алушылардың жалпы психологиялық дамуын ескеру, осыған сәйкес оқу жүктемесінің шектен
шықпай, талапқа сай келуін қадағалау, білім мазмұнының олардың құзыреттілігін қалыптастыруға
бағытталып іріктелуін қатаң ескеру педагогтың жұмысына қойылатын негізгі талап болуда.
Достарыңызбен бөлісу: |