Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет490/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеудің мақсаты
 – студенттер ағзасының функционалдық жағдайына эмоциялық стресстің әсерін 
зерттеу. Дипломдық жұмыстарды қорғау кезінде студенттер ағзасына эмоциялық стресстің әсер етуіне баға 
беру. 
Зерттеу міндеттері: 
‒ оқу үрдісінің динамикасындағы студенттер ағзасының функционалдық кернеулігіне баға беру; 
‒  әртүрлі  төтенше  жағдайларда  ағзаның  функционалдық  кернеуінің  деңгейін  бағалау  (дипломдық 
жұмыстарды қорғау). 
Зерттеу әдістері.
 
Физиологиялық зерттеулер олимпиадалық спорт факультеті, Қазақ спорт және туризм академиясының 
базасында өткізілді (50 студент зерттелді). 
Экстраверсия,  интроверсия,  нейротизм  тұлғасын  зерттеу  Айзенка  әдістемесі  бойынша  жүргізілді. 
Айзенк  әдістемесі  зерттелетін  студенттердің  жеке  тұлғалық  ерекшеліктерін  анықтауға  мүмкіндік  берді. 
Эмоциялық  күйзелістен  туындаған  реактивті  және  жеке  мазасыздықты  бағалау  үшін  Ч.Д.  Спилбергер,      
Ю.Л. Ханиннің әдістемесі қолданылды.  
Ағзаның функционалдық жағдайы ӨБК психологиялық тестінің көмегімен бағаланды («өзін-өзі жақсы 
сезіну», «белсенділік», «көңіл-күй»). 
АҚ өлшеу отырған күйде дипломдық жұмысты қорғағанға дейін және одан кейін жүргізілді. 
Биопотенциалдар  электрокардиограф  көмегімен  тіркелді.  Зерттеу  барысында  «Элкар»  2  арналы 
электрокардиографы  пайдаланылды  (жазба  екінші  стандартты  бөліністе  жүргізілді).  Зерттеудің 
физиологиялық  әдістерінің  алынған  мәліметтері  математикалық  күтуді,  орташа  квадраттық  ауытқуды, 
орташа  және  айырмашылықтың  қателіктерін  (жүздей  бойынша)  анықтай  отырып,  жалпы  қабылданған 
әдістермен өңделді. Р<0,05 кезінде t мәндері дұрыс деп саналды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   486   487   488   489   490   491   492   493   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет