«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
248
1-сурет ‒ «Жаңартылған білім беру» ұғымының сипаттамасы
Ғалымдар іс-әрекеттің бағыт-бағдарлық негізінің құрылымында мынадай бөлшектерді бөліп
қарастырады: а) пән мен тәсілдер (ойлау, ұйымдастырушылық, байланыс); ә) осы іс-әрекетте жасалатын
пән мен үрдістің мәні туралы ұғымдық білім; б) өз тәжірибесінде мақұлданған іс-әрекет тәсілдерінің
жиынтығы; в) осы іс-әрекетті шешілуге міндетті тапсырмалардың толық емес, ақпараттар жеткіліксіз,
себеп-салдарлық байланыстың айқын емес, шешімдердің белгілі нұсқаларының жарамсыз болуы сияқты
мәселелік жағдайда орындау тәжірибесі; г) құндылық-мәндік мақсаттарына сәйкес жағдайларға және өзінің
мінез-құлқына өзіндік сынақ жүргізу жағдайында көрініс табатын рефлексия тетігі [4].
Осылайша, құзыреттілік жеке адамның қасиеті ретінде сан алуан түрде болады: біліктілік дәрежесі,
жеке тұлға ретінде өзін-өзі көрсете алу тәсілі (әдеті, өмір салты, қызығушылығы), жеке адамның өз бетінше
дамуының нәтижесі немесе қабілеттілігінің көрініс табу түрлері ретінде. Демек, құзыреттілік оқу жемісі
бола тұра тікелей оқудан бастау алмайды, ол жеке адамның өз бетінше дамуының салдары,
технологиялықпен қоса жеке тұлға ретінде өсуінің, өзін-өзі ұйымдастыру мен іс-әрекеттік және жеке
тұлғалық тәжірибесін қорытындылаудың салдары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: