CAUSES OF CEREBRAL PALSY IN CHILDREN AND THE SIGNIFICANCE OF APPLIED THERAPEUTIC PHYSICAL EXERCISES N. Seitkazieva ‒ KAZAST, Master of 1 course, Almaty
B. Yeszhan ‒ Scientific adviser
, senior lecturer of the Department of Anatomy,
Physiology and Sport Medicine of KAZAST, Almaty
Annotation. This article refers to the significance of curative physical exercise used in the history of cerebral palsy of
congenital and acquired children. Infantile cerebral palsy is a chronic disorder characterized by several pathological complex
disorders in children, secondary lesions, or emerging during the period of perinatal development. In accordance with the etiology
of the disease, children who become ill with this disease are effectively by the systemic use of therapeutic measures. In this
pathology, caused by violations of the anatomical-physiological structure of the nervous system, along with medication, it is
established that the prevention of nervous, muscle attacks, muscle spasm, spontaneous sitting, or movement with the help of
special means. Infantile cerebral palsy is not a sentence of disability, but a painful condition that requires persistent work and
resilience.
Key words: cerebral palsy, hemiplegia, hippotherapy, animalotherapy, therapeutic exercise.
Балалардың церебральды салдануы – сәбилердегі патологиялық кешенді бұзылыстармен
сипатталатын күрделі патологиялардың бірі. Сырқаттың ағза жүйелерінің орталығы болып табылатын
жүйке жүйесінің, тірек-қимыл аппаратының да бұзылыстарымен сипатталады. Емдік іс-шаралар жүргізілуі
кезінде сүйектердің химиялық құрамы мен бұлшық ет тонусының жұмысында қалпына келтірудің өзі ұзақ
уақытты талап етеді. Жалпы сипаттамасы бойынша 30-50% балаларда ақыл-ой дамуының тежелуі
байқалады екен.
Сырқаттың зерттелу тарихына келер болсақ, 1830 жылдары британдық хирург Дж. Литтл туа біткен
сырқаттар жайында дәрістер оқып, аталған сырқатқа сипаттама бергені жазылады. 1853 жылы осы ғалым
«Адам қаңқа сүйектерінің деформациясының пайда болуы мен емдеу жолдары» деген тақырыптағы
еңбегін жарыққа шығарады.
1861 жылы Лондондағы акушерлер бірлестігіндегі жасаған баяндамасында туу кезіндегі асфикция
туындауының нәтижесінде жүйке жүйесінің зақымдалуы, нақтырақ айтар болсақ жұлынның зақымдалуы
болады деп атап көрсетті. Осының салдарынан аяқ бөлімдерінде құрысулар пайда болады деді. Сонымен
бірге ол қазіргі кездегі «спастикалық диплегия» деп толық сипаттамалық атауы бар түрін анықтап айтып
берді. Бұл патологияның түрін көпке дейін Литтл ауруы деп те атап келді. 1889 жылы канада дәрігері Ослер,
бұл бұзылыстар бас миының жарты шарларының зақымдануынан туындайды деп және «церебральды
салдану» терминін енгізді. Дегенмен көптеген жылдар бойы бұл ауру туу кезіндегі асфиксия салдары деп
қарастырылып келді. XIX ғасырдың соңына қарай, З. Фрейд бұл патологияның туу кезіндегі ғана емес
құрсақтағы нәрестенің дамуы кезіндегі туындаған патология деп түсінік берді [1]. Спастиканың дамуы ‒
мидың белгілі бір бөлімдерінің зақымдалуы салдарынан бірталай уақыттарға дейін бұзылыстармен қатар
жүретін рефлексті үдерістер.