Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет560/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Зерттеу әдістері
. Зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында көптеген отандық және шет елдік әдеби 
деректерге  шолу  жасалынды.  Сонымен  қатар  арнайы  емдеу  орталығындағы  балалар  мен  олардың  ата-
аналарынан арнайы сауалнамалар алынып, балалардың церебральды салдануы барысында қолданылатын 
емдік дене жаттығуларының маңызы туралы көптеген мәліметтер алынды.  
Зерттеу  нәтижелері
.  Бұл  мақалада  балалардың  туа  біткен  және  жүре  пайда  болған  церебральды 
салдануы сырқатының түрлері мен патологияның ауырлық сипатына және аталған сырқатта қолданылатын 
емдік дене жаттығулардың тиімділігі мен маңыздылығы туралы мәліметтер алынды. 
Жалпы  балалардың  церебральды  салдануы,  атында  тұрғандай-ақ  ағза  жүйелерінің  маңызды 
жүйелерінің бірі орталық жүйке жүйесінің белгілі аймақтарының зақымдалуымен сипатталатын күрделі 
сырқат. Көп жағдайда дифференциалды диагностикалық зерттеу шаралары ұйымдастырылып жүргізіледі. 
Оларға: 

 
бас миының әртүрлі жарақаттары, оның ішінде нейроинфекциялар; 

 
спастикалық параплегияның аутосомды рецессивті формалары; 

 
ерте балалық кезеңдегі аутизм; 

 
шизофрения; 

 
жарақаттық сипаттағы және жұлынның ишемиялық зақымдалуы; 

 
галактоземия т.б.  
Балалардың церебральды салдануын емдеудің негізгі міндеттеріне балалардағы ерекше дағдылар мен 
өзіндік қалыптасуына жағдай жасау. Қозғалыс дағдыларын қалыптастырудың негізгі әдістеріне арнайы 
рефлексті  қалыптастыратын  жаттығуларды  тұрақты  түрде  ұстаным  ретінде  қалыптастыра  отырып, 
дағдыландыру [2.3]. Емдеу жолдарының әмбебап әдістеріне бастапқы кезеңдерде жалпы массаж түрлері, 
сырқаттың  деңгейі  мен  сипатына  қарай  және  бұлшықет  тонусын  жақсарту  мақсатында  емдік  дене 
жаттығулары,  қосымша  көмек  құралдарын  пайдалану  (орындықтар,  корсеттер),  логопед  және  психолог 
көмегі,  сонымен  қатар  қажеттілігіне  орай  медикаменттер  арқылы  ем  жүргізу.  Оның  ішінде  бұлшықет 
тонусын  жақсартатын  дәрілік  препараттар  қабылдауды  мысал  ретінде  келтірмек  болады.  Оларға: 
ботулотоксин  препараттары  «ботокс»,  «ксеомин»,  «диспорт» т.б. Ал ортопедиялық ота  түрлеріне сіңір-
байламды пластика, сіңір-бұлшықетті пластика, остеотомия, артродез, хирургиялық қолданбалы түзетулері 
тағайындалады.  Осы  патология  барысында  күрделі  медициналық  емдік-шараларға  функциональды 
нейрохирургия: селективті ризотомия, селективті нейротомия, жұлын жүйкелеріне арналған созылмалы 
эпидуральды  нейростимуляция,  тағы  да  басқа  заманауи  түзету,  емдік  жұмыстары  тағайындалады.  Көп 
жағдайда  сырқат  нәрестелерге  емдік-медикаментозды  процедураларды  санатория-демалыс  емдері, 
анималотерапия, иппотерапия әдістері де жүйелі түрде тағайындалып, алмастырылып отырады. 
Мануальды  терапия  қолданылуы  мүмкін  деген  тұжырымдар  жиі  кездеседі.  Жалпы  балалардың 
церебральды салдануындағы емдік әдістері барысында қосымша ем ретінде жүргізіледі [4].  
Аталған сипаттағы ауруларда вакцинация қалай жүргізілетіні туралы сауалдар да қойылып жатады, 
дегенменде  көп  жағдайда  вакцинацияларды  қабылдауға  немесе  жүргізілуіне  профилактика  ретінде 
қолданылуға арнайы дәрігердің нұсқаулығымен белгілі уақыттарда қабылдау ұсынылып отырады. 
Емдік педагогикалық жұмыстың міндеттері. Емдік-педагогикалық мақсаттағы жұмыстарға: 
‒ 1 мен 3 жас аралықтарындағы емдеудің басты міндеттеріне сенсорлы жүйелердің, сөйлеу, іс-қимыл 
әрекетін қалыптастыру, қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ету; 
‒ Артикуляциялық қалып пен қозғалыстарды дамытуға арналған жұмыстар жатады. 
Дегенмен З. Фрейд жүйке ауруларының дәрігері ретінде БЦС мен эпилепсия арасындағы байланысын 
байқаған.  Осыған орай 1893 жылы  «Балалардың церебральды салдану» деген еңбегін жазады.  Ал 1897 
жылы  бұл  патология  құрсақішілік  даму  барысында  бөлімдерінің  дамуының  тежелуімен  байланысты 
екеніне толықтай анықтама береді [5.6].  
Балалардың церебральды салдануының жіктелуі: 
1. Гемиплегия; 
2. Церебральды диплегия (екі жақты церебральды паралич);  
3. Екі жақты гемиплегия. 
Балалардың церебральды салдануына ұшырауының себептері нәрестенің құрсақ ішндегі және одан 
кейінгі кезеңдеріне де байланысты. Балалардың церебральды салдануы сырқатына ұшырауының себеп-
теріне құрсақ ішілік дамуы кезіндегі сыртқы әсерлермен қатар туылған соңғы 4 апталық кезеңдерінде де 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
282 
ұшырау қауіпі байқалады екен. Кездесу жиілігіне қарай, әрбір туылған 1000 баланың 2-уі аталған дертке 
ұшырайды екен. Жыныстық көрсеткіштері бойынша қыз балаларға қарағанда 1,33 есе ұл балаларда жиі 
ұшырайды  екен.  Ал  негізгі  фактор  ретінде  ай  күніне  жетпей  туылған  нәрестелерде  туындау  қауіпі  аса 
жоғары болады екен. Аталған сырқатқа ұшырауына байланысты мәліметтердегі тағы бір басты себептері:  

 
бас миының құрылымының дұрыс дамымауы; 

 
құрсақ ішілік созылмалы оттегінің жетіспеушілігі (гипоксия салдары); 

 
бас миының гипоксия-ишемиялық зақымдалуы; 

 
герпевирусты құрсақішілік инфекциялар әсері; 

 
анасы мен сәбиінің қан топтарының сәйкес келмеуі; 

 
бас сүйегі мен мидың жарақаттары; 

 
туғаннан соңғы бас ми инфекциялары; т.б. 
Осы факторларға қарамастан балалардың церебральды салдануының алдын алу үшін жүкті ананың 
денсаулығының созылмалы патологиясының (созылмалы пиелонефрит, семіздік, артериялық гипертензия) 
бар жоғы мен нәрестемен қан топтарының сәйкестігі, плацентарлы толық зерттеулерден өту, тағы да басқа 
мәліметтер қарастырылуы керек.  
Гемиплегиялық немесе гемипаретикалық салдану түрі өте жиі кездесетіні болып ерекшеленеді. Бұл 
жағдайда дене бөлігінің бір жақ бөлігінің толық салдануы байқалады және бұлшық ет тонусының тым 
жоғарылығымен  сипатталады.  Науқас  балалардың  көпшілігінде  сана  сезімінің  дамуының  тежелуі, 
баяулауы байқалғанымен еңбек түрлеріне бейімдеуге өте ұзақ мерзімде болса да бейімділігі болады [4-8]. 
Сауықтыру жаттығуларының бірқатарына сипаттама. Балалардың  церебральды салдану барысында 
қолданылатын  емдік  дене  жаттығуларының  орындалуы  ұзақ  әрі  жүйелі  жаттығулермен  орындалатын 
қажырлы еңбекті талап етеді. Сонымен қатар емдік дене жаттығуларды жүргізуде:  
1)  жұмысқа  қабілеттілікті  қалпына  келтіру  үшін  ағзаға  тікелей  әсер  ететін  және  ағза  жүйелерінің 
құрылымын қалыптастыруға тікелей әсер ететін жаттығуларды таңдау; 
2) қан айналым мен зат алмасу үдерістерін жақсартатын тиімді жаттығуларды қолдана отырып жүйке-
бұлшық еттік құрысуларды болдырмаудың алдын алу; 
3) жүйке қабықшаларының және қоршаған ұлпалар арасындағы жабысуларды (спайка) болдырмау;  
4)  әлсіз  бұлшықеттердің  тонусын  жақсарту,  қозғалыс  координациясын  жақсарту,  омыртқаның 
қисаюын болдырмау т.б. міндеттемелер қойылады. 
Орындалатын жаттығулар құралсыз, құралмен деп сырқаттың ауырлық деңгейіне қарай жіктеледі. 
Гиперкоррекция деп аталатын жаттығуды ретті түрде жасау барысы аяқтың ұшынан барынша көтеріле 
отырып, қосымша құрал арқылы омыртқаның жекелей бөлімдеріне күш түсіру және ауыстырмалы түрде 
жасай отырып сколиозды қалпына келтіруге түзетуге болады. Соңғы жаттығуларға сипаттама берсек, бір 
аяқты тізе буынан бүге отырып келесі аяқты барынша соза отырып, оң және сол жақ бағытқа қарай қисаю 
[9,10]. 
Балалардың  церебральды  салдануы  кезінде  қолданылатын  емдік  шаралардың  жан-жақтылығы  мен 
маңыздылығы  туралы  көптеген  ақпараттар  бар.  Дегенмен  де  медикаментозды  емдеу  емдік  дене 
жаттығуларының жүйелі түрде сауатты орындалуы барысында ғана нәтиже беретінін айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   556   557   558   559   560   561   562   563   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет