Тәжірибелік зерттеу нәтижелерінен келесі түйіндер алынды:
1. Зерттеу барысында студенттердің ақпараттық құралдарды пайдалануда техника қауіпсіздігін
қаншалықты білетіндігі жайлы сауалнамалардың нәтижелері: КСжЖЖФ 3-курс тобында 20 студенттің
13-і, компьютерді қалыпты қолдану уақытынан көбірек, яғни тәулігіне 2 сағаттан артық қолданатынын
байқауға болады. Сонымен қатар сыныпта 15 студент компьютермен жұмыс жасаудың қарапайым
ережелерін білмейді. Ал 12 студент компьютерді тиімсіз қолданып, яғни ғаламторға кіріп түрлі ойындар
ойнап, вк-кіріп, уақытын тиімсіз өткізуде.
2. Сивцев-Головина кестесі бойынша көздің көру өткірлігінің көрсеткіштері: компьютердің алдында
күніне 1-5 сағат отыратын студенттер мен компьютерде жұмыс істеудің қарапайым ережелерін
орындамайтын балаларда көру қабілетінің төмендегені байқалды. 24 студенттің 9-ының көру қабілеті
төмен.
3. Есту мүшесіне құлаққаппен музыка тыңдаудың қаншалықты әсер ететіндігін білу мақсатында 24
студентке қойылған сауалнамалардың нәтижелері: 21 студенттің құлаққапты қолданылатындығын, ал
3-еуі қолданбайтындығын айтты. Ал 24 студенттің 9-ы 2 сағаттан артық құлаққаппен музыка тыңдайды.
Құлаққаппен музыка тыңдағанда, есту мүшесіне зиян тигізбес үшін тәулігіне 1 сағаттан артық қолдануға
болмайды. Алайда, алынған нәтиже бойынша студенттердің жартысынан көбі тәулігіне 1 сағаттан артық
құлаққаппен музыка тыңдап есту мүшесіне зиян келтіруде.
4. Қарапайым әдіс бойынша анықталған есту қабілеті нашар студенттер тәулігіне 2 сағаттан артық
құлаққаппен музыка тыңдайтындығы белгілі болды. Қорыта айтқанда, 24 студенттің 5 – есту қабілеті
нашар.