Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары


Key words : infection, Sivtsev-Golovin, syndrome, visual acuity, hearing acuity.    Кіріспе



Pdf көрінісі
бет565/617
Дата13.12.2021
өлшемі6,54 Mb.
#100264
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   617
Байланысты:
Сборник 24 апреля 2020 г

Key words
: infection, Sivtsev-Golovin, syndrome, visual acuity, hearing acuity. 
 
Кіріспе. 
Əлемдік ақпараттандыру процесінің алдыңғы бағыттарының бірі ‒ ақпараттық технологиялар 
саласы қоғамның барлық салаларына етене еніп, компьютерлік сауаттылық өсуі керектігін атап өтті. Енді 
заманауи ақпараттық құралдардың ішіндегі компьютер жайлы айта кетейік.  
Қазір  адамдар  қызмет  орнында  да,  үйде  де  компьютермен  жұмыс  істей  береді.  Оның  өмірімізге, 
кеңінен  енгені  соншалықты,  бала  біткен  ойыншықпен  емес,  компьютермен  ойнап,  өзінің  өміртанымын 
ғаламтордағы желі ішінде қалыптастырады. 
Қазіргі кезде әлемде 30% адамдарда көздің көру қабілеті төмен және бұл көрсеткіш жыл сайын өсуде. 
Компьютердің  көзге  әсері  бұл  жалғыз  ғана  әсер  емес  жаңадан  шыққан  ұялы  телефондар,  планшеттер, 
барлық  мүмкін  болатын  функцияны  атқаратын  теледидарлар  көру  анализаторына  әсерін  тигізбей 
қоймайды [1]. 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
284 
Халықаралық  денсаулық  сақтау  ұйымының  дәлелдеуінше,  бүкіләлемдік  ғаламтор  желісі  жеткін-
шектерге  физикалық,  психологиялық  жағынан  айырықша  зиянды.  Ең  алдымен  баланың  көру  қабілеті 
төмендейді, себебі, бұлшық еттері қатаймаған жасөспірімнің көздері шаршайды. Сондай-ақ, компьютер 
алдында көп отыру жас балдырғанның омыртқа сүйегін зақымдайды. 
Негізінен, компьютердің алдында отырып, жұмыс істейтіндердің шағымданатын сырқат белгілері екі 
топқа бөлінеді: 1. Көздің көру қабілетінің нашарлауы. 2. Бастың желке тұсының, мойын мен иық, жауырын, 
білектің ауруы. Көру қабілетінің нашарлауы оның бұлдырап, анық көрмеуі, өзіне түскен салмақтан күйген 
тәрізді ашып, қызаруы [2]. 
Көздің барлық қабілеті белгілерін біріктіріп, мамандар оны компьютерлік көру қабілетінің синдромы 
деп атайды. Дәрігерлердің айтуынша, компьютерлік көру қабілетінің синдромдары уақытша нашарлауына 
немесе күшеюіне, сезіну қабілетінің әлсіреуіне әкеліп соқтырады [3]. 
ХХ  ғасырдың  70  жылдарының  соңына  қарай  Жапонияда  шағын  плеер  ойлап  табылған  соң,  құлақ 
естуінің нашарлауы көбейді. Өйткені құлаққап арқылы сүйікті әуендерді тәулік бойы тыңдауға мүмкіндік 
туды.  
Мамандардың  айтуынша,  қазір  балалар  жиі  қолданатын  құлаққаптың  (наушник)  да  зияны  көп.  Ол 
құлақ тамырларын, жүйке талшықтарын тітіркендіріп, әлсіретеді. Бұдан микроциркуляция бұзылып, бірден 
сезіле  қоймайтын  жарақат  пайда  болады.  Бастапқыда  біліне  қоймайтын  ол  уақыт  өте  келе  инфекция 
әсерінен түрлі құлақ дертін өршітуі әбден мүмкін деседі. Дәрігерлер құлаққапты күніне 3 сағаттан артық 
пайдаланған  адамның  есту  қабілеті  әлсірейтіні  былай  тұрсын,  музыка  мен  сыртқы  дауысты  қатар 
тыңдаудан артық салмақ түсетін жүйке талшықтары тез тозатынын айтады [4]. 
Қазіргі кезде өркениетке өзін жақынмын деп санайтын кез келген қоғам мүшесі ең әуелі шет тілін 
немесе компьютер үйренуге талпынады. Неліктен? Өйткені, шет тілі мен компьютердің тетігін тапсаңыз, 
көптеген тірліктеріңіз оңайласты дей беріңіз, ғаламторға шығасыз, материал жинайсыз [5]. 
Компьютер  әсерінен  қолданушылардың  көру  қабілеті  төмендеумен  қатар,  дәрігерлер  тағы  бірнеше 
синдромдарды анықтайды. Олардың бірі ұзақ уақыт отыру синдромы, оның белгілері қол, мойын, белдегі 
ауру болып табылады [6]. Ыңғайсыз жұмыс қалпы кезінде дененің барлық бұлшық еттерінің ұзақ жиырылу 
жағдайы  байқалады.  Бұл  белдің  қисаюына  және  қаңқаның  басқадай  өзгеруіне,  бұлшық  ет  ұлпасының 
өсуіне әкелуі мүмкін.  
Компьютер  сіздің  үйіңізде  және  жұмысыңызда.  Ал  смартфон  қайда  жүрсеңіз  де,  жаныңызда. 
Кішкентай ғана дисплейге дастархан басында да, көшеде де, кафеде де, көлікте де тесіле қараймыз. Ал оның 
зияны компьютердің зиянынан асып түсетіні белгілі [7]. 
Смартфондағы сурет немесе мәтін біркелкі емес. Мәселен, өте ұсақ қаріпті оқу үшін міндетті түрде 
оны көзге жақындатамыз. Осы құбылысты зерттей келе ғалымдар 1997 жылға (бұл кезде смартфондар енді 
ғана шығып жатқан болатын) қарағанда қазіргі таңда смартфон қолданатын болғандықтан көру қабілеті 
35%-ға нашарлап кеткендігін айтып, дабыл қағуда. Бұл зерттеуді көз хирургы әрі "Фокус" деп аталатын 
лондондық клиниканың құрушысы Дэвид Алламби жүргізіпті. Дэвид өзінің еңбектерінде бұл құбылысты 
"экрандық алыстан көрмеушілік" деп те атайды [8]. 
Алыстан көре алмаушылық пен миопия адамда екі фактор бойынша кездесуі мүмкін: біріншісі ‒ тұқым 
қуалаушылық фактор, ал екіншісі ‒ жақын қашықтағы затты қайта-қайта қарай беру: мәселен, оқу. 
Адам смартфонды ұстаған кезде ол көзден 30 см алшақ болуы керек. Ал компьютер көзден 60 см алшақ 
болуы керек. Ережеде адам көзі теледидардан 3 метр алшақтықта болуы керек делінген. 
Смартфон  бетінен  оқып,  фильм  көріп  немесе  сайттарды  ақтарыстырып  қарап  жатқаныңызда  әр  20 
минут сайын көзді экраннан демалдыру қажет. Сонымен қатар көзді алысқа қаратып, мәселен 6 метрлік 
қашықтыққа қаратып, 20 секундтай демалдыру қажет. Телефонның шрифтін үлкен режимге қойған дұрыс. 
Егер шрифт үлкен болса, көзге де артық салмақ түспейді [8].  
Компьютердің  тағы  бір  жағымсыз  әсері  ‒  видеотәуелділік.  Италия  медиктері  11  жастан  18  жасқа 
дейінгі  балалардың  70%-да  осындай  белгілер  байқалған.  Видеоойындармен  ойнау  барысында, 
педиаторлардың  анықтауынша,  өзгеруші  суреттерге  көзді  бағыттау,  орталық  нерв  жүйесіне  түскен 
ауыртпашылық, шамадан тыс көпсағаттық назар аудару көздің қажуына алып келеді [9].  
Сонымен қатар компьютерден бөлінетін электромагниттік сәуле өте қауіпті. Медицина ғылымының 
докторы,  профессор  Ю.  Григорьев  алғаш  Ресей  конференциясында  осы  проблеманы  қозғады.  Оның 
айтуынша, компьютерден, ұялы телефондардан, теледидардан бөлінетін электромагниттік сәуле зиянынан 
деді. 
Адамдар поезда, лифт ішінде телефонмен сөйлесіп жатады. Ең зияны да осы екен. Ұялы телефонның 
антеннасы мұндай жағдайда жоғары деңгейде радиация шығарады. Бұл айналып келгенде адамның дене 


«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020 
285 
бөліктерін  қыздырып,  денсаулығына  кері  әсерін  беретін  көрінеді.  Тіпті  миында  қатерлі  ісіктің  пайда 
болуына әкеледі. Ұялы телефонмен ұзақ сөйлессеңіз, ол адам миын бір градусқа дейін қыздырады [10]. 
Компьютер  мен  теледидарды  үзбей  жақын  қашықтықтан  қарау  көзге  кері  әсерін  тигізсе,  үнемі 
құлаққаппен музыка тыңдап жүру құлақтың естуін әлсіретеді. Адам баласы айналасындағы ақпараттың 
негізгі бөлігін көру және есту мүшелері арқылы алады екен. Алайда, өкінішке орай, осы ақпарат көздерінің 
жағдайына  алаңдап,  болашағын  ойлап  жүрген  жан  көрінбейді.  Халықты  әлеуметтік  қорғау  саласының 
мамандары жыл сайын мүгедектік алатын жандардың артып бара жатқанын айтады.  
Елімізде 150 мыңға жуық жан көз жанары бойынша мүгедектік алса, тура осынша адам есту қабілетінің 
төмендеуінен зардап шегеді. Жалпы, құлағым аман болсын десеңіз, жиілігі 60 дециблден аспайтын әуен 
тыңдаған  жөн.  Ал  құлақты  тығындап  алу  ‒  есту  мүшесіне  артық  салмақ  салады.  Біз  музыканы  қатты 
шығарып алып тыңдағанды жақсы көреміз. Ал құлаққаптардың шығаратын дыбысы реактивті ұшақтар 
шығаратын дыбыспен пара-пар екен. Яғни 110 дБ-ден артық шу уақытша есту қабілетінен айырылуы мен 
құлақтағы ызыңды тудыру мүмкін. 
Есту  қабілетінің  басты  жауы  ‒  қатты  дыбыс.  Біздің  құлағымыз  40-45  децибл  шамасындағы 
дыбыстарды  қиналмай  қабылдайды.  Күнделікті  өмірде  түрлі  дыбыстар  естиміз,  оның  барлығы  бірдей 
өлшемі қалыпты дециблге сай келмейді. Адам күні бойы құлаққаппен жүрсе, есту қабілеті күрт төмендейді 
[11].  
Қатты  дыбыс  ‒  құлақтың  дыбысты  қабылдауға  жауап  беретін  клеткаларын  зақымдайды  да  есту 
қабілетінің нашарлауына әкелуі мүмкін.  
Құлақтың жарғағы зор дыбыстың ішкі құлаққа енуіне кедергі келтіреді. Егер қатты шыққан дыбыстар 
тым ұзақ уақыт ішкі құлаққа естіле берсе, онда оның бұлшық еттері әлсіреп, қорғай алмай қалады. Ал бұл 
жағдай өз кезегінде миға импульс жіберетін жасушаның зақымдануына әкеп соқтырады [12].  
Қатты дыбыстан ішкі құлақтағы талшықты клеткалар зақымдалады да, миға импульс бармай адам есту 
қабілетінен  айырылады.  Дыбыс  пайда  болған  кезде  талшықты  сенсорлы  клеткалар  ішкі  құлақтағы 
нейрондарды  стимулдеп  миға  импульс  жібереді.  Құлақта  қанайналым  төмен,  талшықты  клеткалар 
жойылып жаңа клеткалар түзілмейді [13].  
Қатты  дыбыстың  ұзақ  уақыт  әсерінен  құлақтың  дабыл  жарғағы  қозғалысқа  келтіріп  тұратын 
бұлшықеттерді  шаршатады  да,  төменгі  немесе  жоғары  жиіліктегі  дыбыстардың  әсерінен  туындайтын 
жиырылу функциясынан айырылады. Сонымен ортаңғы құлақта өңделмеген дыбыстық толқын бірден ішкі 
құлаққа  әсер  етіп  ұлулы  дененің  талшықты  нерв  клеткаларының  жойылуына  алып  келеді.  Осының 
нәтижесінен кереңдік пайда болады.  
Ғалымдардың зерттеуі бойынша, 2004 жылы және 2006 жылға дейін құлағын тығындап, көлік астына 
түсіп кеткен немесе ауыр жарақат алғандардың саны үш есе өскен.  
Мамандар  құлаққаптың  күніне  2  сағаттан  артық  тақса,  ауру  тудыратынынын  айтады.  Шудың  тура 
жарғақтың түбінен естілуі ‒ адамның жүйкесін жұқартумен қатар, оның жарғағын жарып жіберуі мүмкін 
екен.  
Кейбір деректерге сүйенсек, 80% адамдар құлаққап арқылы музыка тыңдауды әдетке айналдырған, 
21% күніне 1 сағаттан 4 сағатқа дейін уақыт бөлсе, қалған 8% одан да ұзақ уақыт арнайтынға ұқсайды [14]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   561   562   563   564   565   566   567   568   ...   617




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет