Қорытынды:
Экологиялық мәдениет қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімділікті орнатудың әдісі
болып табылады. Оны табиғатқа қатысты адамның позициясы ретінде, экологиялық сана қалыптасуының
белгісі, экологиялық ақпараттандырылғандықтың деңгейін көрсететін көрсеткіші, «адам – қоғам – табиғат»
жүйесіндегі байланысты үйлесімді етуге бағытталған халықтың белсенділігі ретінде анықтауға болады.
Қалыптасқан экологиялық жағдайда адам экологиялық мәдениеттің өсу жолымен, экологиялық білімді
дамыту жолымен жүру керек.
Экологиялық мәдениеттің қалыптасуында экологиялық білім беру жүйесі, тәрбие беру, бұқаралық
ақпарат құралдары маңызды рөл ойнайды. Білім беру барысында теориялық қана емес, сонымен бірге
тәжірибелік білім беру қажеттілігі анықталды.
Тәжірибе көрсеткендей, экологиялық мәдениет деңгейі әлі де болса төмен күйінде қалып отыр. Жас
ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мәселесін шешуді білім мен тәрбие өз мойнына алу
керек.
Экологиялық мәселелерді алдын алу үшін адам ретсіз дамудан, тиімді реттелген табиғат пен қоғамның
даму заңдарына, экологиялық этиканы, экологиялық өнегелілікті балалық шақтан бастап қалыптастыруға
негізделген дамуға өтуі тиіс. Тек осы кезде ғана адамзат қоғамының дамуы үздіксіз, ұзақ уақыттық,
бірқалыпты жағдайда, табиғи және әлеуметтік дағдарыссыз дамиды.
Достарыңызбен бөлісу: |