ДЕНЕ БЕЛСЕНДІЛІГІНІҢ ДЕҢГЕЙІ ƏР ТҮРЛІ СТУДЕНТТЕРДІҢ ГЕМАТОЛОГИЯЛЫҚ
КӨРСЕТКІШТЕРІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Ш.А. Балгимбеков
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
А.Н. Ильясова
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
К.И. Адамбеков
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
Р.Б. Кадырбеков
‒ Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті,
Дене шынықтыру және спорт кафедрасы, Алматы қ.
Аңдатпа.
Мақалада педагогикалық университетте оқитын 115 студенттің қазіргі білім беру ортасы жағ-
дайындағы дене белсенділігінің деңгейіне байланысты гематологиялық көрсеткіштерін талдау нәтижелері
баяндалған. Дене белсенділігі жоғары студенттердің қанында эритроциттердің жас түрлерінің –
ретикулоциттердің санының үлесінің аз қимылды өмір салтын ұстанатын студенттер тобымен салыстырғанда
көптеу екендігі белгілі болды (сәйкес 0,86% және 0,70%). Студенттердің дене белсенділігінің аз болуына
байланысты қандағы лейкоциттердің орташа мәні 16,4%-ға, нейтрофилді жасушалар үлесі 20,5%-ға қимыл
белсенділігі жоғары студенттерге қарағанда артық болды, ал тромбоциттердің орташа саны 242,1±23,2×10^3/µL
құрап, 11,9%-ға көп екендігі анықталды.
Түйін сөздер:
студент, дене белсенділігі, гипокинезия, қан, эритроцит, гемоглобин, лейкоцит, тромбоцит.
Достарыңызбен бөлісу: |