«Білім беру, дене мәдениеті, туризм және спорттағы инновация». Алматы, 24 сәуір 2020
296
Зерттеу жұмысы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде оқитын 115 ерікті
студенттің қатысуымен жүргізілді. Студент жастардан алынған қан сынамаларын тереңірек талдау
мақсатында қан көрсеткіштері кешенін анықтау үшін жүргізілген зерттеулер «Sysmex XT-2000i» гема-
тологиялық анализаторында орындалды. Бұл құралда қан көрсеткіштерін анықтау гидродинамикалық,
ағымдық цитометрия және SLS-гемоглобин әдістеріне негізделген.
Біздің зерттеу жұмыстарымызбен қамтылған студенттерден алынған қан сынамаларында төмендегі
гематологиялық көрсеткіштер анықталды:
1. RBC (red blood count) ‒ қызыл қан жасушалары,10^6/µL бойынша анықталады;
2. HGB(hemoglobin) ‒ гемоглобин, g/dL бірлігімен өлшенеді;
3. HCT (hematocrit) ‒ гематокрит, % бірлікте өлшенеді;
4. RET – ретикулоциттер, % немесе 10^6/uL бойынша өлшенеді;
5. WBC (white blood cells) – лейкоциттер,10^3/µL;
6. NEUT ‒ нейтрофил жасушалары,10^3/uL немесе % бойынша өлшенеді;
7. LYMPH – лимфоциттер, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді;
8. MONO ‒ моноциттер, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді;
9. ЕО ‒ эозинофильді жасушалар, 10^3/uL немесе% бойынша өлшенеді;
10. BASO ‒ базофильді жасушалар, 10^3/uL немесе % бойынша өлшенеді;
11. PLT (platelet) – тромбоциттер, 10^3/µL өлшенеді.
Зерттеулер барысында жинақталған нәтижелерді статистикалық өңдеу Microsoft Excel бағдарламасын
пайдалана отырып PC Pentium дербес компьютерінде орындалды. Статистикалық талдау барысында
орташа арифметикалық параметрлер, орташа квадраттық ауытқу және орташа арифметикалық қателік
көрсеткіштері есептелді. Салыстырмалы көрсеткіштердің арасындағы айырмашылықтың нақтылығы
Стьюдент өлшемінің (t) көмегімен анықталды.
Зерттеу жұмысымыздың мақсатына сай студенттердің гематологиялық көрсеткіштерін дене белсен-
ділігінің деңгейіне сәйкес талдадық. Ол үшін тексерілген студенттерді 2 топқа бөлдік:
I топ – бұл топтағы студенттердің қимыл белсенділіктері шартты «төменгі» деңгейде, яғни күнделікті
оқу және тұрмыс жағдайында орындалатын қимыл-қозғалыс түрлерімен шектеледі, студент дене тәрбиесі
сабағына жүйелі түрде қатыспайды, өз бетімен дене шынықтырумен немесе спортпен айналыспайды.
II топ – қимыл белсенділіктері шартты «жоғары» деңгейде, яғни студент белсенді өмір салтын
ұстануымен сипатталады, оқу және күнделікті тұрмыс жағдайында қажетті қимыл-қозғалыс түрлерінен
басқа дене тәрбиесі сабағына жүйелі түрде қатысып, дене шынықтырумен және спорттың бір түрімен
шұғылданады.
Төмендегі 1-кестеде келтірілген мәліметтерден дене белсенділігі шартты жоғары студенттер тобында
эритроциттердің жас түрлерінің – ретикулоциттердің санының үлесінің аз қозғалысты өмір салтын
ұстанатын студенттер тобымен салыстырғанда көптеу екендігін көруге болады (сәйкес 0,86% және 0,70%).
Екі топ арасында эритроциттер саны, гемоглобиннің мөлшері және гематокрит көрсеткіштерінде
статистикалық тұрғыдан нақты айырмашылық байқалмады (p>0,05).
Жетілмеген ретикулоциттер (IRF) көрсеткіші бойынша дене белсенділігі жоғары студенттер бірінші
топ студенттерінен 2,44 есеге артық нәтижелер көрсетті (p<0,01).
Сонымен біздің салыстырмалы талдауымыздың нәтижелері дене белсенділігі төмен студенттердің
қанында жас эритроциттер мен ретикулоциттердің азая бастағанын көрсетті. Бұл құбылысты организмдегі
«эритропоэздің бейімделген тежелуі» деп атайды, яғни эритроциттердің жасалу үрдісі қимыл
белсенділігінің азаюына сәйкес деңгейде жүре бастайды.
Студенттердің дене белсенділігі деңгейіне байланысты өзгерістер ақ қан жасушалары –
лейкоциттердің көрсеткіштерінде де анықталды (2-кесте).
Достарыңызбен бөлісу: