«Әдеби шеңбер» әдісі
Қажетті жабдықтар:
Флипчарт,
түрлі-түсті қарындаштар, стикерлер
Тапсырманы
орындау
барысы:
сыныпты топқа бөлу, топ мүшелеріне
рөлдерін бөліп беру.
Тиімділігі:
әдеби көркем шығармаға
анализ жасау,оқыған шығарманы
өмірмен байланыстыру.
Қолданылуы:
Әрбір шеңберде бес түрлі роль бар; егер кейбір
топтарда бес адам болмаса, сіз бір немесе екі оқушыға екі роль бере
аласыз, немесе кейбір рольдерді алып тастай аласыз. Оқушылардың
рольдерді
ауыстырып
отырғандығына
көңіл
аударыңыз. Сол кезде уақыт өте келе олардың
әрқайсысы әдебиетті талдау іс-әрекетінің түрлі
аспектілеріне көз жеткізе алады.
Мәтінді оқыған соң (сыныпта немесе үйде),
әрбір оқушыға топ ішінде бір роль беріп, оларға топ ішіндегі роліне
дайындалуға 20-25 минут уақыт беріңіз. Уақыт өткен соң, сынып
толығымен пікір алмасуға жиналады. Әдеби шеңбер арқылы
сыныпта үлкен талқы жүргізуге мүмкіндік туады.
А-4 парақты 8
бөлікке бөліп, әр бөлікке өзі туралы маңызды ақпаратты толтырады.
Мәліметтерді толықтырып болған соң, бүкіл топ мүшелерінің
біреуінен ұқсастықты байқау, саралау, мәліметті толықтырады.
Достарыңызбен бөлісу: |