41
Халифа және қасына жиналған адамдар мешітке келіп кірді.
Азаншы намазға шақырғаннан кейін ме шіт мұсылмандарға толды.
Халифа мінберге шығып Алланы мадақтап, Пайғамбарына сәлем
мен салауат жолдады:
– Халайық! Маған бұл мансапты менің пікірімді алмай беріп
отыр. Мен осылай болсын деп талап еткен емеспін. Бұл мұсылман
-
дар кеңесінің ұйғарымымен де шешілген нәрсе емес. Сондықтан
сіздер маған берген анттарыңызды кері алыңыздар. Өздеріңізге
лайық
халифа сайлаңыздар, – деді. Халық шулап қоя берді:
– Сені таңдадық, Әмирүл-мү минин, сені лайық деп таптық,
біздің антымызды қабыл ал, бізге билік жүргізуді өзіңнің борышың
деп біл, – деп,
жан-жақтан айғайлап, бір ауыздан тілек айтты.
Айғай басылып, жүректері тынышталғанын сезген кез
-
де, халифа Алланы тағы да мадақтап, Пайғамбары Мұ
-
хаммедке сәлем және салауат жолдады. Адамдарды тақу
-
алыққа шақырды. Дүниені қойып, Ақыретке дайындалуға
бұйырды. Өлімді естеріне салып, қа тайған жүректерді жібітті,
көздерінен жас шығартты. Оның көкейінен шыққан сөз тыңда
-
ушылардың жү ректеріне барып сенім боп ұялады. Шаршаған дау-
сын
көтеріңкіреп,
адамдардың
бәрі
естісін
деген-
дей, дауыс тап:
– Әй, Адамдар! Аллаға бойсұнған адамға басқа лардың бойұсы
-
нуы – уәжіб. Алланың әміріне бағын бағандарға ешкім де бағынбау
керек. Өздеріңізге қатыс ты істерде Алла әміріне бағынған бойда
маған да бойсұныңыздар. Ал мен Алланың әмірінен шыққан кезде
маған бағынбауларыңызға болады. Мінберден түсіп, үйіне қарай
беттеді. Халифа қайтқалы бергі шар ша ғанын басу үшін бір сағат
болса да тынығып алайын деп үйіне кіріп кетті.
Бірақ Омар ибн Абдүләзиз төсегіне жантая бергенде жасы он
жетіге де жетпеген баласы Абдүлмәлик кіріп келіп:
– Әмирүл-мүминин енді не істейді? – деп сұ рады.
– Балам, денемде ешқандай қуат қалмады. Біраз тынығып алайын.
– Әмирүл-мүминин! Зұлым дықпен алынған құқық тар өз ие
-
леріне қайтарылмай тұрып тынық пақсыз ба?
– Кеше түнде ағаң Сүлейменді ойлап қайғырып, көз ілмей
шықтық. Түскі намаздың уақыты кір сін. Халықпен бірге намаз
оқып,
Алла қаласа, жәбір ленушілердің құқығын да қайтарамыз.
– Түске дейін өмір сүретініңізге кім кепіл?
42
Бұл сөз Омардың жүрегіне оқтай қадалды. Ұйқысы ашылып
кетті.
Денесіне қуат бітіп, жұмыс істеуге қайта құлшынды.
– Балам, жақын отыр, – деп ұлын құшақтап, дінімде көмекте
-
сетін ұрпақ берген Аллаға мың шүкір, – деді.
Адамдарды жинап, зұлымдықпен алынған дүние ле рі болса,
шағымдансын деп жар салуға бұйырды.
* * *
Бұл Абдүлмәлик кім болды? Әкесін жолға салған, дінге тартқан,
тақуалыққа үйреткен баланың өмірі қа лай өтті. Осыған тоқталай
-
ық.
Омар ибн Абдүләзиздің 12 ұлы, 3 қызы болған екен. Әрқайсысы
тақуалықта, сӘлиқалықта үлкен биікке жет кен. Бірақ Абдүлмәлик
– олардың ортаншысы, шоқ жұл дызы болатын. Жастайынан тақу
-
алыққа бейімделіп, ұлдардың ішінде келбеті жағынан Әл-Хаттаб
-
тар әулетіне жақын, әсіресе Алладан қорқуда, Аллаға ғибадатпен
жақын болуда Абдуллаһ ибн Омарға тарт қан еді. Алла оларға разы
болсын.
Немере ағасы Асим былай дейді:
Дамашыққа барып, бойдақ бауырым Абдүлмәлик тің үйіне
түстім. Түнгі намазды бірге оқып, әркім өз төсегіне барып жат
-
ты. Абдүлмәлик тұрып шамды өшірді. Екеуіміз де ұйқыға беріл
-
дік. Түн ортасында оянып қарасам, қараңғыда намаз оқып тұрған
Абдүлмәликті көрдім. Ол Құранның мына аятын оқып жатты:
Достарыңызбен бөлісу: