Табигиндер


Мәриям жүкті болды да үйінен алыс бір жаққа кетіп қалды



Pdf көрінісі
бет52/63
Дата14.12.2021
өлшемі2,79 Mb.
#100447
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63
Байланысты:
ТАБИҒИНДЕР ӨМІРІНЕ ӨНЕГЕЛЕР

Мәриям жүкті болды да үйінен алыс бір жаққа кетіп қалды. 
Қатты  қысқан  толғақтың  салдарынан  бір  құрма  ағашының 
түбіне келді. «Бүйтіп қиналғанша, бұрын өліп қалмаған екем! 
–  деді  Мәриям  –  Атым  өшіп,  ұмыт  болған  біреу  болғанымда 
ғой».
Құрма ағашының түбінен Жәбірейілдің даусы естілді: «Қа-
мықпа,  Раббың  сенің  астыңнан  бір  бұлақ  шығарды.  Құрма 
ағашын сілкі, саған оның жаңа піскен жемісі төгіледі»,
 – де
-
ген  аяттарды  оқып  бергенде,  Ән-Нәжәши  жылап  жіберді.  Көз 
жасы сақалын су қылды. Оған қосыла ақсақалдар да кітаптарын 
су қылғанша жылады. Ән-Нәжәши Амр ибн Әл-Ас пен серігіне қа
-
рап:
–  Бізге  оқылған  сөздер  мен  Исаға  түскен  сөздер  бір  қайнар
-
дан шығып тұр. Сендерге бұларды ешқашан тапсырмаймын. Тірі 
тұрғанда бұндайға жол бермей мін, – деді.
Орнынан тұрғанда бәрі қосылып  бір ниетпен тұрды. Мәжіліс 
бітті. 
***
Амр ибн Әл-Ас ызадан булығып шықты. Серігіне:
–    Уаллаһи,  ертең  міндетті  түрде  Ән-Нәжашимен  жолы ғып, 
бұлардың тамырын жұлдырып, жойып жіберетін сөздер айтамын, 
– деді. Одан мейірімдірек серігі:
–  Амр,  олай  істеме.  Бізге  қарсы  шықса  да,  араларында  ағай
-
ын-туысымыз бар ғой, – деді. Амр: 
–  Уаллаһи, Мәриямның ұлы Иса жайында кейбір нәр селерді 
айтып, кейбір нәрселерді жасырып қал ға нын айтамын. Оны – құл 
деп тіл тигізгендерін айтамын. 


 204 
Ертесіне Амр Ән-Нәжәшидің алдына тағы да кірді. 
Жоғары мәртебелі, кеше сізге ұнайтын жағын айтып, ұнамай
-
тын жағын жасырды. Олар Мәриямның ұлы Исаны «құл» деп ай
-
тады. 
Ән-Нәжәши оларды шақы рып алып:
– Иса ибн Мәриям жайында не айтасыңдар? – деп сұрады. Жағ
-
фар ибн Әбу Талиб былай деп жауап қатты:
– Пайғамбарымызға (с.а.у.) түскен сөзді ғана айтамыз.
– Оған не түсіпті?
– Ол – Алланың құлы һәм Пайғамбары және ары таза қыз Мәри
-
ямның құрсағына Алланың салған сөзі. 
– Исаның сен айтқаннан тырнақтай айырмашы лы ғы жоқ. 
Ақсақалдар оның сөзін қолдамай, өзара ұрысып-керісіп кетті. 
Оларға ала көзбен қарап: 
– Сендер қолдамасаңдар да, – деп, Жағфарға қарап, – Сендер 
менің жерімде амансыңдар. Бара беріңдер. Кім тиіссе, жазаланады, 
ескертемін, кім қол көтерсе, жазаланады. Маған таудай алтын бер
-
се де, сендердің шаштарыңнан қыл алуға рұқсат бермеймін, – деп, 
қыз метшілеріне: Амр мен серігі әкелген сыйлықтар ды қайтарып 
беріңдер. Мұқтаж емеспіз. Алла Тағала осы патшалығымды маған 
нәсіп еткенде менен пара алған жоқ. Алланың ісінде, Оған бағын
-
бай, адамдарға бағынуым үшін Алла адамдарды маған бағынды
-
рған жоқ, – деді. 
Ақсақалдар  халық  арасында  Ән-Нәжәшидің  дінінен  безгенін, 
басқа дінді қабылдағанын айтып өсек таратып, оны тақтан түсіру
-
ге  шақырды.  Хабаштықтар  оған  қарсы  көтеріліп,  тақтан  кетуін 
талап  етті.  Ән-Нәжәши  Жағфар  ибн  Әбу  Талибке  адам  жіберіп, 
жағдайды тү сіндірді. Оларға кеме дайындап:
–  Мынаны  мінесіңдер,  не  болса  да  дайын  болыңдар.  Жеңіліп 
қалсам, қалаған жерлеріңе кетіңдер. Жеңіп шықсам, осында қала
-
сыңдар, – деді. Кейін киік терісі нен жасалған рақ (сол кездегі қағаз 
ретінде  қолданы латын  жұқа  тері)  алдырып,  былай  деп  жазды: 
«Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед Оның құлы әрі пайғамба-
 
ры екеніне куәлік беремін. Және Иса оның құлы және елшісі екені
-
не,  Мариямның  құрсағына  Алланың  салған  сөзі  еке ніне  куәлік 
етемін»  деп  жазып,  рақты  қойнына  салып,  шапанын  иығына 
лақтырып, көтерілісшілердің алдына шықты. 
– Хабаш халқы! Сендермен қандай қатынаста едім? 


 205 
Жақсы қатынаста едің, – деді жиналғандар.
– Не үшін маған қарсы көтерілдіңдер?
– Исаны құл деп діннен шықтың.
– Сендер Иса жайында не дейсіңдер?
– Оны – Алланың ұлы дейміз, – деді. Ән-Нәжәши көкі регіндегі 
раққа қолын қойып:
– Иса мына қағазда жазылғаннан артық та, кем де емес, – деді.
Адамдар айтқанына риза болып, жүректері орнына түсіп, тарап 
кетті. 
***
Пайғамбар  (с.а.у.)  Ән-Нәжәши  мен  қауымы  арасында  болған 
оқиғаны естіп қатты толғанды. Еліне көшіп барған мұсылмандарға 
қорған болғанын жоғары бағалап, Исламды жақын тұтып, Құранда 
келген аят тарға сенгеніне қатты қуанды. Осылайша екеуінің ара
-
сында қатынастар басталып, нығая түсті.  
Һижраның  жетінші  жылының  бірінші  айында  Алла
-
ның  Елшісі  (с.а.у.)  жер  бетіндегі  ең  ірі  алты  пат шаға  Алла
-
ның  дініне  шақырып  хат  жіберуге  ниет  етті.  Әрқайсысын  Ис
-
ламға  үгіттеп,  иманның  пайдасын  айтып,  күфір  мен  серік 
қосудың  зиянын  түсіндіріп  хат  жазды.  Бұл  жұмысты  орындау 
үшін  алдыңғы  қатар да ғы  алты  сахабаны  тағайындады.  Бәрі  бір 
күнде  міндет терін  орындауға  жолға  шықты.  Хабаштың  патша -
 
сына жіберілген елші – Амр ибн Үмәйяһ Әд-Думәри болды.
Амр  ибн  Үмәйяһ  Ән-Нәжәшидің  алдына  кіріп,  мұсыл манша 
сәлем берді. Пайғамбардан (с.а.у.) елші келгеніне қатты қуанған 
Ән-Нәжәши  жылы  шыраймен  күтіп  алды.  Мәжіліс  басталғанда 
Амр Ән-Нәжәшиге Пайғамбардан (с.а.у.) әкелген хатты ұсынды. 
Ән-Нәжәши хатты ашып оқыды. Онда оны Исламға шақы рыпты. 
Біраз Құран аяттары жазылыпты. Ән-Нәжәши хатқа құрмет көр
-
сетіп, маңдайына басты. Өзіне жібе рілгендерге кішіпейіл дік та
-
нытып, көпшігінен түсті. Адамдардың көзінше Исламға кіргенін 
жариялады. Хақ куәлігін келтірді.  
– Қолымнан келсе, Пайғамбардың (с.а.у.) алды на барып, аяғына 
басымды қояр едім, – деп Алланың Елшісінің (с.а.у.) шақыруын 
қабыл алып, Пайғамбарлығының рас екеніне иман келтіретінін ай
-
тып хат жазды. Сол кезде Амр ибн Үмәйяһ Пайғамбардың (с.а.у.) 


 206 
тағы  бір  хат  ұсынды.  Оның  ішінде  Пайғамбардың  (с.а.у.)  Әбу 
Суфянның қызы Рамләһқа үйленуге ниет білдіргені  мен ол кісінің 
(Ән-Нәжжәшидің) соған атсалысуын өтінілгені жазылыпты.
Рамләһ бинті Әбу Суфянның өмірі алғашқыда қай ғылы, соңын
-
да қуанышты болды. «Үмму Хабиба» деп танылған мұсылмандар
-
дың анасының Пайғамбарымызға қосылуы жайында айтып кетей
-
ік.
Құрайыш  руының  көсемі  Әбу  Суфянның  Рамләһ  деген  қызы 
болатын.  Әкесінің  дінінен  шығып,  пұттарына  күпірлік  жасады. 
Ол  және  күйеуі  Убайдуллаһ  ибн  Жахш  серігі  жоқ  Аллаға  иман 
келтіріп,  Оның  Пайғамбары  Мұхаммедтің  (с.а.у.)  Раббымыздың 
елшісі екеніне сенді. Әкелері Құрайыштың көсемі болғандықтан, 
бұларға  ең  ауыр  жаза  қолданылды.  Азапталған  жұбайлар  Мек
-
кеде  көп  уақыт  тұра  алмады.  Олар  Алла  Тағалаға  һижрат  еткен 
мұсылмандармен бірге қашып кетті. Ән-Нәжәшиге көшіп келген 
мұсылмандардың қатарында болып, қалған иман келтірушілер си
-
яқты  жақсылық  көріп,  тұрақты  өмір  сүріп  жатты.  Үмму  Хабиба 
бұрынғы аянышты өмірдің бәрі артта қалды деп ойлады. Бірақ ал
-
дында тағдыр не дайындап тұрғанын білмеді. 
Даналығы шексіз Алла Тағала оны ақылдан адас  тыратын үлкен 
сынаққа салды. Убайдуллаһ ибн Жахш дінінен шығып, шоқынып 
кетті.  Ислам  мен  мұсыл  мандарды  келеке  қылатын  болды.  Оның 
үстіне  арақханалардан  шықпай,  маскүнемдікке  салынып,  ішім -
дікке тоймайтын әдет шығарды.
Үмму  Хабибаға  үш  жағдайдың  бірін  таңдау  керек  болды:  не 
күйеуіне  бағынып  шоқынып  дүниеде  бақытсыз  ғұмыр,  ақыретте 
азап  тарту,  немесе  мүшрик  әкесінің  қолына  барып  азапталу,  не 
осы  Хабашта  үйсіз,  жайсыз  қызы  екеуі  жалғыз  қалу.  Бәрінен  де 
Алланың  ризашылығын  таңдап,  Раббымыздың  көмегі  келгенше 
Хабашта қалуға бел буды. 
Үмму Хабибаның қайғылы халі көпке созылмады. Күйеуі арақ 
ішіп жүріп қаза тапты. Аза тұтқан уақыты өтісімен Алланың көме
-
гі келді. Бір күні түс ауа біреу есігін қақты. Ашса Ән-Нәжәшидің 
қызметшісі Абраха тұр. Сәлем беріп:
– Патша сәлем айтып жатыр. Оған Алланың Ел шісімен сізді үй
-
лендіруге өтініш тапсырылыпты. Өзіңе өкіл ретінде қалаған кісіні 
таңда. 
Рамләһ қуаныштан жүрегі жарылып кете жаздады. 


 207 
–  Алла  өміріңді  ұзақ  қылсын.  Сүйіншің  дайын!  ХӘлид  ибн 
Сағид ибн Әл-Асты өкіл етемін, осы өлкеде маған ең жақын адам, 
– деді.
***
Үмму Хабибаның Пайғамбармен (с.а.у.)  некелесу рәсімін көру 
үшін  Ән-Нәжәшидің  сарайына  Хабашта  тұратын  мұсылмандар 
жиналды.  Қонақтар  жи нал ғаннан  кейін  Ән-Нәжәши  Алланы  ма
-
дақтап, Оған мақ таулар жеткізді. 
– Пайғамбар (с.а.у.) Рамләһ бинті Әбу Суфянды өзі мен үйлен
-
діруді сұрады. Айтқанын орындап отырмын. Оның атынан төрт жүз 
динар алтын мәһір төлеймін, – деді. Кейін Хәлид ибн Сағид ибн Әл-
Ас Аллаға бой ұсынып, одан көмек сұрады. Пайғамбарға салауат
 
айтты. 
–  Пайғамбардың  (с.а.у.)  өтінішін  орындап  отырмын.  Өкілдік 
жасап  отырған  Рамләһ  бинті  Әбу  Суфянды  үйлендіремін.  Алла 
Тағаланың жақсылығына бөлен генімен құттықтаймын. 
Ән-Нәжәши өз кемелерінен екі кеме дайындап, Ұммүл–мүми
-
нин  Рамләһ  пен  қызы  Хабибаны  және  сахабаларды  отырғызып 
жіберді. Алла пен Елшісіне иман келтіріп,  Пайғамбармен (с.а.у.) 
кез десуге ынтығып жүрген, қасында тұруға және артында намаз 
оқуға  құштар  эфиопиялықтар  даолармен  ілесіп  жолға  шықты. 
Ән-Нәжәши  оларға  әмірші  ретінде  Жағфар  ибн  Әбу  Талибты 
тағайындады. Рамләһқа көптеген сый лықтар берді, әсіресе әйел
-
дер қолданатын иіс май ларының барлық түрін тарту етті. Сонымен 
қатар,  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  біраз  сыйлықтар  жіберді.  Олар-
дың ішінде ең әсем үш аса таяқ бар еді. Пайғамбарымыз (с.а.у.)  
біреуін өзіне алып, екеуін Омар мен Әлиге берді. Сол таяқты Биләл 
(р.а.)  Пайғамбарымыздың  алдында  алып  жүретін  еді.  Мешіт  не
-
месе қыбыланы анықтайтын ғимарат болмаған кезде немесе Пай
-
ғамбар (с.а.у.)  сапарда жүрген кезде, айт намаздарында және жаң
-
быр  сұрау  намаздарында  иқамат  келтірілген  кезде  алдына  қадап 
қоятын. Сол таяқты Биләл ибн Рабах (р.а.) Әбу Бәкір Сыддықтың 
(р.а.) да алдында алып жүрді. Омар Халифа болған кезде, кейін
-
нен Осман ибн Аффан дәуірінде де Сағд Әл-Құрази алып жүріп, 
дәстүрді жалғастырды. 
Сонымен  қатар,  Ән-Нәжәши  Пайғамбарымызға  (с.а.у.)  алтын 
жүзігі бар әшекейлер сыйлады. Алға нымен өзі тақпай, Зәйнәбтан 


 208 
туған немере қызы Үмамаға беріп: «Қызым, сен тақ», – деді.
Меккені алуға аз уақыт қалғанда, Ән-Нәжәши Раб бы сының жа
-
нына аттанды. Пайғамбарымыз (с.а.у.) сахабаларды жаназа нама
-
зын оқуға жинап былай деді:
– Бауырларың Әсхамәһ Ән-Нәжәши қайтыс болды. Оған жаназа 
намазын оқыңдар, – деді.
Өзі имамдыққа шығып, ғайыбтан жаназа намазын (басқа елде 
қайтыс болған адамға оқылатын жаназа) оқыды. Пайғамбарымыз 
(с.а.у.) бұған дейін де, кейін де ғайыбтан намаз оқымады. 
Алла  Тағала  Әсхамәһ  Ән-Нәжәшиге  разы  болсын! 
 
Ол – Алланың разылығын алған адам. Нағыз тұрағы жәннат бол
-
сын! Әлсіз мұсылмандарды күшті етті, қа терден қауіпсіз етті. Бұл 
істерін ол тек Алла разылы ғы үшін істеді. 


 209 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   63




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет