РУФӘЙҒ ИБН МИҺРАН
Әбүл-Алияһ
«Сахабалардан кейін Құранды Әбу Алияһтан жақсы білетін ешкім болма-
ды, сосын одан кейінгі орында Сағид ибн Жүбәйр болды»
(Әбу Бәкір ибн Дәуід).
Әбүл-Алияһ деген күнялы Руфәйғ ибн Миһран мұсылман ғұла
-
маларының бірі. Қарилар мен хадис шілер ішінде әсемдерінің
әсемі. Тәбиғиндердің арасында Алла кітабын ең жақсы білетін,
Пайғамбардың (с.а.у.) хадистерін ең көп меңгерген, Құран Кәрімді
ең жақсы түсінетін әрі мағынасына терең бойлайтын, мақсаттары
мен құпияларын терең зерттеген ғалым еді.
Оның өмірін басынан бастап қарастырайық.
Өмірі өнегеге, уағыз бен ғибраттарға толы еді.
Руфәйғ ибн Миһран Парсы елінде дүниеге келді. Сонда өсіп
жетілді. Парсы халқын қараңғылықтан жа рыққа шығару үшін жа
-
салған алғашқы жорықтарда Руфәйғ мұсылмандардың мейірімді
қолына түсіп, олар дың мейіріміне бөленген, қайырымды құ
-
шақтарына түс кен жас құлдардың бірі еді. Жас құлдар Исламның
ұлылығын көріп, пұтқа табынуды қойып, Алланың дініне топ-топ
болып кіре бастады. Кейін Алланың кітабына ден қойды. Алла Ел
-
шісінің (с.а.у) хадистерін мең ге ре бастады.
Бұл кездер туралы Руфәйғтың өз аузынан айтыл ған деректер
бар.
Мен және бір топ отандастарым мұсылман жауын герлердің
қолына тұтқынға түстік. Көп ұзамай Басра қаласындағы мұ
-
210
сылмандарға құл болып аттандық. Алла Тағалаға иман келтіріп,
Құран Кәрімді жат тауға кірістік. Біздің арамызда иелеріне жұ
-
мыс істеп, салық төлейтіндер мен оларға қызмет қылып жүре-
тіндер бар еді. Олардың бірі мен едім. Құран Кәрімді бір түнде
бастан-аяқ оқып шығушы едік. Күн сайын осылай оқу бізге қиын
еді. Кейін екі түнде хатым қылатын болдық. Ол да қиынға соқты.
Үш түнде бітіретін болдық. Бі рақ күндізгі жұмысымыз ауыр
болғандықтан, оған да шамамыз келмей қалды. Күндіз жұмыс
істеп, түнде ұйықтамай, өміріміз қиындап кетті. Пайғамбарымыз-
дың (с.а.у.) сахабаларымен жолығып, Алланың кіта-
бын оқуда қиналып жүргенімізді айттық. Олар бізге:
– Әр жұма бір рет қайталаңдар, – деді.
Біз солай жасадық. Түннің бір бөлігінде Құран оқып, қалған
уақытта ұйықтадық. Содан кейін бізге қиын болмады.
Соңғы рет Руфәйғ ибн Миһран Тәмим тайпасы ның бір әйелінің
құлы болды. Бұл әйел кеңпейіл, парасатты кісі еді. Иманды әрі
тақуа еді. Күндіз біраз қызмет қылып демалатын еді. Бос уақыт
-
тарында сауатын ашып, діни ғылымдарды меңгере бастады. Оқуы
оның жұмысына кедергі болмады, әйелдің құқығына нұқсан кел
-
тірмеді.
Күндердің бір күні, жұма күні Руфәйғ дәрет алып, ханымнан
рұқсат сұрауға келді.
– Руфәйғ, қайда шықтың? – деп сұрады.
– Мешітке барамын.
– Қай мешіт?
– Жұма мешітіне.
– Жүр, бірге барайық, – деді кемпір.
Олар мешітке жамағатпен бірге кірді. Ол әйелдің не мақсатпен
бірге келгенін білмеді. Халық жиналған кезде, әлгі әйел көпшілік
-
тің алдына шығып былай деді:
«Мұсылман жамағат! Мына құлыма Алла Тағаланың сауабы,
ризашылығы және кешірімі үшін бос тан дық беремін. Ол бүгіннен
бастап азат, ешкімнің оны меншіктеуге құқығы жоқ».
Намаз біткеннен кейін екеуі екі жаққа кетті.
***
Руфәйғ ибн Миһран сол күннен бастап Мәдинеге жиі ке
-
летін болды. Әбу Бәкір Сыддықпен (р.а.) өмірден өтерінен аз
уақыт бұрын жолықты. Әмирүл-мүминин Омармен жолығып,
211
оған Құран оқып беріп, артынан на мазға ұйыды. Руфәйғты ара
-
бтар «Әбүл-Алияһ» деген күниямен атайтын. Алланың кіта
-
бын зерттеп, Пайғамбар (с.а.у.) хадистерімен айналысты. Пай
-
ғамбар (с.а.у.) хадистерін Басрадағы тәбиғиндердан тыңдай
бастады. Бірақ өзі де риуаят етуге жарап қалғанын біліп, Пайғам
-
бардың (с.а.у.) сахабаларының өз аузынан есту үшін Мәдинеге жиі
баратын болды. Яғни, Пайғамбар (с.а.у.) мен өзінің арасында бір-
ақ буын – сахабалар буыны болды. Хадис алған сахабалар: Абдул
-
лаһ ибн Масғұд, Үбәй ибн Кәғб, Әбу Әйюб Әл-Әңсари, Әбу Һу
-
райраһ, Абдуллаһ ибн Аббас және тағы басқа сахабалар.
Әбүл-Алияһ Мәдинедегі хадис риуаятшыларына тоқта
-
лып қана қоймай, Пайғамбар (с.а.у.) хадистерін басқа жерлер
-
ден де іздеді. Біреудің білімі жоғары деп естісе, қаншалықты
ұзақ болса да түйесіне мініп, соған баратын. Барған кісінің ар
-
тына тұрып намаз оқитын. Намазында кемшілік болса, сол жер
-
ден кетіп қалатын. Намазында олқылық болған адамның қалған
істерінен не қайыр дейтін. Таяғын қолына алып басқа жолға
аттанатын.
Осылайша ғылым, білім іздеп, ғасырында теңдесі жоқ ғалым
болды. Бұл жайында достарының бірі былай дейді:
Әбүл-Алияһтың дәрет алып жатқанын көрдім. Жү зінен және
қолынан су тамшылап тұр. Дәретсу барлық ағзаларына тигеніне
дәлел ретінде су тамшылары жылтырап тұр. Сәлем беріп, былай
дедім:
– Сөзсіз, Алла Тағала тәубе келтірушілер мен тазаланушылар
-
ды сүйеді.
– Бауырым, мұнда денесінің кірін сумен тазалаған-
дар емес, күнәдан тақуалық арқылы арылатындарды айтып тұр.
Осыдан кейін мен ойланып, оның сөзі рас екенін, қате жібер
-
генімді іштей мойындадым.
– Алла разы болсын, біліміңе білім қоссын, – дедім.
Әбүл-Алияһ адамдарды білім талап етуге үгіттеп, білімге қалай
жету жолдарын көрсететін:
– Ғылымға өздеріңді бейімдеңдер, көп сұрақ сұ раңдар. Ғылым
ұялшаққа немесе көкірегін керген адамға сырын ашпайды. Ұял
-
шақ ұялғаннан сұрамаса, менмен тәкаппарлығы ұстап сұрамайды
– дейтін. Шәкірттерін Құранды үйренуге, оны баптап оқуға, он
-
212
дағы үкімдер мен шарттарды орындауға шақырып, ол жайында не
-
гізсіз сөздерге бет бұрып, жолдан таймауға шақыратын.
– Құранды үйреніңдер. Үйренсеңдер, одан қаш паңдар. Ол –
Ислам. Тура жолды ұстаныңдар. Алланың кітабы мен Пайғамбар
(с.а.у) хадистеріне қайшы келетін пікірлерден сақ болыңдар, олар
сендердің араларыңа дұшпандық пен қастандық тудырады. Алла
Елшісі (с.а.у.) сахабаларының бөлінбей тұрып келіскен істе рінен
ауытқымаңдар.
Бұл сөздерін кейбіреулер Әл-Хасан Әл-Басриге жеткізіпті, сон
-
да ол:
– Дұрыс насихат берген екен, – депті.
Ол – Құран жаттаудың ең оңай әдісін үйрететін. Құранды бес
аяттан жаттаңдар. Осылай етсеңдер зейін деріңе жеңіл, түсіну
-
леріңе де оңай болады. Жәбрейіл аләйһиссәләм Пайғамбарымызға
(с.а.у.) бес аяттан түсіріп отырған, – дейтін. Әбүл-Алияһ мұғалім
ғана емес, шәкірттеріне өмірлік жол көрсететін ақылшы да еді.
Шәкірттерінің зейіндерін пайдалы ғылыммен толтырып, жүректе-
ріне сӘлихалы өсиеттер орнықтыратын. Көбінесе екі мәселені қо
-
сып сөйлейтін:
«Алла Тағала өзіне уәде береді: Кім оған иман келтірсе, тура
жолға салады. Оған дәлел Алла Тағаланың Құрандағы сөзі:
Достарыңызбен бөлісу: |