ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет24/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

  
«Өз жұлдызыңды тап»  
  Мақсаты:
босаңсу, өзіне сенімділікті дамыту. 
  Мазмұны: 
Дөңгеленіп  отырамыз  және  көзімізді  жұмамыз. 
Үш рет терең демалыңыз. 
       Енді  көз  алдыңызға  жұлдызды  аспан  елестетіңіз. 
Жұлдыздар  үлкен  және  кішкентай,  жарық  және  әлсіз  жарық. 
Біреулер үшін бұл бірнеше жұлдыз, біреулер үшін – сансыз ұсақ, 
небір жарық, жымыңдаған нүктелер болуы мүмкін. Қол созғанда 
жететіндей біресе алыстап, біресе жақындап көрінуі мүмкін. 
       Жұлдыздарға  көңіл  қойып  қарап,ішінен  өзіңізге  ұнаған 
тамаша жұлдызды таңдаңыз. 
       Мүмкін  ол  сіздің  балалық  шағыңызға  ұқсайтын  шығар, 
мүмкін  ол  сіздің  қуанған,  табысқа  жеткен,  өзіңізді  бақытты 
сезінген  кезіңізді  еске  түсірген  шығар.  Өз  жұлдызыңызға  жақсы 
көріп  қараңыз  да,  оған  жетуге  тырысыңыз.Бар  күшіңізбен 
ұмтылыңыз!Сіз  міндетті  түрде  өз  жұлдызыңызға  жете  аласыз. 
Оны  аспаннан  алыңыз  да  ,  алдыңызға  жайлап  қойыңыз, 


27 
 
жақынырақ  қараңыз  және  ол  қандай  екенін,  қандай  түс 
шығаратынын есте сақтаңыз. 
        Ал,  енді  тізеңізді  сипаңыз,аяғыңызға  қарай  жеңіл 
керіліңіз  де,  көзіңізді  ашыңыз.  Түсті  қарындаш,  қағаз  алып, 
жұлдызыңыздың  суретін  салыңыз.  Оны  қиып  алып,  сақтап 
қоясыз.  Жұлдызыңыз  сізге  достық,  қайырымдылық,  өзара  көмек 
шұғыласын  шашады  және  білім  жолында,  емтихан  кезінде,  өмір 
жолында  қолдау  көрсетеді.Түнгі  жұлдыздарды  қарасаңыз  ,  олар 
бірдей емес екенін көресіз. Олар әр түрлі, сіз бен біз сияқты. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет