Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға».
Мақсаты:
Дау-дамай жағдайындағы әртүрлі сезімдер мен
күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу.
Нұсқау:
Сегіз студент сыныптың ортасына орналасады.
Қатысушыларға ойынның желісі түсіндіріледі: «Барлығыңыз –
бір үйдің тұрғындарысыздар. Бір күні сабаққа бара жатқанда
барлығыңыз лифтіде кептеліп қаласыздар. Әркімнің әртүрлі
сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын
– үлестірмені алғанда білесіздер. Сіздің эмоциялы мінез-
құлқыңыз үлестірмеде жазылған күйге сәйкес келуі тиіс. Оны
сөзбен атап айтуға болмайды». Студенттердің айналасында,
арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады – ол лифтіні
бейнелейді. Студенттер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап,
көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады.
Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер:
«Қуаныш, шаттық, рахаттану…»;
«Қызығушылық, толқу, қозу…»;
«Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия…»;
«Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау…»;
«Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену…»;
«Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу…»;
«Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану…»;
«Таң қалу, таңдану…».
Достарыңызбен бөлісу: |