ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет43/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

  Рөлдік ойын «Лифтідегі оқиға». 
  Мақсаты: 
Дау-дамай  жағдайындағы  әртүрлі  сезімдер  мен 
күйлердің мінез-құлықтағы көріністерін зерттеу. 
  Нұсқау: 
Сегіз  студент   сыныптың  ортасына  орналасады. 
Қатысушыларға  ойынның  желісі  түсіндіріледі:  «Барлығыңыз  – 
бір  үйдің  тұрғындарысыздар.  Бір  күні  сабаққа  бара  жатқанда 
барлығыңыз  лифтіде  кептеліп  қаласыздар.  Әркімнің  әртүрлі 
сезімдері байқала бастайды. Қандай сезімнің орын алатындығын 
–  үлестірмені   алғанда  білесіздер.  Сіздің  эмоциялы  мінез-
құлқыңыз  үлестірмеде  жазылған  күйге  сәйкес  келуі  тиіс.  Оны 
сөзбен  атап  айтуға  болмайды».  Студенттердің  айналасында, 
арқалары ішке қаратылып, орыныдықтар қойылады  – ол лифтіні 
бейнелейді. Студенттер жағдайды 7-10 минут көлемінде баяндап, 
көрсетеді. Қалған студенттер бақылап отырады. 
Сезімдер мен күйлердің атаулары жазылған үлестірмелер: 

 
«Қуаныш, шаттық, рахаттану…»; 

 
«Қызығушылық, толқу, қозу…»; 

 
«Қайғы-қасiрет, бейнет, жабығу, депрессия…»; 

 
«Ашу, ыза, наразылық, зығырданы қайнау…»; 

 
«Қорқыныш, мазасыздану, қауіптену…»; 

 
«Жек көру, тәккапарлану, менсінбеу…»; 

 
«Ұялу, өзін-өзі жою, ыңғайсыздану…»; 

 
«Таң қалу, таңдану…». 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет