ТұЛҒалық Қасиеттерді дамытудың Әдістері



Pdf көрінісі
бет41/294
Дата14.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#100619
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   294
Байланысты:
Тұлғалық қасиеттерді дамытудың әдістері (1)

  Сәлемдесу  рәсімі.
 Студенттер бір- бірімен амандасады.  
  Шаттық шеңбері. 
  Ән: Жан досым 


40 
 
  Дау-дамай (лат тілінен аударғанда conflictus – «қақтығыс») – 
қарама-қарсы көзқарастардың, қызығушылықтардың, тілектердің 
қақтығысы,  асқыну  қаупі  бар  келіспеушілік,  дау,  ұрыс.    Дау-
дамай  (Конфликт)  өмірде  көп  кездесетін  қарым-қатынастың  бір 
түрі. Оның шығу себебі де әртүрлі.  
Дау-дамайлар  біздің  өмірімізде  жиі  кездеседі.  Біз  үйде, 
мектепте,  дүкенде,  көшеде,  жұмыста  бір-бірімізбен  келіспей 
жатамыз.  жақын  тыныс  адамыңмен,  кейде  мүлем  танымайтын 
адамдармен,  мәселен  кезекте  тұрғанда,  қоғамдық  көлікте. 
Барлығымызға  белгілі  осындай  жағдайлар  көңіл-күйімізді 
түсіріп, ыңғайсыз жағдайда қалдырады. 
Кейде  кейбір  жағымсыз    қылықтарымызбен  достарымызбен 
келіспей  қалып  ренжітіп  аламыз.  Кейде  тіпті  қатты  өршіп 
араларыңыздағы қарым-қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыруы 
мүмкін.Олай болса, егер адам кикілжің жағдайларын алдын-алып 
олардан  шығу  жолдарын  білсе  мектепте  де,  үйде  де,  көшеде  де, 
өзін жақсы ұстай алады. 
Міне,  бүгінгі  сабағымызда  дау-дамайды  қалай  түсінетініміз, 
ол  қандай  жағдайда  болатынын  немесе  оның  пайдалы  және 
зиянды  жақтарын  қарастыра  отырып,  осы  дау-дамайға  қалай 
қарсы тұруға болатындығын анықтауға жол ашамыз.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   294




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет