Тақырыбы:
ОТБАСЫ
–
АДАМЗАТ
БЕСІГІН
ТЕРБЕТКЕН ҰЯ
Мақсаты:
Отбасындағы қарым - қатынас мәдениеті туралы
түсінік беру, бақытты жанұяның моделін дайындау. Отбасы
Отанның бір бөлшегі екенін ұғындырып, студенттердің бақытты
жанұяға
деген
қызығушылығын
арттыру.
Жанұядағы
сыйластыққа, адамгершілікке, инабаттылыққа, ынтымақ пен
бірлікке,
татулық
пен
ұйымшылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайд, шарлар, отбасы туралы афоризмдер
Барысы:
53
1.
«Отбасы
–
адамзат
бесігін
тербеткен
ұя»
2. Шаттық шеңбері (топ студенттері мен ата-аналар өзара
танысады)
3.
Сұрақ-жауап
4.
«Адамгершілік»
видеоролигі
5.
«Мен
отбасыммен
мақтанамын»
(презентация)
6.
«Сызат»
видеоролигі
7. «Отбасылық құндылық ағашы» (шығармашылық жұмыс)
8.
«Көңіл-күй
айнасы»
видеоролик
9.
М.Әлімбаев
«Ата-ананың
үміті»
(қорытынды)
І.
Отбасы адамға бақыт, толық мәнді тыныс – тіршілік
әкеледі. Отбасының басты қазығы, алтын діңгегі – бала. Баланың
тәрбиелі жан - жақты болып өсуіне берекелі, өнегелі, ынтымақты
отбасының ықпалы мол. Отбасы ата мен баланың, келін мен
ененің және басқа да отбасы мүшелерінің жылы қарым -
қатынасынан құрылады. Отбасы берекелі, тату болу үшін
сыйластық,
мейірімділік,
жанашырлық,
бауырмалдық,
адамгершілік қасиеттер әр адамның жүрегінен орын алуы керек.
Отбасын құрғанда Адам өмірге ұрпақ әкеліп қана қоймай,
сонымен бірге оған жалпы адамзаттық және ұлттық
құндылықтарды, ата - бабасының салт - дәстүрін, жас ұрпақтың
бойына сіңіртеді. Балаларын өздерін қоршаған ортаға және
қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру – ата - ананың ең маңызды
міндеті.
«Отан оттан басталады» дейді халқымыз. Елдің, ұлттың, жалпы
адамзаттың болашағы, даму деңгейі осы отбасынан басталады.
Толық отбасында толыққанды тәрбие алған баланың келешегі
кемел,
болашағы
жарқын
болары
айдан
анық.
IІ.
Оқушылар біздер қазіргі таңда осы группада кішігірім
отбасымыз, осы отбасының бақытты екендігін білдіру
мақсатында шаттық шеңберін құрып, бір – бірімізді жылы
лебізбен
таныстырып
өтейік.
Оқушылар қолындағы жүректі бір – біріне атының бас
әрпінен басталатын жылы сөздермен атап жалғастырады.
Мысалы: мейірімді Мөлдірмін, ізетті Інжумін, ақылды
Ақжарқынмын т. б.
(Ата-аналар мен топ студенттері өздерін таныстырады).
ІІІ.
Отбасының қоғам мен мемлекет тіпті, күллі адамзат
54
алдындағы орны тым бөлек. «Отан –от басынан басталады»,
«Отбасы– шағын мемлекет» деген сөздер де бекер айтылмаса
керек. Сонымен сіздерге сұрақ: Сіздің үйде отбасы мүшелерінің
орны қандай, соларға лайықты көңіл аударып жүрміз бе?
(Сұрақ
–жауап).
ІV.
«Адамгершілік»
(Видеоролик)
Қазақта біреудің баласы жақсы, өнегелі азамат болса: «
Оның әкесі немесе атасы жақсы кісі еді, көргенді бала екен,
өнегелі жерден шыққан ғой», — деп мадақтайды. «Әке көрген оқ
жонар, шеше көрген тон пішер» дегендей, отбасында ұлдар
әкелері немесе аталарының бойындағы қасиет пен өнерін үйреніп
өскен. «Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер» дейтін қазақ
қыз балаларының тәрбиесіне аса үлкен назар аударды.
V.
(Студенттер өз отбасыларын презентация арқылы
таныстырады)
Отбасы - адамзат бесігін тербеткен ұя болса, баланың бас
ұстазы - ата - анасы. Бұлар балаға отбасылық өмірдің қыры мен
сырын, тылсым дүниенің жұмбақтарын танытып, жағымды
қасиеттерге баулиды. Себебі, отбасы - таным бесігі, отбасы - үлгі
- өнеге бастауы. Ата - ананың үйдегі қарым - қатынасы, киім
киісі, мінез - құлқы бәрі - бәрі балаға үлгі. Бала отбасында әкеден
– ақыл, анадан - мейір алады. «Әке - асқар тау болса, ана -
бауырындағы бұлақ, ал бала - жағасындағы құрақ». Осы бір үш
сөз әке, ана, бала - отбасы ошағының үш тағаны іспеттес.
Әке – асқар тау. Шығыс халқы “Әкеден артық арман жоқ,
әкеден артық қорған жоқ, әкеден артық дана жоқ, әкеден артық
пана
жоқ”
деп
әкені
айрықша
дәріптеген.
Дін мұсылман жолында Әкені құрметтеу – айрықша парыз.
«Әкеге бағыну – Аллаға бағыну. Оның алдында күнәһар болу –
Алла
алдында
күнәһар
болу»
дейді
Пайғамбарымыз.
Ана есіміне қатыссыз дүниеде қасиетті ештеңе жоқ.
Сондықтан «Ананы» ардақтамайтын халық та жоқ. Ана баланы
тоғыз ай көтеріп, толғатып, дүниеге келтіріп қана қоймай, көзінің
қарашығындай қорғап, аялап өсіріп, аяғынан тік тұрғызатын да
ана.
Ал, Бала – ата-ананың үміті, өмірінің жалғасы.
VІ.
«Сызат»
(Видеоролик).
Бала тәрбиелеуде асқан тәлімгер ата-бабаларымыз «Баланы
бақырып үйретпе, ақырын үйрет» деп талап қояды. Баламен
55
шындап сөйлесу үшін орын мен уақытты таңдай біліңіз. Кіре
берістегі жол-жөнекей айтылған ақыл бала көңіліне керекті із
қалдыра алмайды. 5 саусақ бірдей емес, ол баланың жаратылысы
«көршінің баласынан» мүлдем өзгеше. «Көршінің баласында»
жоқ жақсы қасиеттер мүмкін сіздің балаңызда бар болар. «Дәл
сондай бол !»,- деген шектен шыққан талап. «Балаңыз қандай, сол
қалпында қабылдаған оңайырақ»,- деп кеңес береді психолог
ғалымдар.
Ата-аналарға
қойылатын
сұрақтар:
Қазір сіздерге сұрақтар қойылады. Сіздер жауаптарыңызды
алдарыңыздағы «келісемін», «келіспеймін» деген карточкалар
арқылы
берулеріңізге
болады.
1.
Бала
сағат
10-нан
кейін
ұйқыға
жатуы
керек.
2. Бала қандай жағдайда болса да ата-ана тапсырмасын мүлтіксіз
орындауға
міндетті.
3. Таңертең тамақ ішіп үлгермесе де, сабақтан кешікпеуі керек.
4. Балаға өз жағдайыңды, жұмысыңдағы қиыншылықтарды
айтып,
шағыну
артық
нәрсе.
5. Баланы қатарынан қалдырмау үшін қалағанын сатып әперу
керек.
6. Бала кіммен дос болып, кіммен бірге жүретінін өзі шешеді.
7.
Отбасында
өз
ойын
толық
айтуға
құқылы.
8. Өтпелі кезеңде баламен мүлде сөйлеспеген
жөн.
9.
Колледж
студентінің
сабағын
қадағалаған
дұрыс.
10. Топ жетекшісіне жиі хабарласып тұрған дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |