Мақсаты : балалардың «сыйластық», «махаббат» құндылық-
тары туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері: 1.
Отбасы жарастығы, татулығы туралы түсінік қалыптас-
тыру; оқушылардың отбасында кішіге ізет, үлкенге құрмет
көрсете білуіне және баланың өз орнын анықтауына, туыстық
қарым-қатынастарын
қалыптастыруға,
отбасының
адам
өміріндегі мәнін терең түсіне бастауына жетелейді.
2.
Отбасында жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін
дамыту;
3.
Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Түрі: интерактивті сабақ
Әдісі: Шаттық шеңбері
, жаңа ақпарат
, сахналау,
дәйексөз,
ойын,
түйіндеме, жүректен жүрекке
Көрнекілігі: слайдтар,майшам
Шаттық шеңбері «Тілек шамы» Мақсаты: Отбасы туралы пікірлерін ортаға салу.
-Құрметті ата-аналар, балалар. Біз сіздермен жанұядағы ата-
ана мен балалар арасындағы қарым-қатынастың түрлі жақтарын
тануға, жан-жақты талқылауға тырысамыз. Отбасы, ұшқан ұя –
жылылықтың, жылулықтың мекені. «Отбасы» атауының мәніне
терең үңілер болсақ, оттың да үлкен маңызы бар екенін сеземіз.
Сондықтан оттың басы, ошағымыздың түтіні түзу болуы үшін
«Тілек шамы» жаттығуын бір-бірімізге тілек айта отырып
58
жүргізейік. Бір-бірімізге мына шамды бере отырып,жүрекжарды
тілектерімізді арнайық!