60
таныстырғаннан кейін Сүйіспеншілік әйелге мынандай талап
қойды:
−Қазір үйіңізге барып,үй иесімен ақылдасыңыз. Үшеуіміздің
біреуін
ғана
шақыруға
құқыларыңыз
бар.
Қайсымыз
баратынымызды өздеріңіз айтасыздар,−деді.
Әйелі Сүйіспеншіліктің талабын үй иесіне айтқанда,қатты
қуанған ол: «Қандай жақсы,қандай жақсы»,−деп қайталай берді.
−«Кімді шақыру еркіндігін бізге берді емес пе? Біз байлықты
шақырайық, үйіміз бірден молшылыққа кенелсін».
Үй иесінің шешіміне көңілі толмаған әйелі: «Одан да
Сәттілікті шақыруға қалай қарайсың?»−деді.
Ақыры
екеуі
ақылдасып,мынадай
шешімге
келеді:
«Негізінде, ең асылы, сүйіспеншілік қой деймін. Ол бар жерде біз
бақытты боламыз»
Есікті
ашқан
әйел
үш
ақсақалға:
«Қайсыңыз
Сүйіспеншіліксіз? Төрлетіңіз. Біз сізді шақыруды ұйғардық»,
−деді.
Сүйіспеншілік орнынан тұрды да, үйге беттеді. Жолдастары
да орындарынан тұрып,артынан үйге қарай жүрді. Аң-таң болған
жас әйел Байлық пен Сәттілікке: «Тек біреуіміз ғана бара аламыз
деп айтып едіңіздер...»-деді. Қариялар:
−«Егер
тек
қана
Байлықты
немесе
Сәттілікті
шақырсаңыз,басқа екеуміз далада отырар едік. Бірақ та сіздер
Сүйіспеншілікті шақырдыңыздар. Сол үшін үшеуіміз бірге
баруымыз керек»,−дейді.
−«Өйткені Сүйіспеншіліктің жүрген жерінде біз-Байлық пен
Сәттілік қашанда қасындамыз»
«Сүйіспеншілік бар жерде−Байлық пен Сәттілік бар»,
дегенді қалай түсінесіңдер?
Достарыңызбен бөлісу: