I. Шаттық шеңбері -Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық. Енді бір-
бірімізге бүгінгі күніміздің тамаша өтуіне арнап айтайық
«Досболайық бәріміз» әнін айтайық.
Тренинг ережелерімен таныстыру. 1. Кешікпеу.
2. Өз уақытында бастау.
3. Бір-бірін сыйлау.
4. Ұзақ уақыт сөйлемеу.
5. Көңілді болу.
Танысу тренингісі. Өз есіміңізге сын есім қосып
танысайық.
II. Жаңа сабақ /электрондық оқулықпен/ «Достық қымбат өмірде»
Достар әрқашан да бірге ойнап, бөлінбейді. Мүмкіндік
болса бірге сабаққа дайындалады. Бірін-бірі түсінуге, кешіруге,
қорғауға әзір тұрады. Досыңның көп блуы өз қолдарыңда. Егер
сен барыңмен бөліссең, ренжітпесең, қателеспесең, қуантуға
даяр тұрсаң, сенімен бәрі де достасқысы келеді.
III. Әңгімелесу - Балалар, «достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достар қандай болу керек?
- Нағыз достар қандай болады?
- «Жалған достық» деген сөзді қалай түсінесіңдер?
- Достары көп болу үшін адам қандай болу қажет?
/балалар өз ойларын схема арқылы көрсетеді/
Адамдар бір-біріне деген адал сенім, өзара тілеулес ортақ
көзқарасы достыққа ұластырады. Достық дегеніміз адамдардың
өзара жауапкершілігі, сыйластығы мен бір-біріне қамқорлығы.
Достық қарым-қатынас адамдарға өз-ара сенім жүктейді.
70
Достар бір-біріне қуанышта да қиыншылықта да қамқор болады.
Достық-сыйластықтың, мейірбандықтың мөлдір көзі.