Оқу ортасы бойынша:
мұғалімдер сыныпта қауіпсіз және қолайлы оқу
ортасын қамтамасыз ететіндей оқу үдерісін ұйымдастыруы қажет.
Сонымен қатар саралаудың
айқын
және
жасырын
түрлері де
анықталған.
Айқын саралау
балалар ӛздерінің сараланып жатқанын білетін, кӛзге
кӛрінетін саралау түрі. Мысалы:
жеке жұмысқа арналған деңгейлік тапсырмалар;
жоғары деңгейдегі оқушылар үшін күрдегенген тапсырмалар;
әр түрлі деңгейдегі тапсырмалар;
әр оқушыға жеке тәсіл;
жеке шығармашылық жұмыс;
сабаққа оқушының қосымша озық материалдар дайындауы;
шешімдер
үлгілерін,
теориялық
анықтамаларды,
қосалқы
мәселелерді пайдаланып, тапсырмаларды орындау т.б.
Айқын саралау кезінде қиын балармен жұмыс істеудің, үлгерімі тӛмен
оқушыларға кӛмектесуге, үлгерімі жоғары оқушыларға кӛңіл бӛлудің
мүмкіндіктері пайда болады. Сондай-ақ, мықты оқушылар ӛз қабілеттерін
кӛрсетуіне, үлгерімі тӛмен оқушылар ӛз жетістіктерін сынауына да мүмкіндік
туады.
9
|