Коронавирустық инфекцияның таралуына жол бермеуге байланысты,
шектеу шаралары кезеңінде мектеп жасына дейінгі балалармен
тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастыру бойынша ұсынымдар
Өңірлердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларға байланысты,
мектеп жасына дейінгі балалармен сабақтар өткізу, ата-аналардың қалауын
ескере келесідей форматта:
1)
қашық форматта сабақтар (консультациялар) өткізу;
2)
МДҰ кезекші топтармен сабақтар өткізу ұсынылады..
Мектеп жасына дейінгі балалар үшін қашықтан оқыту форматындағы
сабақтар (консультациялар) – ата-аналардың жетекшілігімен балалар
(көбінесе
ересек,
мектепалды
жасындағы
балалар)
педагогтердің
тапсырмаларын оқып, орындайтын үй жағдайында оқыту (консультация).
Тәрбиелеу-білім беру процесі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының (бұдан әрі - Стандарт)
талаптарына сәйкес іске асырылады және «Денсаулық», «Қатынас»,
«Таным», «Шығармашылық», «Әлеумет» білім беру салалары бойынша
құзыреттерді қалыптастыруға бағытталады.
Стандартта мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мазмұнына, оқу
жүктемесінің ең жоғары көлеміне, тәрбиеленушілердің дайындық деңгейіне
және оқыту мерзіміне қойылатын талаптар анықталған.
Мектепке дейінгі ұйымдар қызметінің үлгілік қағидаларының
талаптарына сәйкес (ҚР Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30
қазандағы № 595 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымдарда:
-1 қыркүйектен 31 мамыр бойынша – барлық жас топтары үшін оқу
жылы (Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың үлгілік оқу бағдарламасы
мазмұнына сәйкес жүзеге асырылады, меңгеру мерзімі-5 жыл);
-1 маусымнан 31 тамыз бойынша – жазғы сауықтыру кезеңі
(ұйымдастырылған оқу қызметін (бұдан әрі-ҰОҚ), сауықтыру іс-шараларын
ауа райына байланысты таза ауада өткізу ұсынылады).
Тәрбиелеу-білім беру процесі:
-
білім беру ұйымының жылдық жоспарына;
-
өтпелі тақырыптар негізінде перспективалық жоспарға;
-
циклограммаға сәйкес іске асырылады.
Жоспарланатын өтпелі тақырыптар, олардың реті мен саны
педагогикалық
кеңесте
қаралады
және
бекітіледі.
Педагогтер
перспективалық жоспарды бекітілген өтпелі тақырыптарға сәйкес құрады.
11
Білім беру процесінің тиімділігі, сондай - ақ баланың даму динамикасы
туралы ақпарат алу үшін диагностика негізінде Үлгілік бағдарламаның
мазмұнын меңгеру бойынша мониторинг жүргізіледі:
бастапқы- оқу жылының басында (қыркүйекте);
аралық-оқу жылының ортасында (қаңтарда);
қорытынды-оқу жылының аяғында (мамырда).
Педагогикалық
диагностиканы
тәрбиеші
басқа
да
педагог
қызметкерлермен тығыз байланыста жүргізеді. Диагностиканың нәтижелері
негізінде тәрбиеші мен педагог-психолог тәрбиеленушінің жеке даму
картасын құрастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |