Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды)



Pdf көрінісі
бет7/15
Дата15.12.2021
өлшемі360,42 Kb.
#100789
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Байланысты:
1 IMP kaz

Қашықтан оқыту форматындағы сабақтарды (консультацияларды) 

ұйымдастыру тәртібі 

Балалар  ата-аналардың  қалауы  бойынша  кезекші  топтарға  бара  алады 

немесе қашықтан оқи алады. 

Қашықтан оқыту форматында тәрбиеленушілерге бейнесабақтар өткізу 

ата-аналар  қауымдастығының  сұраныстарын  және  әлеуметтік  тапсырысты 

орындауды,  сондай-ақ  қашықтан  оқыту  технологияларын  қолдану  арқылы 

тәрбиеленушілердің 

ата-аналарын 

консультациялық 

қолдауды 

қанағаттандыруға бағытталған. 

Мектеп (шағын орталық болған жағдайда) және мектепке дейінгі ұйым 

басшылары ата-аналардың (балалардың заңды өкілдерінің) хабардар болуын 

қамтамасыз  ету  мақсатында  және  ересектер  тобы,  мектепалды  тобы 

балаларына қашықтан оқытуды ұйымдастыру бойынша: 

-қашықтан 

оқытудың  барлық  қатысушыларының  (педагогтер, 

балалардың  ата-аналары/заңды  өкілдері)  ересектер  тобы,  мектепалды  тобы 

балаларын қашықтан оқытуды ұйымдастыру туралы сабақтың басталу күнін 

көрсете отырып хабардар болуы; 

-  қашықтан  оқытуды  өткізу  үшін  әр  отбасында  қолжетімді 

байланыс түрлерінің, ғаламтор-ресурстардың тізімін анықтау; 

-

 

«Сауат  ашу  негіздері»,  «Математика  негіздері»,«Қоршаған  ортамен 



танысу»  бойынша  (күніне  бір  сабақ)  қашықтан  кіріктірілген  сабақ  кестесін 

құруы; 


-

 

педагогтердің  демонстрациялық  материалдарды,  дидактикалық 



ойындарды  және  т.б.  кеңінен  қолдана  отырып,  қашықтан  оқыту 

сабақтарының конспектілерін (бейнесабақтармен оқыту) әзірлеуі; 

-

 

ата-аналармен кері байланысты қамтамасыз ету; 



-

 

топтардың  контингентін  бекіту,  сабақ  кестесін,  жұмыс  кестесін,  күн 



тәртібін жасау бойынша жұмыстарды ұйымдастырады. 

Басшының орынбасарлары,  әдіскерлер: 

-

 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасын 



ересек,  мектепалды  жастағы  балалардың  меңгеруіне  бағытталған  қашықтан 

оқытуды ұйымдастырады; 

-

 

педагогтермен  бірге  ересек,  мектепалды  жастағы  балаларды 



қашықтан оқытуды қамтамасыз етеді; 


12 

 

-жұмысты 



ұйымдастыру  туралы  барлық  қашықтан  оқытуға 

қатысушылардың  (педагогтер,  балалардың  ата-аналары/заңды  тұлғалар) 

белсенді ақпараттандырылуына ықпал етеді

-

 



қажет  болған  жағдайда  балаларды  қашықтан  оқыту  нәтижелерімен 

бейне талқылау педагогтермен өткізеді; 

-

 

ҰБДҚ  мәліметтерін,  тәрбиеленушілердің  ауысуы,  педагогтерінің 



сапалық құрамы, материалдық база, техникалық персонал және т. б. туралы 

ақпарат базасын толтырады; 

-

 

сабақ кестесін құрады



-

 

педагогтердің қызметін ұйымдастырады; 



-

 

тәрбиеленушілердің ата-аналарына жеке консультация беруді жүзеге 



асырады; 

-

 



тәрбиеленушілердің  ата-аналарын  (заңды  өкілдерін)  білім  беру 

платформасы, сабақ кестесі туралы хабардар етеді. 

Педагогтер: 

-

 



әдіскерлермен  және  басқа  да  педагогтермен  бірге  жас  топтарына 

перспективалық жоспар құрастырады

-

 

сабақтарды өткізу жоспарын құрады; 



-

 

демонстрациялық  материалдар  (слайдтар,  бейне,  аудио,  көрсетуге 



арналған  заттар  (ойыншықтар,  муляждар,  тұрмыстық  заттар  және  т.  б.) 

дайындайды; 

-

 

бекітілген кестеге сәйкес қашық форматта сабақтар өткізеді



-

 

ата-аналармен кері байланыс орнатады; 



-

 

ата - аналар үшін топтық, жеке бейне және аудио консультациялар 



өткізеді. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет