Сабақтың ортасы
Білу
Түсіну
Қолдану
Сергіту сәті
Талдау
Жинақтау
Бағалау
|
Гүлдің алғашқы күлтешесі ашылады. (Білу күлтешесі)
«Кір жаятын жіп» (топқа бөлу)
Жіпке салт-дәстүрге байланысты суреттер іліп қоямын. (қамшы, кітап, ақша, жіп, домбыра, бесік, шүмек, жаялық, ). Оқушылар қалаған суреттерді таңдау арқылы екі топқа бөлінеді.
- Балалар, қолдарыңдағы суреттерге назар аударыңдаршы. Ненің суреттері? Бұл суреттерді қалай топтастыруға болар еді? Бұл суреттер арқылы қандай салт-дәстүрді еске түсіре аласыңдар? (Балалар қамшы, домбыра, ақша, жіп, кітап суреттерін топтастыру арқылы бұл «Тұсау кесу» дәстүрі екенін, бесік, шүмек, жаялық арқылы «Бесікке салу дәстүрі екенін ажыратады). Олай болса «Тұсау кесу» тобы және «Бесік жыры» боп екі топқа бөлініп отыра қойыңдар.
Ортақ сұрақ:
- Балалар, қолдарыңдағы ненің суреттері? Қандай салт-дәстүрлер?
(Балалардың бұрыннан алған білімін біліп аламын).
«Бесікке салу» –нәрестені алғаш бесікке бөлеу рәсімі. Бесікке саларға шақырылған ауыл-үйдің әйелдері шашуын, жол-жоралғысын ала келеді. Баланы алғашқы бөлеу үлгілі ұрпақ өсірген қадірменді әйелге тапсырылады. Ол өзінен басқа тағы бір-екі келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды, сәбидің әжесі не шешесі түбектіңтесігінен балаларға тәтті үлестіреді. Осыдан кейін бесікті отпен аластап, баланы бөлейді. Бесікке салған әйелдерге көйлек, жаулық сияқты сый тартылады. Үлкендер батасын беріп, баланың ер жетуіне, ананың үбірлі-шүбірлі болуына тілектестік білдіреді және Бесік жыры айтылады
«Тұсау кесу» – сәби қаз тұрғаннан кейін тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ғұрып, ырым.
Гүлдің екінші күлтешесі ашылады. (Түсіну күлтешесі)
- Балалар, мен сендерге бір ертегі айтып берейін: Ерте, ерте ертеде, біз білмейтін бір елде сөздер өмір сүріпті. Ол ел «Морфология» деп аталыпты. Бір күні кең сарайда өмір сүріп жатқан сөздер бірнәрсеге келісе алмай, «сен ұзынсың, мен қысқамын, сен көпшілсің, көп мағына бересің, анаумен де мынаумен де тіркесесің, мен бір мағына беріп оқшау жүргенді ұнатамын» - деп, кең сарайға бастары симай, айтысып жатады. Мұны естіген хан оларды жинап алып:
- Сендер, өз мағыналарыңа қарай, жауап беретін сұрақтарыңа, өзіндік ерекшеліктеріңе қарай топқа бөлініңдер, сосын әрқайсысыңды жеке отау етіп, бөлек - бөлек үй қылып қоямын, - дейді. Сөйтіп, сөздер өздерінің ұқсас белгілеріне қарай топқа бөлініп, оларға ат беріледі. Осылайша морфология елі – СӨЗ ТАПТАРЫ еліне айналады.
Мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойын анықтайтын жетекші сұрақтар:
- Оқушылар, ертегі не туралы екен?
- Қанекей, бәріміз ертегінің негізгі ойын анықтайықшы. Сөздер арасында келіспеушіліктер не себепті туындады?
- Олар неге дауласып қалды?
Олай болса сол сөз таптарының кейбіреулерімен танысамыз. Ережемен жұмыс.
Гүлдің үшінші күлтешесі ашылады. (Қолдану күлтешесі)
(Т) «Бинго» әдісі
Сабақ тақырыбына қатысты әртүрлі түйінді сөздер беріледі. Оқушылар тиісті түйін сөздерді айрықшалауы тиіс. Барлық түйінді сөзді анықтап болған топ «Бинго» деп айтады. Қай топ бұрын айтса, сол топ жеңімпаз атанады.
І топқа: Оқулықтағы 2-жаттығу. Берілген сөздерді кестеге салу.
Ата, салт-дәстүр, қырық, үйренді, жеті, қызыл, шілдехана, бесік, салды, үлкен, немере, жасайды, шақырады, қонақ, әже, кішкентай.
ІІ топқа: Сөздерге сұрақ қой. Мағынасына қарай сызбаға орналастыр.
Жұлдыз, тау, екі, ата, көк, оқыды, үлкен, ақын, жуынды, спорт, жеті, адам, отыз, құс, жүзді, биік, жасыл,айналысады.
Кім ? Не?
|
Не істеді?
|
Қандай?
|
Қанша?
|
|
|
|
|
Дескриптор Білім алушы
- сұрақ қоя отырып, зат есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, етістіктерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сын есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
- сұрақ қоя отырып, сан есімдерді анықтайды және сызбаға жазады;
(ҚБ)Әр топ бір-бірін басбармақ арқылы бағалайды.
(Ұ) Ширату. «Сұрақты қағып ал» әдісі арқылы «Менің отбасымда сақталатын салт-дәстүрлер» тақырыбында сөйлемдер құрастырады.
(ҚБ) «От шашу» әдісі арқылы
«Ормандағы ағаштар» ойыны.
Мақсаты: Балаларға қозғалуға, демалуға мүмкіндік беру. Музыка ойналады.
Мәтін: Сендер ағашқа айналуға дайынсыңдар ма?
Бір-біріңнің артына тұрыңдар. Орманда күн шығып барлық ағаштар оған жапырақтарын жайып қарап тұрды. Күнге әрбір жапырағы жылыну үшін жоғары-жоғары созылды. Саусақ-жапырақтар күннің астында билеп тұрды. Кенеттен қатты жел тұрып, талдарды жан-жаққа шайқай бастады. Бірақ талдың тамырлары тереңге кеткен, олар жәй ғана тербеледі. Желдің артынан жаңбыр жауып, талдар алғашқы жауын тамшыларын сезінді.Алдыңғы тұрған баланың арқасын саусақтарыңмен жауын тамшыларындай тырсылдат. Кәдімгі майда жаңбыр жауып жауып тұрғандай қимыл жеңіл болу қажет.Жауын одан әрі күшейіп қатты жауа бастады. Талдар бір-біріне жанашырлық білдіріп жаңбырдың қатты соққысынан қозғалып, сипалай бастады. Көп ұзамай көкжиектен күн көрініп, талдар қуанды, олар өздеріндегі артық жауын тамшыларын сілкіп тастады. Өздерін сенімді, сергек, тап-таза сезініп қалады.
Гүлдің төртінші күлтешесі ашылады. (Талдау күлтешесі)
(ӨЖ) 1-тапсырма.3-жаттығу. Жас баланы қалай атайтынын тауып жазу.
Сә...и, нем...ре, бө...е, бө...ек, ба...апан.
Дескриптор
1. Сәби атауларын дұрыс жазады.
(ҚБ) «Үш шапалақ»
(Т)2-тапсырма. Сәйкестендіру.
|