ХИМИЯ • АТОМДАР МЕН БАЙЛАНЫСТАР • АТОМДАР
3
ДИАГРАММА 03:
• Элементтің барлық атомдары бірдей бола ма?
Элементтердің 100-ден аса түрі бар, бірақ атомның түрлері одан да көп. Себебі элементтердің кейбір атомдарында
протон саны бірдей, бірақ нейтрон саны әртүрлі болуы мүмкін: ондай атомдар изотоптар деп аталады. Изотоптарда
нейтрон саны әртүрлі, бірақ протон саны бірдей болады. Олардың химиялық қасиеттері өте ұқсас, бірақ массалары
әртүрлі, сондықтан изотоптардың тығыздық секілді қасиеттері әртүрлі болып келеді.
• Электрондар атом ішінде қалай орналасқан?
Ғалымдар зерттелетін заттарды түсіндіріп, сипаттау үшін моделдерді сурет ретінде қолданады. Олар көбірек
мәлімет жинағанда, өз моделдерін өзгертуге тура келеді, жаңа модель зерттеулерді жақсырақ түсіндіретін болады.
Нильс Бордың 1913 жылы келтірілген моделінде электрондар ядроны электрон қабаты деп аталатын аймақта
айналады. Қабат саны ядроны айналатын электрон санына тәуелді болады, әр қабат белгілі бір энергетикалық
деңгейге ие; қабат ядроға жақын болған сайын оның энергетикалық деңгейі төмендей береді, ал қабат ядродан
алыстаған сайын оның энергетикалық деңгейі жоғарылайды.
Ядродан алыстаған сайын қабаттар үлкейіп, онда көбірек электрон орналаса алады. Қабаттар аршылған пиязды
кескенде көрінетін сақиналарға ұқсайды.
Изотопты оның массалық санын білу арқылы анықтауға
болады. Массалық сан (протондар мен нейтрондар санының
қосындысы) А әрпімен белгіленеді. Электрон саны массалық
санға қосылмайды, себебі электронның массасы өзге екі
атомішілік бөлшектердің массасымен салыстырғанда өте аз.
Көміртегі атомында 6 протон және 6 нейтрон болса, массалық
сан 6 + 6 = 12 болады. Массалық сан элемент символының
алдында индекс ретінде жазылады, мысалы,
12
6
C. Көміртегінің
бұл изотопы көміртегі-12 деп аталады.
Мәселен, сутегінің үш изотопы бар: сутегі-1 (протий)
1
1
H,
сутегі-2 (дейтерий)
1
2
H, және сутегі-3 (тритий)
1
3
H. Сутегі-1 –
сутегінің ең маңызды изотопы.
Достарыңызбен бөлісу: |