ХИМИЯ • АТОМДАР МЕН БАЙЛАНЫСТАР • АТОМДАР
4
Әр қабаттағы электрондардың максимал саны:
Анығында, бұл жеңілдетілген түрі, үшінші қабатта 18
электронға дейін болуы мүмкін, ал төртінші қабатта 32
электронға дейін, бірақ бұл қабаттар жай жолмен толмайды.
Сутегіден кальцийге дейінгі элементтердің электрондық
конфигурацияларын төменгі қабаттар құрылысының
жеңілдетілген түрі арқылы жаза аламыз.
Электрондар төменгі деңгейлерді бірінші толтырады. Мысалы,
литийдің атомдық саны 3, яғни литийде сонша электрон бар.
Екі электрон бірінші қабатқа орналасып, бір электронды келесі
не сыртқы қабатқа қалады. Бұл конфигурацияны 2,1 деп
жазамыз. Үтір бір деңгейді екіншісінен бөліп тұр.
Достарыңызбен бөлісу: