Көркем образ, оның түрлері. Жоспары: Образ туралы жалпы түсінік



Pdf көрінісі
бет6/11
Дата15.12.2021
өлшемі280,76 Kb.
#101402
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
k-rkem obraz

өлең сөз - өз ара 

байланысты  бөліктерге 

бөлшектеуге  келетін  жүйелі  көркем  сөз  екендігін;  екіншіден, 



өлең  сөз  –  шамалас  бөліктерге 

бөлшектеуге  келетін  жүйелі  көркем  сөз  екендігін 

байқаймыз.  Осындағы  «өз  ара  байланысты  бөліктер»  деген  тіркестің  мәніне  назар  

аударып көрелік. 

Прозалық  мәтінді  оқу  кезінде  негізгі  мағыналық  желіні  қуалай  оқу  дағдысы  басым 

болып    тұратындықтан,  сөйлем  құрамындағы  сөздердің  бәрі  бәрдей  қаз-қалпында 

жадымызда қала бермейді. Ал өлең оқығанда, әсіресе, ұйқаса құрылған өлең  оқу кезінде, 

әрбір  тармақ    соңында  алдыңғы    тармақтың  соңғы  сөзіне    міндетті  түрде  оралып 

отырамыз.  Басқаша  айтқанда,    прохзадағы  сөздер  бірімен-бірі  тізбектеле  байланысса,  

өлең мәтіндегі  сөздер  «тізбектік» байланыспен қатар  прозаға қарағанда, өлең сөздегі  әр 

сөздің  өзара    байланыстылық  жүйесін  ұлғайтады  да,  соған  сәйкес    өлеңдегі    әр  сөздің 

мағыналық жүгі де  салмақтана түседі.  

Анықтамадағы  екінші сыңардың, яғни «өзара шамалас бөліктер» деген тіркестің мәні 

неде? Бөліктердің өзара шамалас екендігін  тану үшін  қандай  өлшемдерге сүйену қажет? 




Бұл  сұрақтарға  жауап  беру    «бір  тілге  немесе  дәуірге  тән    өлеңнің  басқа  тілдегі   немесе 

дәуірдегі өлеңнен айырмашылығы қандай?» деген сауалға да жауап болып шығады. 

Бір  тілдегі  (дәуірдегі)  өлеңнің  екінші  тілдегі  (дәуірдегі)  өлеңнен  ең  басты 

айырмашылығы – тармақ өлшемінде. 

Көркем    мәтіннің  белгілі  бір  өлшемге  негізделген  тармақтарға  бөлінуінің  өзі,  яғни 

синтаксистік  мағынаға    тәуелсіз    паузалардың  тармақ  басында  көтеріліп,  соңына    қарай 

бәсендейтін дауыс ырғағын туғызуы,оған өлеңге  тән интонация дарытады. Сонымен бірге 

әр  тармақ  өзара  шамалас  қалыпты  сақтау  үшін  қандай  да  бір    реттілікке  бағынады.  Бұл 

реттілік  дыбыс  бөлшектері    арқылы  жүзеге  асады.  Өлең  құрылысының  қай  жүйеге  тән 

екендігі  тармақ  өлшемінің  бірлігі  ретінде  қандай    дыбыстық  бөлшектің    алынуына 

байланысты анықталады. 

Тармақ сөзбен, бунақпен, буынмен өлшенеді. Барлық тілдегі өлең тармағының негізгі 

өлшем бірлігі -  буын. Буынның фонетикалық негізгі сипаттарына әуез, сан, екпін сияқты 

белгілері  алынады  да,  соған  орай  өлең  жүйелері  метрикалық  (кватитативті), 

силлабикалық,  тоникалық,  силлабо-тоникалық  болып  сараланады.  Енді    осы  өлең 

жүйелерінің ерекшеліктеріне назар салайық. 

Метрикалық  немесе  квантитативті    жүйе  -  өлең  жолдарының  айтылу  уақытының  

сәйкестігіне    (изохронизм)  негізделіп,    тармақтағы  дыбыстық    өлшемдер  буындардың 

созылыңқы  немесе  қысқа    қайырылуы  арқылы  реттелетін  өлең  құрылысы.  Бұл    жүйе  

буындағы    дауыстылардың  созылыңқы    немесе  қыса  айтылуы  сөз  мағынасын  өзгертуге 

ықпалды  тілдерге тән. Метрикалық өлең жүйесінің мейлінше  жарқын үлгілері антикалық 

өлең  құрылысынан,  араб    және  парсы  поэзиясындағы  аруздан,  санскрит  тіліндегі  

джатидан, сондай-ақ, фин және классикалық қытай өлеңі құрылысынан жақсы байқалады. 

Метрикалық  өлең  құрылысының  негізіне    алынатын  өлшем  –  мора.  Латын  тілінде 

«уақыт  аралығы,  пауза»  деген  мағына  беретін 

«мора» 

  сөзі  бұл  жерде    дыбысты  айтуға 

кететін  уақыттың  ең  кіші  бірлігі  болып    табылады.  Сондай-ақ,  әдебиеттануда  мора 

ұғымымен  мәндес  хронос  протос  деген  де  термин  бар.  Грек  тілінде 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет