17
шығармалары. Көбіне грек және ішінара латын тілдеріндегі деректердің ішінен
Кіші Азиядағы Галикарнас қаласынан шыққан ежелгі грек тарихшысы
Геродотты (біздің заманымызға дейін 490 және 484—425 жылдардың арасы)
ерекше атауға болады. Ежелгі Рим ғұламасы Цицерон Геродотты "тарихтың
атасы" деп көрсетеді. Көне грек авторларын үлгі етуіміздің себебі, олардың
мұраларының ең ескі дерек көздері болғандығынан деп ойлаймыз. Біздің
заманымызға дейін V ғасырдың ортасында жазған "Тарих" атты тоғыз томдық
еңбектің 4-томында тұңғыш рет антикалық әдебиетте скифтердің географиялық
орналасуы, саяси тарихы, әдет-ғұрпы, тұрмысы суреттеледі.
Ежелгі парсы, грек, рим, қытай жазбаларындағы мәліметтер. Ежелгі жазба
түркі ескерткіштері: пайда болуын сынау, мәтінін оқу және түсіндіру.
Гомер поэмасы. Тарихнамасы. Зерттелу кезеңдері. Тарихи дерек ретіндегі
ерекшелігі, маңызы және орыны, тарихи дерек көзі ретінде зерттеудің негізгі
проблемалары. «Иллиада» және «Одиссея» Гомердің тарихи еңбегі тарихи
дерек ретінде. Геродоттың шығармашылығы және оның зерттелу әдістемесі.
Араб деректері, ІХ-ХІІІ ғғ. ал-Жахиздің, ибн-Фадлан, ал-Факихтың т.б.
тарихи трактаттары, ал-Масудидің ("Ахбар-аз-заман"), Худун ал-Алемнің
(Дүние шеңбері. X ғ.), Ибн-Хордабектің ("Шет аймақ кітабы"), Ибн-Рустенің
("Асыл алкалар кітабы") т.б. тарихи-географиялық еңбектер мен географиялық
карталардың деректік маңызы және оларға деректанулық талдау жасау
жолдары. Батыс Европа саяхатшылары Палано Карпиниди (1182-1252),
Вильгелм Рубруктің, Марко Полоның т.б. жазбалары.
Достарыңызбен бөлісу: