4
«Деректану» пәні бойынша жазылған әдістемелік құрал деректерді зерттеу,
тарихшы мамандардың тарих ғылымның дамуына тікелей өз үлестерін
қосуларына бағыт беру, оның іс жүзіндегі пайдалану мүмкіндіктерін
жақсартуға дағдыландыру, өздерінің болашақ мамандықтарымен кәсіби
бағытта жұмыс істеулерін қалыптастыру мақсатында жасақталған.
Курстың бағдарламасы хронологиялық, тарихи оқиғалардың жүру барысы
мен маңыздылығын ескере отырып құрылған. Әдістемелік құрал Мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына және оқу
бағдарламасы негізінде жасақталған. Құралда дәрістік кешен, семинар
сабақтарының жоспары,
студенттердің өзіндік жұмыстарының тақырыптары,
тест тапсырмалары, глоссарий берілген.
Достарыңызбен бөлісу: