С. А. Есқалиев, Б.Қ. Сугурбаева деректану пәнінен



Pdf көрінісі
бет5/85
Дата16.12.2021
өлшемі0,71 Mb.
#101742
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85
Байланысты:
ktj 20324

Дәріс  тезистері: 

Деректану  –  тарихи  ғылымдардың  тарихын  зерттеуші 

ғылыми  пән.  Деректану  тарихпен  қатар,  келешек  тарихшы  мамандардың 

теориялық-методологиялық  және  арнайы  дайындығымен  қаматамасыз  ететін 

іргелі  пәндер  санатына  қосылады.  Деректанудың  іргелілігі  ең  алдымен  тарих 

ғылымының  өзіндік  ерекшелігінен  туындайды:  тарих  объектісі  -  «қоғамның 

өткенін» - тарихшы тікелей зерттей алмайды, ол тек тарих ғылымының тікелей 

зерттеу объектісі болып табылатын тарихи деректер арқылы танылады. 

Оқу  барысында  студенттердің  тарихнамалық  және  деректік  базаның 

кеңеюіне,  ғылыми  айналымға  жаңа  деректер  тобының  молынан  таратылуына 

байланысты,  нақты  тарихи  оқиғаның,  құбылыстың  немесе  процестің  әр  түрлі 

деректерде әртүрлі бейнелетіндігі, сондықтан оларды бір-бірімен салыстырып, 

сыннан  өткізу  қажеттігіне  көз  жеткіздірте  білуді  меңгеруі  тиісті.    Деректану 

пәнінде  тарихнамалық  белгілі  бір  проблемаларға  арналған  тарихи  еңбектер 

жиынтығын талдауға үйрету үрдісі қалыптастырылған. 

Тарих  ғылымдарының  даму  тарихы  -  қоғамдық  ойдың,  бүкіл  рухани 

мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Тарих ғылымдарының даму тарихын 

оқып  білу,  адамның  ой-өрісін  кеңейтеді,  әр  кезеңдегі  тарих  ғылымдарының 

даму  дәрежесін  анықтап,  әр  түрлі  проблемалардың  зерттелуін  талдау  жасауға 

бейімдейді. 

Деректанулық ұғымдар мен терминдер 

Деректану  курсының  басқа  ғылымдар  сияқты  өзіндік  категорияларға  ие. 

Бұл  категориялар  басқа  ғылымдар  мен  салаларға    бағынышты  болып  келеді. 

Мысалға  алар  болсақ,  археология  ғылымымен  тығыз  байланысты.  Деректер 

арқылы  әр  кезеңдегі  қоғамдық  құрылысты,  сондай–ақ  қоғамдық  үрдісті 

анықтауға  көп  көмегін  тигізеді.  Бұлай  болған  жағдайда  деректану  пәнін 

үйренбес  бұрын  тарихшы  тарихи  кезеңдердегі  оқиғалар  мен  тарихи 

терминдерді  игергені  жөн.  Себебі,  осы  аталған  кезеңдерді  оқып  білу  үшін 

деректану ілімі оқытылады. Әр кезеңдердегі терминдерден басқа дерекнаманың 

өз терминдері де бар. Мысалға алар болсақ, меморандум, жедел жазу, жартылай 

устав, 


криптограмма, 

пергамент, 

полимпистер, 

текстология, 

титло, 



 

криптография  т.б.  терминдер.  Терминдерді  бірнеше  түрлерге  бөлуге  болады. 



Оларды  топтастыру  бірнеше  жағдайларға  байланысты  бөлінеді.  Деректануды 

зерттеуге көмекші болған ілімдер терминдері немесе тарих үрдісіндегі қоғамда 

кездесетін терминдер. 

Ұғым  –  зерттеушілердің  тәжірибелік  –  эмпирикалық  және  ғылыми-

танымдық  іс-әрекеттің  барысында  қалыптасқан  ойлау  формасы.  Терминдер  - 

сол ұғымның сөздік, табиғи тілдік. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   85




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет