Деректің пайда болу негіздерін сынау
– деректердің сыртқы ерекшеліктерін:
авторын, уақытын, жерін, түпнұсқалығын, өмір сүру формасын, тарихи
жағдайын, алғы шарттарын, деректі жасаудағы әлеуметтік мақсаты мен
міндеттерін анықтау тәсілі.
Деректің мазмұнын сынау
–
деректегі мағлұматтың шынайылық, толықтық
деңгейін, ғылыми құндылығын анықтау тәсілі.
Деректерді сыныптау
– деректерді ортақ қасиеттері бар бір –бірімен ерекше
белгілерімен айырылатын категорияларға бөлу.
Деректерді түрлік сыныптау
–
жазба деректердің пайда болуы, мазмұны,
міндеттерінің бірлігі негізінде, ішкі құрылымдарының ұқсастығына сай тарихи
қалыптасқан түрлерге бөлу.
Деректерді типтік сыныптау
- деректерді мазмұны мен формасының
сәйкестік принціпі негізінде сыныптау.
Достарыңызбен бөлісу: |