19
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері
«Құқық негіздері» пәнінен ІІІ тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың
тапсырмалары
1.
Берілген жағдаятқа байланысты борышкер мен несие берушінің арасында қандай
міндеттемелер мен жауапкершілік туындайды?
Жандосов электронды техника дүкенінен теледидарды несиеге алады. Банкпен бір жылға
несие шартын жасасады. Алайда үш айдан соң Жандосов жұмысынан қысқартылып,
жұмыссыз қалады. Ол банкке барып ай сайынғы төлемді төлей алмайтындығын айтады.
Осы жағдайдан кейін қандай міндеттемелер мен жауапкершіліктер туындайды?
Міндеттеме
Жауапкершілік
Борышкер
Несие беруші
[4]
2. Құқықтық нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек дауларын шешу жолдарын
ұсыныңыз.
Он алты жасар Қасым фирмада жұмыс істейді. Онымен бірге жиырма жастағы
Қайрат та сондай қызметтер атқарып жүр. Бірде жалақы алу кезінде қол қойып тұрып, ол
Қайратқа өзі алатын сомадан екі есе көп сома қойылғанын байқап қалды. Бұл оған
әділетсіздік болып көрінді. Ол өз еңбегі мен Қайраттың еңбегіне төлем арасындағы
айырманың неден тұратынын сұрайды. Есепшінің айтуынша.
біріншіден,
Қасым
кәмелетке толмаған, оған жоғары жалақы алуға әлі ерте;
екіншіден,
Қайрат қалай болғанда
да директордың туысы;
үшіншіден,
Қасымның өзінін жалақысын сұрауға ешқандай
құқығы жоқ;
төртіншіден,
осындай ақпарат үшін сені жұмыстан шығаруға құқығымыз
бар.
Есепші жауабы
Жауабыңызды еңбек заңнамасына
сүйене отырып жазыңыз.
1. Қасым кәмелетке толмаған, оған жоғары
жалақы алуға әлі ерте.
2. Қайрат қалай болғанда да директордың
туысы.
3. Қасымның өзінін жалақысын сұрауға
ешқандай құқығы жоқ.
4. Осындай ақпарат үшін сені жұмыстан
шығаруға құқығымыз бар.
5. Есепшінің берген жауабынан қорытынды
шығарыңыз.
[5]
20
3. Берілген дәлеледерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтың белгілерін көрсетіңіз.
Белгілері
Дәлелдер
1.
Жолаушылардың билетсіз жүруі
2.
Машина жүргізушісі бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кетіп,
басқа машинаны соғуы
3.
Әкімшілік құқықтың ғана емес, басқа да құқық салаларының
нормаларын бұзады. Мысалы: еңбек, азаматтық, қаржылық
құқық нормалары.
4.
Жеке
тұлғаның
қоршаған
ортаны
қорғау
жөнiндегі
санитариялық-эпидемиологиялық
және
экологиялық
талаптардың нормаларын сақтамағаны үшін он айлық есептік
көрсеткіште айыппұл салу
5.
Автобус жүргізушінің жұмыс барысында темекі шегіп отыруы
[5]
4. Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы қылмыстық жауапкершілікті және жаза
түрлерін анықтаңыз.
А. Жүк автокөлігінің жүргізушісі Есімов жол қозғалысының белгіленген ережесін
сақтай отырып, машинаны артқы жаққа қарай айдады. Оның жолдастары, соның
ішінде Арғынов Есімовты ұстағысы келді. Арғынов осы мақсатпен, Есімов
машинаны артқы жаққа қарай жүргізе бастағанда, оған білдірместен машинаға келді
және қозғалыстағы машинаның артқы доңғалағына тасты кіргізуге тырысты. Осы
кезде оның аяғы тастан тайып кетіп, артқы доңғалақтардың арасына қысылды және
ол машина астына басылып қалды. Сот Есімовты Арғыновтың өліміне кінәлі деп
есептеп, оны соттады. Соттың шешімімен келісуге бола ма? Себебін түсіндіріп
жазыңыз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
В. Кәмелеттік жасқа толмаған Тоғжанов пен Үсенов есімді азаматтар Оралова есімді
азаматшаның өміріне және денсаулығына қауіп төндіріп, ұрлық жасады. Оралова
есімді азаматша өзін сақтау мақсатында қорғануға тырысты, нәтижесінде ұрыс пайда
болып, Оралова есімді азаматша өзін қорғау мақсатында шабуылшының біреуін
ұрады. Сол ауыр соққының нәтижесінде шабуылдаушы қайтыс болады. Қылмыстың
субъективтік және объективтік жақтарын атаңыз және қылмысты жеңілдету
тұстарын көрсетіңіз.
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
С. 14 жасар Қасымов көшеден атылмаған оқ тауып алды. Оқтын шын екеніне көз
жеткізгісі келген ол оқты ауладағы ашық отқа тастады. Оттың атылу нәтижесінде 5
жасар қыз ауыр жарақат алды. Қасымовтың іс әрекетінде қылмыстық белгілері бар
ма?
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
[6]
Достарыңызбен бөлісу: