Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


Жұмыс түрі:    сызба толтыру



Pdf көрінісі
бет38/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2

 
Жұмыс түрі:    сызба толтыру.
 
Әдістемелік нұсқау:  
1.  Қазақстан  Республикасы  жалпы  орта  білім  берудің  стандарты,  оқу 
бағдарламасын  және  Р.Ізғұттынова  авторлығымен  шыққан    «Сауат  ашу 
әдістемесін»    мұқият оқып шығыңыз.   
2.Жоғарыда аталған құжаттар мен әдістемелік нұсқауды пайдалана отырып, әр 
кластағы жазуға үйретудің мақсат-міндеттерін жазыңыз. 
                   Оқушыларды жазуға үйретудің міндетті деңгейлері 
                      1  - сынып 
        2-4   сынып 
 Дайындық  кезең  Әліппе кезең 
Әліппеден 
кейінгі кезең 
   Қазақ  тілі 
 
 
 
 
3.Төмендегі  сұрақтарға жауап беріңіз. 
1) Бастауыш мектепте жазуға үйретудің мақсаты қандай? 
2)    Бастауыш  мектепте  жазуға  үйретудің  мақсатынан  туындайтын  міндеттер 
қандай? 
3)  Оқушылардың  көркем жазу  дағдысын  жетілдірудің маңызы неде? 
4) Көркем жазуға  қойылатын талаптарды атаңыз. 
4.Кестені  толтырыңыз. 
                                                    Жазу  түрлері 
                                        1  - сынып 
     2 -4  сынып 
 Дайындық  кезең  Әліппе кезең 
Әліппеден 
кейінгі кезең 
Қазақ  тілі 
 
 
 
 
 
Әдебиеттер: 
1.Кенжебекова Н. Сауат ашу кезінде оқушылардың көркем жазу дағдыларын 
қалыптастыру , жетілдіру жолдары . -Ақтөбе , 2002 . 
2.Наурызбаева Ә., Ізғұттынова Р., Құлажанова  А.Сауат ашу әдістемесі.-
Алматы,1997. 
3. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің стандарты. -Алматы, 
2003ж. 
№ 4 өз бетінше жұмыс.Тақырыбы: Әріпті жазуға  үйрету тәртібі 
Жұмыс түрі: конспект. 


118 
 
Тапсырма: Әріпті жазуға үйрету  тәртібі жөнінде конспект жазыңыз. 
Әдістемелік нұсқау:  
1.Бағдарлама мен «Әліппе» оқулығын пайлана отырып, ең алдымен  әріптердің 
үйретілу ретін жазыңыз. 
2.Ә.Наурызбаева мен Р.Ізғұттынова әдістемесіне сүйене отырып , әріпті жазуға 
үйрету тәртібін жазып шығыңыз. 
3.Осы әдістемеге сүйене отырып , бір сабақ жоспарын жасаңыз. 
Үлгі сабақ жоспары: 
Сабақтың  тақырыбы: Р дыбысы  мен әрпі 
Сабақтың  мақсаты: Р дыбысы мен әрпін таныту, ол арқылы берілген сөздерді 
оқу мен жазуға төселдіру. 
Сабақтың  міндеттері:  а)  Білімділік:  р  дыбысы  мен  әрпін  таныту,  ол  арқылы 
берілген сөздерді оқу мен жазуға төселдіру, сөздердің мағынасын түсіндіру; 
ә)  Дамытушылық:жаңа  сөздерді  оқыту  арқылы    тіл  дамыту  ,  логикалық 
жаттығулар арқылы ойлауын дамыту; 
 б) Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу. 
Сабақ типі: жаңа материалды меңгерту. 
Сабақтың әдістері: салыстыру, талдау, жинақтау,сұрақ-жауап әдістері. 
Сабақтың көрнекілігі:үлестірме суреттер, кеспе әріптер, буындық кесте. 
Сабаққа қажетті  құралдар: оқулық, дәптер, альбом, полотно, текше. 
Сабақ  барысы 
1.Алғашқы  ұйымдастыру  бөлімі. 
2.Дыбыспен  таныстыру. 
1) Радиомен сөйлеу. 
-Балалар, бұл не? 
- Бұл-  радио. 
- Балалар, радио сөзі қай дыбыстан басталып тұрғанын айтыңдаршы? 
- Р дыбысы. 
- Балалар, р дыбысын бірнеше рет айтып қарайықшы. Ол дауысты ма, дауыссыз 
ба? 
- Р дыбысы дауыссыз, ол созылып айтылмайды. 
- Олай болса, оны қай үйге орналастырамыз? 
- Көк  үйге орналастырамыз. 
3.Кітаппен  жұмыс.Оқулықтағы  буын, сөздерді оқыту, оларға дыбыстық талдау 
жасату. 
4.Жазу    жұмысы.  Р  әпінің  элементтерін  атату.Р  әрпін  сымнан  иіп  жазу,  ауада 
жазу арқылы жаттықтыру. 
5.Тіл    дамыту  жұмысы:  оқулықтағы  және  өздері  ойлаған  сөздерді  қатыстырп, 
сөйлем құрату. 
6. Жазу  жұмысы. Р әрпінің бас әрпін жаздыру. 
7.Сергіту жаттығуы. 
8. Сөздерге буындық, дыбыстық талдау жасату. 
9.Жазу жұмысы: Р әрпінің кіші әрпін жазу.Қатемен жұмыс. 
7.Сабақты  қорытындылау. 


119 
 
8.Оқушыларды  бағалау. 
Әдебиеттер: 
1.Наурызбаева  Ә.,  Ізғұттынова  Р.,  Құлажанова    А.  Сауат  ашу  әдістемесі.-
Алматы,1997. 
   2.«Бастауыш мектеп»  журналы. 
№ 5 өзіндік жұмыс. Тақырыбы: Грамматика сабағындағы көркем жазу минуты. 
Жұмыс түрі:сабақ жоспары, күнтізбелік жоспар. 
Сұрақтар: 1.Көркем жазу минуты не мақсатта жүргізіледі? 
2.Бағдарламада көркем жазу минуты жөнінде не айтылған? 
3.Көркем жазу минутын    сабақтың   қай  кезеңінде өткізген тиімді? 
4.Көркем жазу  минуты қалай  ұйымдастырылады? 
5.Көркем  жазу минутын  жүргізу әдістемесін  түсіндір. 
Тапсырма.1-тапсырма.Практика    кезінде   өзің  жүргізген көркем    жазу  минуты  
туралы  айтып бер. 
2-тапсырма.Көркем  жазу минутынан күнтізбелік жоспар жасаңыз. 
3-тапсырма.Сабақ      жоспарын  жасап,  көркем    жазу  минутын  ұйымдастыруды  
түсіндір.Әдістемелік  нұсқау:  1.  Көркем    жазу  минутынан  күнтізбелік  жоспар 
жасау    үшін  «Бастауыш  мектеп»  журналын    басшылыққа  алыңыз    да,  2-
сыныпқа  арналған көркем  жазу минутынан  күнтізбелік  жоспар жасаңыз. 
№ 6 өзіндік жұмыс. Тақырыбы: Суретті жаттығулар 
Жұмыс түрі:конспект, сабақ жоспары. 
Жұмыс түрі: конспект, жаттығулар. 
Тапсырма: берілген  сұрақтарды  ашатындай конспект жасаңыз  және бірнеше  
жаттығу  түрлерін ұсыныңыз.
 
                                     Әдістемелік нұсқау:  
1.Әдебиеттерді  пайдалана  отырып, төмендегі   сұрақтарға жауап  болатындай  
конспект жасаңыз. 
1) Дайындық  кезеңіндегі  жаттығулар  қалай аталады? 
2) Олардың  айырмашылықтары  неде? 
3) Жаттығуларды  жазуға  үйретуде  қандай  әдістерді  қолдануға  болады? 
4) Жаттығуларды  жазып  үйретудің  мақсаты  қандай? 
5)  Мүлдем    жазу    дағдысы  қалыптаспаған    баламен  қандай    жұмыс    жүргізер  
едіңіз? 
6) Бағдарламада суретті  жаттығудың  тәрбиелік  мәні қалай   көрсетілген? 
2.«Бастауыш  мектеп»,«Начальная школа»,«45 минут»  журнал  басылымдарын 
пайдалана    отырып,  суретті    жаттығудың    бірнеше    түрлерін    орындап  
көрсетіңіз. 
Әдебиеттер: 
1.Наурызбаева  Ә.,  Ізғұттынова  Р.,  Құлажанова    А.Сауат  ашу  әдістемесі.-
Алматы,1997. 
   2.«Бастауыш мектеп»  журналы. 
№ 7 өзіндік жұмыс. Тақырыбы:Сызықты жаттығулар.  
Жұмыс түрі:жаттығулар, сабақ жоспары 
Сұрақтар. 1.Сызықты жаттығуларды жазудың мақсаты неде? 


120 
 
2.№1 жазу дәптерінде қандай сызықты жаттығулар берілген? 
3. Әдіскерлер қандай сызықты жаттығуларды ұсынады?
 
1-тапсырма. №1 жазу дәптеріндегі сызықты жаттығуларға талдау жасаңыз. 
1.Сызықты жаттығулар қай беттен басталады? 
2.Ең алдымен қандай сызықты жаттығуларды  жазып үйренеді? 
3.№1      жазу  дәптерінің  7,8,10-беттеріндегі  сызықты  жаттығулар  неліктен 
үзілмей жазылған? 
2-тапсырма.Әр беттегі сызықты жаттығулардың аттарын атаңыз. 
3-тапсырма.Әдіскерлердің  ұсынған      сызықты  жаттығулардың  үлгісін  жазып 
көрсетіңіз. 
Әдістемелік нұсқау: 
Әр беттегі сызықты жаттығулардың аттарын атау үшін «Әріптердің негізгі 
және күрделі элементтері» деген тақырыпты тағы бір рет қарап шығыңыз. 
Талдау үлгісі:  
6-беттегі ///- көлбеу түзу сызық. 
                      - оңға, солға  иілген қармақша. 
7-беттегі      - оңға иілген қармақша 
                     - жоғары сол жағы иілген қармақша 
8-беттегі, 9-беттегі, 10-беттегі 11-беттегі , 12-беттегі 
3-тапсырманы 
орындау    үшін  Н.Потапованың  ұсынған  штрихтау 
жаттығуларымен танысып, өзіңіз осындай жаттығулар үлгісін ұсыңыз. 
№ 8 өзіндік жұмыс 
Тақырыбы: Бас әріптердің негізгі элементтері. 
Жұмыс түрі: элементтер аттарын жазу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет