6
-сөйлеу тілінің дыбыстық ерекшелігін меңгерту арқылы сөздегі дыбыстарды
айқын естіп, дұрыс айтуға үйрету;
-оқушылардың ой-өрісін дамыту;
-балалардың сөйлеу тілін жетілдіру, сөздік қорын байыту, сөйлемді дұрыс
құрап айта білуге үйрету;
-сөзді буындап оқудан тұтас оқуға дағдыландыру;
-дыбыстарды әріптермен таңбалауды жете меңгерту арқылы жазудың
каллиграфиялық талаптарын орындауға, әріптерді сөз ішінде дұрыс
байланыстыра білуге, сөзді тұтас жазуға үйрету, жеке сөздерді, сөйлемдерді
көшіріп және есту бойынша жаза білуді жетілдіру;
-сөйлемдегі сөзлердің айтылуы мен жазылуы нормасын меңгерту,
интонациямен оқуға, сөйлемді бас әріппен бастап жазып, соңынан тыныс
белгісін қоюға жаттықтыру.
Сауат ашу кезеңінде дыбысты әріппен таңбалай білуге (фонетика-
графикалық жазуға) үйретіп қоймайды, сонымен бірге каллиграфиялық
талапқа сай жазу дағдылары қалыптасуы тиіс. Бұл кезеңдегі жазуға
мынадай талаптар қойылады:
- әріптерді көлбеу жазу;
- әдемі, ұқыпты, анық жазу;
- ара қашықтықты сақтай жазу;
- сөзді қолды үзбей тұтас жазу;
- жиек сызығын сақтай жазу.
Бұл талаптарды жүзеге асыру үшін мұғалімнің көп нәрсеге көңіл бөле
жұмыс істеуіне тура келеді. Алайда мектептегі оқушылардың
каллиграфиясын жетілдіруге әлі де болса көңіл бөлінбей келеді. Мектеп
мұғалімдері үшін көмек болар әдістемелік әдебиеттер жетіспейді.
Бұл еңбекте сауат ашу кезеңінде оқушылардың көркем жазу дағдысын
қалыптастыру мен жетілдіру жолдары қарастырылады.
Достарыңызбен бөлісу: