23
қалыптастыруда мұғалім төмендегідей үш нәрсені басшылыққа алуы керек:
біріншісі - әріптерді мәнерлі жазуға және әріпті элементтерден құрастыра
білуге үйрету, екіншісі - әріпті графикалық жағынан дұрыс жазуға
дағдыландыру, үшіншісі – жазу жұмысына өте ұқыпты, мұқият болуды
қалыптастыру.
Мемлекеттік
білім
стандартында
тілді
үйретуде
байланысты
А.Байтұрсыновтың қағидасы басшылыққа алынып отыр: бастауыш сыныпта
бағдарламаға сәйкес жоғарыда көрсетілген білім, білік, дағдылары
қалыптасқан оқушылар сауатты жазуға дағдылану барысында графикалық
түрде қарым-қатынас жасау мүмкіндігіне ие бола алады. Осы арқылы жазуын
ғана емес, сөйлеуін және таным мүмкіндіктерін жетілдіре алады. Таза
жазу дағдысының алғашқы бастамасы әріптің әрбір бөлігін дұрыс сызып
көруі арқылы қалыптасады. Әдетте, мұғалім тарапынан оқушыға әдемі,
сауатты жаздыру ғана емес, оқушының бүкшимей, басын тым төмен
салбыратпай, денесін тік ұстап, өзін дұрыс игеруіне қатты көңіл бөлінеді.
Сондай-ақ
бастауыш
сынып
оқушыларына
жазуға
төмендегі
талаптар қойылады, бұл талаптар бастауыш мектептің барлық сыныбында
жазу жұмысының барысында орындалып отыруға тиіс:
1) әріпті дұрыс жазу, дәптердің көлденең сызығынан ауытқымау;
2)
әріптердің элементтерін жазғанда ұзынды-қысқалы
қылмай,
тегіс,
бірдей жазу;
3) әріптердің бірін оңға,
бірін солға қисайтпай, барлық әріпті
бірдей,
оңға қарай сәл көлбете жазу;
4)әріптердің, сөздердің арасындағы қашықтықты бір қалыпты сақтау, бірте-
бірте жазу қарқынын тездете түсу.
Достарыңызбен бөлісу: