26
талаптар қойылады: партада дұрыс отыру (бұл бұлшық еттердің қалыпты
жұмыс істеуін қамтамасыз етеді), жарықтың түсуі, қағаздың сапалы болуы,
қарама – қарсы түсті сияны пайдалану, жазу құраларының баланың жасына
сәйкестігі, жетілдірілген жазу техникасы (әріптердің көлбеу немесе түзу
кескіні).
Жазу жұмысы, әсіресе үздіксіз жазу жұмысы барынша қажытатын жұмыс
деп есептелінеді, сондықтан мектептің жазу құралдары (қалам, қарындаш,
дәптер, сия) балалардың көру органдары мен олардың жастарына сәйкес өте
әлсіз келетін қолдарының ұсақ бұлшық еттеріне өте көп жүктеме түсірмеуі
керек. Сондықтан, жуан немесе өте жіңішке қаламдарды қолдану әріптердің
дұрыс жазылуына кедергі келтіреді.
Баланың
жазу каллигрифиясының дұрыс қалыптасуына мектеп
партасының жас ерекшелікке сай болуы да әсер етеді. Мектеп парталары—
сыныптағы жабдықтың негізгі түрі. Ертеден келе жатқан Ф.Ф. Эрисман
партасы іспетті отырғышы бірге орнатылған екі орынды парталар көбінесе
бастауыш сыныптарда қолданылған. Қазір отырғышы бөлек парта қолданыста.
Парта үстелінің беті еденге сәл көлбеулеу жасалады. Бұл оқушылардың кітап
оқып, жазу жазғанда көздерінің талмай дұрыс жұмыс істеуіне қолайлы.
Үстелдің ұзындығы 110-130 см, ені 63-70 см, үстел бетінің сыртқы шеті
еденнен 52-79 см биікте болады, дифференциясы 20,5-32 см. Партаның
дифференциясы деп үстелдің оқушы жақ жиегінің биіктігі мен парта
отырғышының арасындағы аралықты айтады. Партаның дифференциясы
оқушы отырғанда денесін тік ұстап, үстелге білектерін қойып отыруға ыңғайлы
болуы тиіс, гигиеналық талапта көрсетілген мөлшерден аспау және аз болмау
керек. Егер партаның дифференциясы дұрыс сақталмаса, оқушының омыртқа
сүйектері қисаяды, дифференция биік болғанда оң жақ сколиоз, дифференция
аласа болғанда сол жақ сколиоз пайда болады. Әрине, бұл талап орындалуы
үшін сынып бөлмесіндегі парта оқушының жас ерекшелігіне сай болуы
тиіс. Парта оқушының бойына сай келмейінше, оның бетінің керекті көлбеулігі
(12 – 15
0
) сақталмайынша жазу ережесін сақтау мүмкін емес.
Қолдың басын бүгілдіретін және жазылдыратын бұлшық еттердің жұмысы
білек, желке және бастың ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруы қамтамасыз
ететін арқа бұлшық еттерінің жұмысымен ұштасады. Демек, басқа да
сабақтағыдай, жазба сабағы үстінде дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт
жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы салдарынан оқушының отыруы
бұзылады. Мұнда организм рефлекторлы жолмен қосымша тірек нүктесін
іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, бұл тыныс алу мен қан
айналымын бұзады. Дұрыс отыру талабы ең алдымен гигиеналық мақсатты
іске асыруды көздейді. Кеудені тым еңкейтіп отыру кеуде қуысын
тарылтып, дем алуды қиындатады да, қан айналысын нашарлатады. Сонымен
бірге кеуденің салмақты бөлігін алға қарай еңкейту кеуде еттеріне салмақ
түсіріп, арқа тұстағы қан айналысын қиындатады, әрі көзге қан көп
мөлшерде баруына әсер етеді. Партада дұрыс отыру талабы: арқаны
орындықтың арқалығына тіреу, бас пен кеудені түзу ұстау, аяқты еденге не
27
партаның аяқтіреуішіне қою, иықты еркін, кеудені үстел жиегінен 2-3 см
қашықтықта ұстау.
Қол мен дәптердің парта үстінде орналасуына да көңіл аударған жөн.
Қолды кеудеден бірқалыпты қашықтықта парта үстінде бірдей тең
симметриялы қалыпта қою талап етіледі. Оң қол оң иықтың ішкі жағындағы
етке, шынтаққа таман тіреліп, алақан, саусақ, білек қимылы кезінде барынша
бос болғаны жөн. «Жазу кезінде қалай отыру керек?» деген үлгі сурет
сынып бөлмесінің көрнекі жерінде ілулі тұруы оқушының бұл талапты
дұрыс орындауына әсер ете алады.
Сурет 1
Жазу барысында қаламның сапасы мен ұстау тәсілі елеулі рөл атқарады.
Қазіргі кезде ең көп тараған жазу құралы қалам болып табылады. Ең
дұрысы жұмсақ өзекті мектепке арналған қаламды пайдаланған жөн. Өзегі
шариктен тұратын немесе сиясы автоматты түрде берілетін қаламдардың
ұзындығы 142-150 мм, диаметрі 8-10 мм, салмағы 10 грамнан артық болмауы
керек. Осындай қаламдарды қолдану ыңғайлы болып келетіні гигиенистік
зерттеулер нәтижесінде дәлелденген. Гигиеналық тұрғыдан алғанда қаттылығы
орташа (М,ТМ) ұзындығы 170-180 мм, диаметрі 7-8 мм қарындаштар мақсатқа
сәйкес келеді. Мектеп жасына дейінгі және мектеп жасындағы балаларға
қырлы
қарындаштарды қолдануға болмайды.
Жазу барысында қаламды 50-60° бұрышпен бас бармақ, сұқ саусақ және
ортаңғы саусақтар көмегімен еркін, бос ұстайды, яғни сұқ саусақты қалам
үстінен үзіп, жоғары көтергенде, қалам бас бармақ пен ортаң қол саусақ
арасында түспей еркін ұсталып отыруы керек. Қаламның жоғарғы жағы оң
иыққа қарай бағытталады. Қалам ұшы менсұқ саусақтың аралығы 1,5 -2
смқашықтықта болса, қалам ұшы мен көздің арақашықтығы 25-30 см
мөлшерде болуы шарт.
Сурет 2
28
Мұғалімнің алдында жазуға үйретудің бірінші күнінен бастап көлбеу
жазуды сақтап жазу, көлбеу жазу дағдысын жетілдіру міндеті тұр. Көлбеу
жазу 65° қалыптасқан шама бойынша іске асырылады. Жоғарыда айтылған
жұмыс дәптерінде көлбеу жазуға төселуге бағыттайтын көлбеу сызық
берілген.
Достарыңызбен бөлісу: