Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі


ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ



Pdf көрінісі
бет13/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2

2.ЖАЗУҒА ҮЙРЕТУДІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖОЛДАРЫ 
2.1.Жазудың графикалық дағдысын қалыптастырудың 
психофизиолигиялық ерекшеліктері 
 
       Кішкене  бала  тілі  шықпай,  қолына  қарындаш  ұстайтын  шаққа  келгенде  – 
ақ,  түрлі  сызықтар  сыза  бастайды.  Л.С.Выготскийдің  зерттеуі  бойынша,  ол 
бізге, үлкендерге, шимай сызық болғанмен, бала үшін ішкі ойдың көрінісі, яғни 
бала ойын қолының қозғалысы арқылы көрсетеді. Тілі шыға бастаған кезде бұл 
шимайлар  мағыналы  сызықтарға  айнала  бастайды.  Бала  ол  сызықтарына  ішкі 
ойлау арқылы мағына беріп, бара-бара ойын сыртқа тіл арқылы шығарып сурет 
сала  бастайды.  Сурет  сала  отырып,  сөйлеп  отырады.  Міне,  біз  осы  ішкі 
психикалық  үрдіс    арқылы  балада  табиғи  тәсіл  қалыптасады  деп  
қарастырамыз.  Сонда  табиғи  тәсіл  деп  отырғанымыз  әуелі  шимай,  кейінгі 
суреттер  салу  –  баланың  ішкі  ойының  сыртқа  шығу  тәсілі.  Бұл  тәсілді  бала 
мектепке  дейін  дамытып  келеді.  Мектепке  келгеннен  кейін  бұл  тәсіл 
ескерілмей, жазуға үйретудің дәстүрлі әдістемелік жолы қолданылады. Балаға 
таныс  емес  жаңа  тәсіл  оның  даму  динамикасын  күрт  басқа  арнаға  салып 
жібереді.  Бір  ағаштың  бұтағын  кесіп,  екінші  ағашқа  телігендегі 
жасандылықтың  табиғи  өсу  қалпына  түсіп  кетуіне  кететін  уақыт  пен  күтім 
қажеттігіндей,  жасанды  шаралар,  әдіс-тәсілдер  баланың  жазу  дағдысын 
дамытуды кешеуілдетеді. Баланың өзі білетін символикасын, яғни толық ойды 
білдіретін  фразаларды  суретпен  бере  алу  қабілетін,  басқа  символикалық 
(әріптік)  жазуға  бір  қалыпты  көшірмей,  бірден  көшіру  бала  дамуын  тежеп 
тастайды.  Әбден  әріптерді  үйреніп,  сөздерді  сөйлемдерді  жазып  кеткенше, 
табиғи  тәсілін  тоқтатып  қойып,  әңгіме  жазар  шақ  келгенде,  «ал  енді  әңгіме 
жаз» деген тапсырманың балаға қорқынышты болатыны осыдан деп ойлаймыз. 
Бұдан шығудың жолы – балаға графикалық жазу дағдысын үйрету. Оны сызба 
бойынша  былай  көрсетуге  болады.  Баланың  алғашқы  символикалық  жазуы  – 
пиктографиялық  жазудан  (заттың  суретін  салу  арқылы  жазу)  символикалық 
жазу  –  идеограммалық  жазуға  (сөздің,  ойдың  суретін  салу  арқылы  жазу) 
көшіру  үрдісі  жазу  дағдысына  үйретеді.  Бұл  үрдіс  жазба  тілге  көшуге  ықпал 
жасайды. Баланы жазуға үйретуде психологиялық жағынан дайындайтын осы 
кезең болуға тиіс. Мұны зерттеп көру өте қиын жұмыс. Бірақ бір анық нәрсе: 
баланы  нағыз  жазуға  үйрету  жазу  дағдысын  қалыптастырумен  келмейді, 
заттардың  суретін  салудан  сөз  суретін  салуға  көшу  арқылы  үйретіледі.  Алты 
жасар оқушылардың қолдарын жазуға үйрету – аса күрделі жұмыс. Сондықтан 


40 
 
жұмыс  дәптерінен  басқа  оқушыларда  қосымша  сурет  дәптері  болған  жөн. 
Сабақтың  соңына  қарай  трафареттерді  пайдалана  отырып  сурет  дәптерінің 
бетіне  түрлі  формаларды,  фигураларды  (жан-жануарлардың,  ертегі 
кейіпкерлерінің,  құрылыстардың,  т.б.)  түсіріп,  түрлі  –  түсті  қарындаштармен 
сызықтар  жүргізуге,  бояутуға  болады.  Сондай-ақ  саусақ  сезімін  арттыру 
мақсатында  кедір-бұдыры  бар  қағаздан  әріптерді  қиып,  қатты  қағазға 
жапсырады  да,  оқушылар  сол  әріптерді  сипалап  отырып,  ажыратады,  жазылу 
ерекшелігін  аңғарады.  Сондай-ақ  үйренген  әріптерді  пайдаланып  айтылу, 
жазылу  ерекшелігіне  арналған  түрлі  ойындар  өткізуге  болады.  Жазуға  
үйренуде    уақытша    нерв    байланыстарын    шартты    рефлекс    арқылы    емес,  
операнттық    рефлекс    арқылы    қалыптастырудың    мәні    ерекше    болып  
табылады.    Мұның    мәнісі    балаға    дайын    жұмысты    орындату      арқылы  
дағдыландырудан  гөрі,  өздеріне  тапқызу,  оларды  ізденіп,  қиналуға  мәжбүр  
ететіндей    тапсырмалардың    тиімді    нәтиже    беретіні    мәлім.    Мұның  
барлығының    да  мақсаты      қалыптасқан    уақытша    нерв    байланыстарын 
(дағдыны)  сақтау (сауатты  жазу  дағдысын)  екенін  жақсы түсініп,  білімін   
жетілдіріп,    педагогикалық    шеберлігін    ұштап    отырған    мұғалім    ғана  
жұмысын  ойдағыдай  ұйымдастыра  алады. 
       Жазу  дағдыларын  қалыптастыру  немесе  оны  дамытып  отыру  негізгі 
шарттардың  бірі  әрі  ең  бастысы,  оқушының  жазба  жұмыстарын  орындау 
кезіндегі  психологиялық  ерекшеліктерін  айқындау  болып  табылады.  Сынып 
оқушыларының  біреуін  немесе  әрбір  жеке  оқушыда  жазба    жұмыстарын 
орындау барысында әр түрлі психологиялық-физиологиялық өзгерістер болып 
отыруы  мүмкін.  Ондай  психофизиологиялық  өзгерістерді  байқамаудың 
салдарынан орындалған жазба  жұмыстардың нәтижесі де әр деңгейде болады. 
Жазу-  өте  күрделі  процесс.  Ол  адамның  ми  іс-әрекетімен  және  анатомия-
физиологиялық 
құрылымымен 
байланысты. 
Мәселен, 
Р.Е.Ленвиной, 
Ж.И.Шиф,  С.М.Блинкова,  А.Р.Лурия,  т.б.  еңбектерінде  адамның  ми 
қыртыстарының бұзылуы оның жазу  және сөйлеу  тіліне кері әсерін тигізетіні 
дәлелденген.  
Көркем  жазуға  үйрету  кезінде  саусақтың  қозғалысының  маңызы  зор, 
оқушы  қаламсапты  ұстай  білуі  керек.  Бұл  қозғалыстар  мектепке  дейінгі 
кезеңде  қалыптасады.  Баланың  шар,  төртбұрыш,  т.б.  заттарды  ұстай  білу 
қабілеті  15  айлығында  дамыса,  қаламсап  ұстай  білу  қабілеті  кешірек 
қалыптасады. Т.С.Коморова: «Бала 3 жасында қол қимылы қалыптасқанымен, 
қаламсапты  ұстай  алмайды»,-  деген  болатын.  Бұл  қабілеттерді  арнайы 
жаттығулар  арқылы:  сурет  салу,  жабыстыру,  т.б.  негізінде  қалыптастыруға 
болады.  Е.Н.Соколова  өз  зерттеу  жұмысында  4–7  жасар  баланың  саусақ 
сүйектері 
онша 
дамымағандығы, 
олар 
жазған 
кезде 
ерні 
қоса 
қимылдайтындығы,  сол  арқылы  сөйлеу  және  қол  қозғалысы  бір  –  бірімен 
байланысты  болатындығы  дәлелденген.  4–5  жасар  баланың  салған  түзу 
сызықтары  қисық  және  ирелек  болып  келеді.  6  жасар  балада  жазубіршама 
түзеледі. Алайда, тік сызықты элементтерден дөңгелек элементтерге көшкенде 
біршама    ауытқулар    болуы    мүмкін.  Д.Б.Эльконин,  Л.Ф.Ткачев,  Л.В.Журов, 


41 
 
т.б.  зерттеулері  бойынша  6  жасар  баланың  жазуымен  қатар  дауыстап  оқу 
қабілеті дамыған. Сондықтан бұл екеуін бірге алып жүрудің маңызы зор. 
       Жазудың  графикалық  дағдысы  мектепке  дейін  қалыптасатыны  белгілі, 
мектепке дейінгі (3 жасар) балалар қолына қаламсап алып сурет және сызықтар 
сыза  бастайды.  Кешірек  мектепке  дейінгі  салған  суреттерін  көзбен  бақылап, 
жеке әріптер сала бастайды. Баланың сурет сала бастауы қолын, саусақтарын, 
көзін  дамытып,  жазуға  дайындайды.  Бала  мектепке  келеді,  бірақ  мұндай 
дайындықтың  кері  әсері  де  бар.  Мәселен,  сурет  салу  кезіндегі  қаламсапты   
ұстау  дағдысы  қалыптасып  қалады,  ал  бұл  жазу  кезіндегі  қаламсап  ұстау 
гигиенасымен сәйкес келе бермейді. Мысалға, үй, ағаш, шарбақ салғандағы тік 
сызық көлбеу жазуға кері әсерін тигізеді, сөйтіп бала көлбеу жазудың орнына  
тік  жазады.  Бұндай  дағдыны  қалпына  келтіру  тек  жаттығудың  нәтижесінде 
ғанажүзеге  асырылады.    Жазуға  үйренудің  басында  6  жасар  баланың  жазу 
жылдамдығы  баяу  қарқынмен  дамып,  оқу  жылы  аяғында    7  жасар  баланың 
жазу  жылдамдығымен  тең  болады.  Оған  себеп-  олардың  бұлшықетінің  әлі 
толық  дамымауы.    Жазуға  үйрету  барлық  әріпті  салып  біткенде  аяқталады 
деуге  болмайды,  өйткені  сауат  ашудың  екінші  кезеңінде  орфографиялық, 
сауатты жазу дағдысы қалыптасады. 
       Осы  уақытқа  дейін  жазбаша  тілді  меңгерудің,  яғни  оқушылардың  жазу 
дағдысын  қалыптастырудың  бастауышта  үш  кезеңі  (элементтік  кезең,  әріптік 
кезең,  әріптерді  жалғастырып  жазу  кезеңі)  бары,  сол  кезеңдерге  қойылатын 
талаптарды  орындауға  төселдіру  қажеттігі  және  мұның  бәрі  күрделі  процесс 
болып табылатындығы туралы біршама айтылып жүр. Л.С.Выготский: « ... әріп 
жазуды  жазуға  үйрету  деп  ойламау  керек»,-  дей  келіп,  әрі  қарай  осы  күнгі 
қолданылып  жүрген  дыбыстық  талдаудың  да  жазуға  үйрету  жолына 
жатпайтыны  туралы:  «...  тәжірибе  көрсеткендей,  сөз  ішіндегі  дыбыстарды 
талдай  алатын  бала  сөз  жазып  кетеді  деп  айтуға  болмайды,  оған  жазу 
механизмін  үйрену  қажет»,-  дейді.  Олай  болса,  баланы  жазу  механизміне 
үйрету- баланың ішкі ойын сыртқа шығарудың табиғи тәсілі. 
Бастауыш  сыныптардағы  жазу  сабақтарының  мақсаты-  балалардың  жазу 
тілі  дағдысын  қалыптастыру.  Жазу  дағдысының  психологиялық  негізі  мидың 
үлкен  жарты  шар  қабығындағы  анализатор  ұштарының  бір  –  бірімен  күрделі 
байланысқа түсуі, екінші сигнал жүйесінің жинақталып, бір арнаға бағытталуы 
болып  табылады.  Жазу  тілі  көзбен  қабылданады,  қолмен  іске  асады.  Ауызша 
сөйлеу  есіту–кинестезиялық  нерв  байланыстары  арқылы  өтеді. Жазу  тілі 
ауызша сөйлеуден кейін шықты, сондықтан да ол үнемі ауызша тілге сүйеніп 
отырады. Ең  алғашқы  ерте  дәуірде  адамдар  қандай  да болмасын  бір оқиғалар 
туралы мәліметтерді кейінгі ұрпаққа қалдырутүрлі суреттермен белгілейді. Бұл  
кезең    идеографиялық  сөйлеу  кезеңі  деп  аталады.  Идеографиялық  сөйлеу 
белгілі  бір  айтылатын  жағдай  туралы  еске  түсіру  рөлін  атқарады.  Кейінірек 
иероглифтік  жазу  шықты.  Бұл  заттарды  немесе  тұтас  ойды  білдірген.  Біздің 
қазіргі  қолданып  жүрген  жазуымыз  әріптік  жазу.  Бұл  кейінірек 
шыққан. Жазудың  құрамына  әліпби,  графика  және  орфография  (емле)  енеді. 
Әліпби – тіліміздегі әріптердің белгілі бір жүйемен орналасу  тәртібі, графика 


42 
 
дыбыстың, буынның немесе сөздің айтылуы қалай болса, солай таңбалануы, ал 
орфография  -тілдің  белгілі  бір  нормаға  келтірілген  ережесін  сақтап  жазу. 
Әліпби мен графиканы меңгеру – оқу мен жазудың (сауат ашудың) ең алғашқы 
ең  қарапайым,  бірақ  ең  маңызды  дағдыларын  қалыптастыруды  көздейді. 
Алайда  жазуды  меңгеру  оның  тағы  бір  басты  бөлігі  орфографияны  (сауатты 
жазу)  игеруді  қажет  етеді. Бастауыш  сынып  оқушылары  орфографияны  игере 
отырып,  сауатты  жазуға  дағдылану  барысында  графикалық  түрде  қарым– 
қатынас  жасау  мүмкіндігіне  ие  болады,  өзінің  сөйлеуі  мен  таным 
мүмкіндіктерін  жетілдіре  береді,  соның  негізінде  жеке  басының  жалпы  даму 
деңгейі  жоғары  дәрежеге  көтеріле  береді.  Орфография  жазудың  бүкіл 
жағдайларын  тәртіптейді. Қазақ  тілі  орфографиясының  негізгі  қағида  – 
морфологиялық  қағида, яғни түбір сөздің соңғы дыбысы қосымша аралығында 
да  (басшы,  башшы  емес),  сөз  шекарасында  да  (боз  құнан,  бозғұнан  емес) 
біріккен сөздерде де (Үмбетбай, Үмбетпай) емес сақталып жазылады. Тілімізде 
орыс тілінен енген, аяғы үнді дыбыс- әріптерге біріккен бірсыпыра сөздер бар 
(Ленинград, клуб, педагог т.б.) бұл сөздердің соңғы үнді дыбыстары айтылуда 
қатаң  дыбыстарға  айналады,  яғни  д,  г,  б  дыбыстары  қатаңдап,  к,  п 
дыбыстарына  айналып  айтылады.  Мұндай  сөздерге  қосымша  да  қатаң 
дыбыстан басталып  жалғанады:  Ленинградқа,  педагогке,  клубтан,  т.с.с.  Бұлар 
грамматика  ережелеріне  сүйеніп  үйретіледі.  Демек,  жазуға  үйрету  әдістемесі 
тіл  ғылымының  ерекше  бір  саласы  болып  табылатын  жазу  теориясына 
сүйенеді.  
        Сауат  ашу  кезінде  жазу  сабақтарында  балалар  әріп  элементтерін  немесе 
жекелеген  әріптерді  жазғанда  ұзақ  уақыт  жазып  отырмауын  қадағалау  керек. 
Өйткені  ұзақ  уақыт  бір–екі  элементті  немесе  бір  әріпті  жаза  берсе,  бала 
шаршайды да, сабаққа  зейін қоюдан қалады, сондықтан 3–5 минут жазғаннан 
кейін  қолдарына  демалыс  беріп,  сонан  соң  құрамында  үйреніп  отырған  әрпі 
бар  сөздерді  жазуға  көшкені  дұрыс.  Жұмыс  түрі  өзгергенде  балалар  да  оған 
зейін  қоя  бастайды.  Сауат  ашу  барысында  балалар  сөздер  мен  сөйлемдерді 
естерінде ұстап жазуға үйренулері қажет. Ол үшін айтылуы мен жазылуының 
арасында  ешбір  айырмашылық  жоқ  сөздер  алынады  және  бұл  кезде  әріптер 
таңбасы  арқылы  (жазба  таңбасы)  берілген.  Сөздер  мен  сөйлемдерді  көшіріп 
жазу  ұсынылады,  ал  сауат  ашу  аяқталғаннан  кейін,  баспа  таңбалы  әріптер 
жазылған  мәтіндер  көшіртіледі.  Осы  жұмыстардың  бәрінде  де  оқушылар 
жазуға кіріспес бұрын сөздердібуынға, дыбысқа талдайды. 
       Әдемі  жазу  -  өнер.  Таза,  анық, әдемі  жазуды  оқу  да  жеңіл  ондай  жазумен 
берілген  ойды  түсіну  де  оңай.  Әріп  таңбалардың  әдемі,  көркеметіп  салуға 
жаттықтыру  мақсатында  жүргізілетін  жұмыстардың  оқушы  бойында  жақсы 
қасиеттердің  қалыптасуында ықпалы бар.  
       Жазу  сабағына  қойылатын  педагогикалық  талаптар.  Оқу  жұмысын 
ойдағыдай  жүргізу  үшін  балалардың  жас  ерекшеліктері  мен  жеке 
ерекшеліктерін,  олардың  зейін,  қабылдау,  ес,  ойлау,  қиял  ерекшеліктерін, 
сезім,  ерік  жақтары  мен  жеке  қасиеттерін  жақсы  білуі  керек.  Алты  жасар 
баланың зейіні тұрақсыз, оның толқуы сабақ үстінде күшті, ал бөліну қасиеті 


43 
 
мүлде  жоқ,  көлемі  өте  шағын  болады.  Сондықтан  оқудың  алғашқы  күнінен 
бастап–ақ балаларды тыңдай білуге, оңай тапсырмаларды дәл орындап жүруге 
үйрету  қажет.  Бұлардың  зейіндері  заттарды  бақылай  білуі,  олармен  жұмыс 
жасауы  (әріптерден  сөз  құрау)  арқылы  тәрбиеленеді.  Балалар  суреттерді 
көргенде,  әңгіме,  ертегі  тыңдағанда  зейіннің  тұрақтылығы  арта  түседі. 
Сабақтарда пайдаланатын ойын элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-
әрекет 
формаларын 
жиі 
өзгерту 
 
балалар 
зейінін 
тәрбиелеуге 
көмектеседі. Алтыжасарлардың  қабылдауы  мен  ойлауында  да  толып  жатқан 
ерекшеліктер  бар:  олар  ажырата  қабылдауды  білмейді,  тұтас  қабылдайды. 
Мұғалім  тапсырма  бергенде  дәлдеп,  бөліктерге  бөліп  беру  немесе  заттар  мен 
құбылыстардың  құрамымен  таныстыруды  ескергені  жөн.  Мектепке  алғаш 
келген  жас  буын  алғашқыда  «сөз,  буын,  дыбыс»  терминдерін  шатастырады; 
мұғалім  бірте  –  бірте  бұл  сөздердің  әрқайсысының  мағынасын  ажыратып, 
мәнін  аңғартуға  үйретеді.  Оқытудың  мазмұны  оқушылардың  жас 
ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Алайда оқылатын материал үнемі оңай, жеңіл 
-  желпі  орындалатындай  болуы  қажет  деген  ұғым  тумаса  керек.  Оқыту 
үрдісінде  шамасы  жететін  қиыншылықтарды  өз  күштерімен  жойып  отыруға 
оқушыларды  мәжбүрлеген  жөн,  өйткені  қиындық  кездеспейінше,  ойлау 
белсенді  қызмет  атқара  алмайды.  Ал,  екінші  жағынан,  шамасы  жетпейтін 
қиындыққа  кездессе,  ой  тежелуге  ұшырайды,  ерік  күші  мұқалады.Ендеше 
бұдан  шығатын  қорытынды  –  сабақтың  түсінікті  болуы  шарт.  Сабақтарда 
көрнекілікті  қолданғанда  да  басы  артық,  тым  көп  көрнекілік  те  балалардың 
зейінін  жинақтау,  тұрақтандыру  емес,  керісінше,  аландатып,  зиянын  тигізуі 
мүмкін.  Педагогиканың  талабы  бойынша,  сауат  ашудың  бірінші  күнінен 
бастап–ақ оның тәрбиелік мәніне зор көңіл бөлінеді. Балалардың эстетикалық 
талғамын дамыту ертегі, көркем әңгіме, өлең, оқу, сурет, музыка, т.б. арқылы 
жүзеге асырылады. 
        Гигиеналық  талап  дегеніміз  –  оқу,  жазу  жұмысы  кезінде  атқарылатын 
физиологиялық  шаралардың  жиынтығы.  Бұл  шаралардың  орындалуы 
оқушының 
психофизиология 
дамып 
жетілуін 
қамтамасыз 
етеді. 
Алты жастағыларды оқытудың тиімді амалдарын саналы меңгеру үшін мұғалім 
төменде келтірілген негізгі жағдайларды білуі тиіс: 
1.Дыбыстық  талдау  сөзден  жеке  дыбыстарды  бөліп  алып  және  оларды  атап 
өтумен  ғана  шектелмейді.  Ол  сөздегі  дыбыстардың  бірізділігін,  дыбыстық 
құрылымын  сақтап,  сол  қалпында  қабылдап  және  қайтадан  еске  түсіру 
шеберлігінен  айқындалады.  Балалар  сауат  ашу  кітабындағы  әр  әріптің 
маңызын түсінуі керек. 
2. Сөздің дыбыстық құрылымын білу. 
3. Оқу мен жазу элементтері қатар жүреді.  
Оқу мен жазудың негізі –дыбыстық талдаудың құрылымын түсінуі. Бағдарлама 
талабына  сәйкес  балаларда  жазудың  графикалық  дағдысы  (әріптерді  дұрыс 
жазу  және  олардың  байланысы)  мен    сөздің  дыбыстық,  әріптік  құрылымын 
дұрыс  жаза  білуі  қалыптасуы  керек.  Жазу  бірнеше  бөліктерден  құралады: 
жазатын сөздерге талдау жасай білу, дыбыстардың реттілігін сақтау, дыбысты 


44 
 
сәйкес  әріппен  белгілеу,  бейнелеу.  Бастапқы  кезде  бұл  бөліктер  арнайы 
қайталанады. Жазу сабағы дыбыстық талдаусыз өтпейді. Сауат ашу кезеңінде 
жазудың  негізі  қаланады.Балаларды    жазуға  үйретудің  алғашқы    сатысының 
өзінде-ақ  әр  түрлі  психикалық    құбылыстар    болуы    мүмкін.  Оқу  басында 
балалардың    60%-ы  әр  түрлі    қиындықтарды    басынан    кешіреді,  бұл  
қиындықтардың  90%-ы    жазумен    байланысты.  Жазу  –  адам    әрекетінің    ең  
күрделі    түрі,  жазу    дегеніміз  ауызша   сөз  элементтеріне  сәйкес  элементтерді  
қағазға    немесе  басқа  материалға    түсіру    арқылы    жүргізілетін  сөйлеудің  
ерекше  формасы. Жазу  үрдісіне ми  қабаты, көру, есту, сезім мүшелері  мен 
көптеген  бұлшық  еттері  қатысады.  Бұл  процесс  мектепке алғаш келген бала  
үшін өте  қиын.  
       Жазу    дағдысы  бір    мезгілде  қалыптасатын  өте  дәл  координацияны  талап  
ететін  қозғалыстар  болып    табылады.  Жазуды    меңгеру  үрдісі    күрделі 
психофизиологиялық    құрылымға    ие,  ол  есту  арқылы    талдау,  артикуляция, 
әрбір 
графикалық 
 
элементтің 
(әріптің) 
көру-қозғалыс 
образын 
қалыптастыруды  қажет    етеді.  Бұл  кезде    балалар    сөздің    қағаздағы  кескіні 
әріптер- графикалық  белгілер туралы  ұғымды  меңгеріп, әріптердің әр  түрлі 
жазылу нұсқаларын (баспа, жазу, бас әріптер, кіші  әріптер) меңгереді. Балалар  
сөйлеу дыбыстарын қатесіз  ажыратып, дұрыс  жазып, сәйкес  әріптерді  тани  
біледі.  Сонымен    қатар  бір    мезгілде    орфографиялық    дағдылар  да 
қалыптастырылады, бір буынның  «қалып қоюы»  жазу машығының қалыптасу  
барысын    қиындатады.  Сондай-ақ  алты    жасар    баланың    қолының    бұлшық  
еттерінің  әлі    толық  жетілмеуі,  сүйектерінің  әлі    бекімеуі,  өз    қозғалысын  
жүйелі  басқаруының жетілмеуі, тұрақты  жүктемелерге  шыдамсыз болуы да 
жазуды    меңгеруді    қиындатады.  Жазу    кезінде    оқушының    бір  мезгілде  
бірнеше  міндетті    орындауының    өзі    қиындықтарға    соқтырады.  Сондықтан 
сауат  ашу  кезінде аталған  қиындықтармен тікелей  санаса  отырып, оларды  
жеңу    шарасын    ойластыру    қажет    болады.Ол  үшін    жазудың    графикалық  
машықтарын  (әріп    элементтерін    жазу,  жеке    әріптерді    жазу),  әріптерді  
қосып,  буын,  сөз      жазу  машықтарын  жетілдіріп,  жазу    жаттығуларын  ұдайы  
жүргізу  керек. Жазу үрдісін жүзеге асыру үшін жазу құралдарының (қаламсап, 
қарындаш,    бор)  көмегі  керек.  Бұл  заттардың  қолданылу  жолдарын  білу 
міндетті.  
Ережесі: 
1. Жазудың құралдарын пайдалана білу. 
2. Дәптердің дұрыс орналасуы. 
3. Дұрыс отыра білу. 
4. Қолдың дұрыс қозғалысы. 
Дұрыс жазу үшін: 
1. Үлгі мен жазудың нәтижесін салыстыра білу. 
2. Баспа әріпті жазбаша түрде жаза білу. 
3. Әріптің дұрыс жазылуын білу. 
4. Әріпті байланыстыра білу (үзіліссіз, жоғарғы жағынан, төменгі жағынан). 
5. Әріптің біркелкілігін сақтау. 


45 
 
6. Сызықтар арасында және бір сызықта жаза білу. 
7. Жазудың басталуы және бір жолды дұрыс толтыра білу. 
8. Жазу бағытының дұрыстығы. 
       Оқушылар  бұл  ережелерді  бірден  меңгеріп  кете  алмайды,  сол  себепті 
мұғалім оны оқушы есіне үнемі салып отырады. Көп жағдайда оқушы жазуды 
үйрене  бастағанда  дәптердің  дұрыс  орналасуы,  дұрыс  отыру,  қаламсапты 
дұрыс  ұстау  сияқты  ережелерді  ұмытып  кетеді:  қаламсапты  бар  күшімен 
ұстайды, жазуы түзу болу үшін өзіне қарай тік сызуға тырысады, бірақ көлбеу 
жазу керек екендігін ұмытып кетеді. Мұндай қателіктерден қашу мүмкін емес. 
Қатені  түзеу,    әр  оқушыға  ескерту  ұзақ  уақытқа  созылады.  Оқушылардан 
орфографиялық  жазуды  талап  ете  бастағанда  оқушылар  тақтадан  немесе 
мұғалім  айтуы  бойынша  жазады  да,  жазудың  графикалық  сауаттылығын 
бақылау  баяулайды.  Тіпті  мұғалім  айтқан  дыбыс  таңбаларының  формасын 
ұмытып кетеді. 
       Оқушы  жазуының  айқын  болмау  себебін  көбінесе,  оның  жазуға  жете  мән 
бермеуіне,  дыбыс  таңбаларының  нақты  формасын  ұмытуынан  немесе  жазу 
жылдамдығының  өте  жоғары  деңгейде  болуынан  деп  жүрміз.  Сондықтан 
аталған  кемшілікті қайталамауға,  айқын,  көркем  жаза  алмаған  жағдайда баяу, 
асықпай жазуға кеңес берумен шектеліп келеміз. Бірақ бұндай түсініктемелер 
мен  кеңестер  оқушының  жазу  дағдысын  дамытуға  аздық  етеді.  Оқушының 
жазу жұмыстарына жете мән бермеуі, дыбыс таңбаларының жазылу формасын 
ұмытып қалуы ғана жазу айқындығы мен көркемдігін төмендетпейді. Сонымен 
қатар,  оның  әдемі,  айқын  жазуға  деген  шамадан  тыс  ұмтылысы  да  жазу 
айқындығының  төмендеуіне  әсерін  тигізеді.  Яғни,  оқушының  жазу 
жылдамдығын  бірден  емес  бірте  –  бірте  дамытып  отыруы  тиімді.  Оқушы 
дыбыс  таңбаларының  дұрыс  жазылуын  ұмытып  қалады    деу  бір  жақты  пікір, 
өйткені оқушы баяу жазу кезінде дыбыс таңбаларын дұрыс жаза біледі де, тек 
жазу  жылдамдығы  артқан  кезде  ғана  асығыстыққа  жол  беріп,  кемшілікке 
ұрынады. Әсіресе, жылдам жазу кезіндегі оқушының  бір-біріне ұқсас н, п, и, к 
әріптері  мен  м,  ш,  т  әріптерін  бір  –  бірінен  ажырату  көп  қиындық 
келтіреді.Оның  себебі  оқушылар  бұл  дыбыс  таңбаларын  үзіліссіз,  бір 
бағыттағы  қозғалыспен  жазады  да,  дыбыстардың  өзіндік  жазылу  формасын 
сақтамайды.  
       Жазу  дағдыларын  игеру  үшін  оқушы  әрбір  дыбыс  таңбаларының  жазылу 
формасын,  олардың  бір–  бірімен  қалай  жалғанатынын,  жазу  кезіндегі 
гигиеналық  талаптарды,  әсіресе,  жазу  жылдамдығы  артқан  кезде  де  жазу 
айқындығын  сақтауды  меңгеруі  шарт.  Бұл  шарттардың  барлығы  да  балалар 
бойында  жазу  кезінде  нақты,  тұрақты  дағдыларды  қалыптастыру  және  оны 
дамыту барысында жүзеге асады. 
       1–сыныпқа  оқуға  дайындықтары  әр  түрлі  балалар  келеді.  Олардың  ішінде 
кейбіреулері  кітапты  жүгіртіп  оқи  алады,  ал  екіншілері  ежелеп  оқиды,  ал 
үшіншісі  буындап  оқиды,  төртіншілері  тіпті  оқи  да  алмайды,  әріпте 
танымайды.  Сондықтан  мұғалім  ең  алдымен  өз  сыныбына  түскен  оқушының 
құрамымен  танысады,  олардың  қайсысының  қалай  оқитынын  біледі. 


46 
 
Дайындығы  нашар  оқушылармен  сабақ  үстінде,  сабақтан  тыс  уақытта  үнемі 
жеке жұмыс жүргізіледі. Әрбір оқушының дайындығына қарай тапсырма дәл , 
тең  беріліп,  оларды  түгел  қамтиды.  Мұнда    әрбір  бала  бір  тапсырманы 
орындағанда  сол  сынып  ұжымының  ең  бір  пайдалы  мүшесі  ретінде  сезінетін  
жағдай  жасалғаны  жөн.  Бұл  жұмыстардың  барлығының  келісімді  қызмет 
жасауын  қамтамасыз  етіп,  әр  оқушының  дайындығына  қарай,  жазу  дағдысын 
жетілдіру  керек.  Әрбір  сабақта  балалар  өздіктерінен  орындау  үшін  тапсырма 
алады. 
Жазуға үйрену тілдің ерекшеліктеріне қарай әр түрлі дәрежеде өтеді: 
1)фонетикалық жазу дыбыстық-әріптік талдауды шебер жүргізуді, дыбыстарды 
дұрыс, анық айта білуді, айтылған дыбыстарды дәл айыра алуды талап етеді;  
2)морфологиялық  жазуда  сөздің  грамматикалық  мағыналарын  түсініп, 
ережелерді үйрену басым болады. 
Жазуға үйрену үшін қажетті жағдайлардың бастылары:  
1.Жазылатын  сөздің  мағынасын,  мәнін  анықтау.  Мұғалім  көшіруге  ұсынған 
немесе  оқып  айту  арқылы  жаздыратын  сөздің,  сөйлемнің, мәтіннің  мағынасын 
оқушылардың анық түсінгеніне көз жеткізгеннен кейін ғана жаздырғаны жөн.  
2.Сөздің айтылуына және жазылуына, грамматикалық формасына мұқият көңіл 
аудару; жазғандарын саналы түрде есте ұстауға жағдай жасау: оқы, ойлан, есіңе 
сақта, жазып ал, тыңда, зейін аудар, т.б.  
Жіберілген  қателермен  жұмыс  жасау:  жазғаныңды  тексер,  түзет,  қайта  жаз, 
осыған  ұқсас  мысал  ойлан,  т.б.  оқушылардың  белсенділігін  көтеру  және 
өздіктерінен жұмыс жасауға баулу.  
3.Сөйлем  мен  сөзді  талдау  жұмысын  жүйелі  түрде  жүргізіп  отыру:  салыстыру, 
талдау, жинақтау жұмыстары, «неге?» сұрағын көбірек қою. 
4.Сөйлеу әрекетінің бірде–бір жағын естен шығармау керек: дыбыстық, әріптік 
талдау,  сөз  құрамына  жаттығу,  сөз  таптары  бойынша,  синтаксис  және 
байланыстырып  сөйлеуге  үйрету  жұмыстары.  Орфографиялық  жаттығуларды 
(көшіру,диктант) сөйлеу жаттығуларымен (мазмұндама, шығарма) кезектестіріп 
өткізу. 
5.Грамматикалық 
жаттығуларды 
сөздік-орфографиялық 
жаттығулармен 
кезектестіру.  Орфографиялық  дағды  жөнінде  айтылғандар  пунктуацияға  да 
қатысты.  Бірақ  пунктуацияға  үйрену  жұмыстарының  өзіне  тән  ерекшеліктері 
бар. Тыныс белгілерін қою да ережелерге бағынады. 
       Жазуды  үйренудің  бірінші  кезеңінде  көптеген  артық  қозғалыс    жасалып, 
энергия көп кетеді. Бала қаламсапты  қатты ұстайды,беттің бұлшық еттері мен 
бүкіл  дененің  бұлшықеттеріне  күш  түседі.  Қолдың  қозғалысы  жазу  үрдісінің 
алғашқы  кезінде  жай  қимылдайды,  дегенмен  мектепке  дейінгі  баланың 
қозғалысынан әлдеқайда жоғары болады. Т.С.Комарова мен Е.Н.Соколованың 
зерттеуі бойынша 4 және 6 жасар баланың қимылының жылдамдығы бірнеше 
айлар  бойы  арнайы  жаттығулар  барысында  бақыланады.  7–8  жасар  балаға 
берілетін  жаттығулардың  өзі  оның  жылдамдығын  арттыруға  мүмкіндік 
туғызатын  әсерден  күрделірек  болып  келеді.  Алайда  6  жасар  баланың  жас 


47 
 
ерекшелігін  ескерсек,  мұндай  жаттығуларды  алты  жастағыларға  бере 
алмаймыз. 
       Жазуға  үйренудің  алғашқы  кезеңінде  қолдың  қозғалысы  көздің 
бақылауымен  жазылып  отырады,  яғни,  қолын  жазу  барысында  қайда 
бағыттайды,  көзін  де  әріпті  жазу  бағытымен  бірге  қозғалтады.  Соған 
қарамастан  оқушылар  көптеген  кемшіліктер  жібереді.  Олардың  жазған 
әріптерін үлгімен салыстырсақ, үлкен айырмашылық болады.  
       Әріптің  үлгісі  мен  оқушының  өзі  жазған  әріптерді  салыстыра  алмаудың 
негізгі себептері: 
1)  Үлгімен  салыстыра  келе,  қате  жазғанын  көре  тұра  оқушы  қайта  түзеп  жаза 
алмайды,  себебі  әріптің  жазылу  бағытын  білмейді,  өйткені  көзбен  қозғала 
отырып жазу қабілеті дамымаған. 
2)  Мұғалім  тақтаға  әріптің  жазылу  әдісін  көрсеткенде,оқушы  мұғалімнің 
жазғанына  ерекше назар аудармайды. 
       Жазу  дағдыларын  игеру  үшін  оқушы  әрбір  дыбыс  таңбаларының  жазылу 
формасын,  бір  –  бірімен  байланысу  тәсілін,  гигиеналық  талаптарды,  әсіресе 
жазу  жылдамдығы  артқан  кезде  жазу  айқындылығын  сақтауды  меңгеруі  шарт. 
Бұл  шарттардың  барлығы  да  балалар  бойында  жазу  кезінде  нақты,  тұрақты 
дағдыларды дамыту барысында қалыптасады.  
       Жазу  дағдысын  қалыптастыру барысында оқыту  әдістемесі баланың  тек 
психофизиологиялық ерекшеліктерін  ғана емес, жеке  басының ерекшеліктерін 
ескергенде  ғана  объективті  қиындықтардан шығудың  тиімді  жолын  береді. 
Дағдыны  қалыптастырудың  негізгі  үш  сатысын  бөліп алуға  болады. Бірінші  
саты – аналитикалық - әрекеттің белгілі бір элементтерін  бөліп алу, мазмұнын 
айқындау. Тек  баланың  даму деңгейі, білімі  мен біліктерінің болуы  ғана емес, 
түсіндіру әдісі мен әрекетін сезіне білуі де маңызды рөл  атқарады. Екінші  саты 
–  шартты    түрде    синтетикалық    деп  аталады  –  жекеленген    элементтерді 
біртұтас  әрекетке біріктіру. Үшінші  саты – автоматтандыру - өзіндік дағдының 
іс-әрекетке  айналуы. Бала  әріпті  салудың сызбасын, алғы  шартын, қозғалыс  
жолын  түсінбей, баланы «жаттықтыру» мүмкін  емес. Алғашқы  екі   сатының 
(аналитикалық    және    синтетикалық)  «қиылысуы»    дағдының    қалыптасуын  
тежеуі мүмкін.  
       Психологтар  мен физиологтардың зерттеулері жазуға  үйрету  барысында 
(бірінші сатысында) оқушылар  назарын     әрекеттің  ұсақ бөлшектеріне аудару  
қажеттігін  көрсетеді, яғни  «қайдан  бастау, қайда  жүргізу, қай  жерде  аяқтау»  
керектігін    үйрете  отырып,  фонеманы  (дыбыстық    әріпті)  графемаға  
айналдырудың   жолын   көрсетеді. Бұл  сатыда  бала тек  «не істеу керектігін»  
ғана  емес,  талапқа  сай  «қалай  дұрыс  істеуін»  ұғынуы  керек. Сондықтан 
«әрекет  образы»  -  әріптің    көру  -әрекеттік  образын    қалыптастыруға    көңіл  
қойған    жөн.  Жазу  жолы  мен  оның  шекарасы,  әріптің  жолда  орналасуы, 
олардың  бөліктерінің  (элементтерінің)  қатынастарын  меңгеруі  тиіс.  Жазу 
әрекеттерін  қалыптастыру  барысында  ерекшеліктерін  ескере  отырып,  бүтін 
әріптердің  жазылуын  ғана  емес,  әріптердің  жекеленген  элементтерден 
тұратынын  түсіндіре  отырып,  осы  элементтер  арқылы  кез  келген  әріпті 


48 
 
құрастыруға болатындығына көз жеткізуден бастау керек. Баланың өз әрекетін 
бағдарламалай  алуы  6-7  жасар  баланың  миының  функциональдық 
ерекшеліктері  мен  сенсомоторлық  функцияларының  дамуымен  байланысты. 
Осы  жастағы  балалардың  барлығы  элементтерді  бөліп  алып,  сөзбен  сипаттай 
алуға  дайын  болады,  бірақ  ерікті  реттеу  механизмінің  жетілмеуі,  әрекетін 
бағдарлай алмауы,  ақпаратты қабылдай  және  бағалай  алмауы  ми  бөліктерінің 
дамуына байланысты. Бұл кездегі жазудағы қозғалыс-жоғарыдан төмен қарай, 
оңнан солға қарай, ал төменнен жоғары қарай, солдан оңға қарай бағытталған 
қозғалыстар бала үшін өте қиын болады. Сондықтан бұндай балалармен жеке 
жұмыс  жасайды,  қозғалысты  меңгеру  саналы  болу  үшін  жазу  дағдысының 
негізгі  факторы  болып  табылатын  «кері  байланысқа»,  яғни  өз  қозғалысын 
сапалық талдай білуге үйретуге назар аударылуы керек. 
       Оқушының    жазу    дағдысының  қалыптасуы  төмендегідей    іскерліктермен  
сипатталады: 
1) техникалық дағды – жазу  тәсілін  меңгеру  іскерлігі;  2) графикалық  дағды 
–  элементтер    мен    әріптерді    дұрыс    байланыстыру    іскерлігі;                               
3)  орфографиялық    дағды  –  сөздің    дыбыстық    және  әріптік  құрамын    дұрыс  
айыра  білу  іскерлігі.  
       Жазу  сабағында  ми  ғана  емес,  сондай–ақ  көптеген  бұлшық  еттер  де 
жұмыла жұмыс істейді. Сондықтан оған мынадай бірқатар талаптар қойылады: 
партада  дұрыс  отыру  (бұл  бұлшық  еттердің  қалыпты  жұмыс  істеуін 
қамтамасыз  етеді),  жарықтың  түсуі,  қағаздың  сапалы  болуы,  қарама  –  қарсы 
түсті  сияны  пайдалану,  жазу  құралдарының  баланың  жасына  сәйкестігі, 
жетілдірілген жазу техникасы (әріптердің көлбеу немесе түзу кескіні). 
       Жазу  жұмысы,  әсіресе  үздіксіз  жазу  жұмысы  (диктант)  барынша 
қажытатын  жұмыс  деп  есептелінеді.  Қолдың  басын  бүгілдіретін  және 
жазылдыратын  бұлшық  еттердің  жұмысы  білек,  желке  және  бастың 
ауырлығын көтеріп, дұрыс отыруын қамтамасыз ететін арқа бұлшық еттерінің 
жұмысымен  ұштасады.  Демек,  басқа    сабақтағыдай,  жазба  сабағы  үстінде 
дұрыс отыруы талап етіледі, ұзақ уақыт жазу үстінде бұлшық еттердің қажуы 
салдарынан  оқушының  отыруы  бұзылады.  Мұнда  организм  рефлекторлы 
жолмен қосымша тірек нүктесін іздеп, кеуде қуысын партаның жиегіне тірейді, 
бұл тыныс алу мен қан айналымын бұзады. 
       Жазу  жұмысы  кезінде  көзге  көп  күш  түседі,  өйткені  әріптерді  дәптер 
парағындағы  сызықтардың  арасына  дәлме  –  дәл  келтіріп  жазу  талап  етіледі: 
зейінді  жұмылдыру  қажеттігі  және  қол  басы  бұлшық  еттерінің  дәл  жұмыс 
істеуі  жұмыс  істеп  тұрған  орталықтарды  ғана  емес,  сонымен  бірге  тұтас 
алғанда бүкіл организмді қажытады.  Жазу жұмысы тез қажытпауы үшін қалам 
мен оның ұшын тиісінше таңдай білу қажет. Сонымен қатар қолдың, қол басы 
мен саусақтардың дұрыс қалпын сақтау дағдыларын қалыптастыруы керек. 
       Оқудың,  жазудың  алғашқы  дағдыларын  қалыптастыру  –  күрделі 
психофизиологиялық    әрекет.  Ол  жалпы  сөйлеу  тілінің  дамуымен  қатар,  
психофизиологиялық    әрекеттердің    (фонематикалық  есту    қабілеті,  дыбысты  
дұрыс айтуы, көру, кеңістікті  бағдарлау, қолдың  ұсақ  бұлшық  етінің  дамуы, 


49 
 
зейін тұрақтылығына) керекті  деңгейде  дамуына  әсер етеді. Олай болса, оқу 
мен жазу тілдік әрекеттің бірлігі ретінде мынадай  құрылымнан тұрады: есту, 
артикуляциялық,  көру  және  қимылдық  қабілеттерін  дамыту.  Есту    қабілетін 
дамытуға   қоршаған  ортадағы әр  түрлі  дыбыстарды (жапырақтың  сыбдыры, 
қоңыраудың    шылдыры,  т.б.)  ажырату,  не  (сиыр,  мысық,  т.б.)    қалай  
дыбыстайды,  әр  түрлі  дыбыс  шығаратын  заттарға  (ұшақ,  машина)  еліктеп 
дыбыс  шығару,  т.б.  жаттығуларды  пайдалануға    болады.  Артикуляция 
мүшелерінің  (еріннің,  тілдің,  астыңғы  жақтың)  қимыл-қозғалысын  дамытуға 
арналған  жаттығулар: ерінмен түтікше жасау, жымию, тілді  жалпақ, жіңішке 
етіп  ұстау,  жоғары-төмен  көтеру,  оңға,  солға  қимылдату,  таңдайға  соғып 
тақылдату, т.б. Дыбыстарды  дұрыс айтқызу  үшін  артикуляциялық  аппаратты 
дайындап, дыбыстың  дұрыс  айтылуын анықтап, оны сөзде,  сөйлемде  айтуға 
машықтандыру  үшін  сол  дыбыс    кездесетін  жаңылтпаш,  тақпақтарды 
пайдаланудың рөлі зор. Көріп қабылдау және кеңістікті бағдарлауды дамытуға 
арналған    жұмыс  барысында  затты  толық  мөлшерде  көріп  есте  сақтауын  
қалыптастыру,  заттың  бөлшегін    бөліп    қарау,  екі    затты    салыстыруға, 
заттарды    ретімен    орналастыруға  үйрету  жаттығулары    негізінде    жүзеге  
асырылады.  Мұндай    жаттығуларды    орындатуда  заттармен  қатар 
геометриялық    фигураларды  (үшбұрыш,  төртбұрыш,  дөңгелек,  т.б.),  
таяқшаларды,  қағаз  жолақшаларды,  табиғи  заттарды  қолдануға  болады. 
Қимылдық    қабілеттерін  дамыту    қолдың    ұсақ  бұлшық    еттерін  жаттықтыру  
жұмыстары  негізінде    жүзеге  асырылады.  Қолды  жазуға    дайындау 
жаттығулары: 
-қолды  созып, алақанды жоғары , төмен, екі қолды бірден, кезек төмен ұстау; 
-қолды  созып  немесе  бүгіп  алға  ұстау,  саусақты  біріктіріп,  ашып,  алақанды 
жоғары, төмен қаратып ұстау; 
-екі қолдың саусақтарын біріне –бірін қарама-қарсы қойып түйістіру; 
-жұдырықты ашып, жұму; 
-саусақтарды шерту; 
-саусақтарды бірінің үстіне шығарып ұстау (бір- бірімен ілмек етіп ұстау); 
-үш саусақты біріктіріп ұстау; 
-қарындашты, қаламды ұстау. 
Қолды  жазуға дайындық жаттығулары: 
-балаларға  таныс  заттардың  (алма,  қияр,  т.б.)  суреттерін  үлгі  немесе  трафарет 
бойынша  салып бояу; 
-таныс заттардың суретін салып бояу; 
-геометриялық    фигураларды  (үшбұрыш,  төртбұрыш,  дөңгелек,  т.б.)  үстінен 
сызып, бояу, штрихтау; 
-геометриялық    фигураларды,  оған  ұқсас  заттардың  суретін  салып  бояу; 
(шеңбер – доп,алма, күн, квадрат – жалау, үй, т.б.); 
-геометриялық  фигуралардың суретін белгеленген  нүктелермен сызу; 
-тор көздерден ою-өрнек жасап бір түспен, әр түспен бояу; 
-сызғышпен түзу, қисық сызықтар сызу; 
-әр түрлі таяқшаларды  қосу; 


50 
 
-таяқшалардан ою-өрнек құрастыру; 
-геометриялық  фигуралардан ою-өрнек құрастыру. 
Әріптерді  жазуға  дайындау (әріп элементтері): 
-ұзын, қысқа, ирек сызықтар сызу; 
-оңға, солға иілген сызықшалар салу; 
-ұзын ілмектер салу; 
-қысқа ілмектер салу; 
-әріп элементтерін қосып салу; 
-әріп элементтеріне ұқсас суреттер салу. 
       Оқушыларда    графикалық    дағды    қалыптастыруда    олардың    жеке  бас  
ерекшеліктерін ескеру  қажет: 
-алыстан  немесе  жақыннан  көрмеушілігі; 
-саусақ  дірілі, қол  бүгудегі  кемшілік; 
-сол  қолмен  жазу. 
       Мұндай    оқушылармен    жұмыс    жасау    үшін    мұғалім    арнайы  
тапсырмалар  дайындайды, әрине, ондай  тапсырмалар  оқушының  кемшілігін  
байқатпайтын  формаларда  болғаны  жөн. 
       Жазуға  байланысты  кейбір  теориялық  ұғымдардың  сөздіктерде  берілген 
анықтамаларына тоқталайық. 
       Жазу құрамына  әліпби, графика және орфография енеді. Бірінен кейін бірі 
рет-ретімен орналасқан әріптердің жиынтығы әліпби деп аталады. 
Алфавит–әліпби. 
Графика -дыбыстың, буынның, сөздің таңбалануы.Орфография –тілдің белгілі 
бір нормаға келтірілген ережесін сақтап жазу. 
Графикалық  дағды  –  дыбысты автоматты түрде әріппен таңбалау, яғни қағаз 
бетіне  оны бейнелеу және орфографиялық  дұрыс жазу  дағдысы.  
Каллиграфия  (грек.  kallgraphia)  –  жазу  мәнері.  Анық,  әдемі,  таза  жазу.Жазу 
өнері.  
Каллиграфия – көркемдеп жазу. 
Графикалық    жүйе–әліпбидегі    әріптердің  жиынтығы.  Тұрақты    форманың 
құрылымдық  бірліктермен  және  олардың    арасындағы  қатынастардың  
кеңістік, сандық  түрімен ерекшеленетін  белгілі бір құрылымы бар  әріптердің 
жиынын графикалық  жүйе дейміз. 
Графикалық  жүйе ұғымы -  бұл жазу таңбалары. Бұл жүйе сызуға, жазуға  тән. 
Шрифт  –  алфавиттегі  әріптердің  суреттік    белгісі.  Шрифт  –  жазудың 
графикалық  түрі. Шрифтің  баспа және  жазба  түрі  болады. 
Шрифт  ұғымы  –  бұл  металдан  құйылған  әріп.Түрлері:  қара  жалпақ,  курсив 
шрифт, ұсақ шрифт. . 
Шрифт  (неміс.  Schriht  )  –  қаріп.  1.  Баспахананың  (литераларының)  әріп, 
математикалық  белгілер,  сандар  т.б.  элементтерінің  жиынтығы.  2.  Жазудың 
графикалық түрі, әріп. . 
Дәстүрлі шрифт – әдетке айналған, салтқа енгкен  шрифт, әріп. 
Қазіргі шрифт – осы күнгі, ендігі, қазіргі шрифт.  


51 
 
Қаріп-  белгілі  бір  әліпбилік  және  сандық  таңбаларды  түсіндіретін  литералар 
жиынтығы. 
Графикалық    қателер–әріп  элементтерін  дұрыс  жазбау,  жазуда  көлбеулікті 
сақтамау, әріп элементтерінің  арақашықтығын сақтамау, артық сызықтар салу. 
Каллиграфиялық қателер – әріп  элементтерінің биіктігіндегі, ендігіндегі және  
оңға, солға  июдегі пропорциялықтың  бұзылуы. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет