Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



Pdf көрінісі
бет11/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2

Дәптер. 
Қазіргі  қолданып  жүрген  нормалық  құжаттар  бойынша  мектеп 
дәптерінің  ені  170  мм,  ұзындығы  250  мм  болып  келеді.  Дәптердің  беттеріне 
түзу жолақтар сызылады және ені 25-30 мм жиектік жолақ қалдырылады. 
Қиғаштау келген қисық сызықтар қолдың ұсақ бұлшық еттерінің қызметін 
жеңілдетеді  және  жазу  жылдамдығының  азаймауына  мүмкіндік  жасайды  деп 
есептелінеді.  Дәптердің  қағазы  тығыз,  кедір-бұдырсыз  жазық,  ақ  түсті  және 
жазу екінші жағынан көрініп тұрмайтындай болуы керек. Оның бетіне жазғанда 
сия  жайылып  кетпейтіндей  болуы  керек.  Сияның  түсі  күңгірт-күлгін  түсті 
немесе қара түсті болғаны дұрыс. 
Қиғаш жазу кезінде дәптер денеге қарама – қарсы, оның парта қақпағының 
жиегіне  көлбеулік  бұрышы  30–  40

болып  орналасуы  тиіс.  Сонда  қиғаш 
сызықтар  мен  штрихтар  стол  жиегімен  тік  бұрыш  түзеді.  Оқушы  әріп 
сызықтарын  бір–біріне  параллель  түсіреді  немес  қағаздың  қиғаш 
сызықтарының  үстіне  жүргізеді.  Оқушы  денесінің  екі  иық  буынын 
байланыстыратын көлденең осі және көздің негізгі сызығы өзара, сондай  – ақ 
партаның  оқушы  жақ  жиегіне  параллель  болуы  тиіс.  Бұл  талапты  сақтамау 
дұрыс  отыру  қалпын,  келе  –  келе  мүсінді  бұзып,  омыртқа  жотасының  бір 
жағына қарай қисаюы – сколиозға және алыстан көрмеушілікке әкеп соғады. 
       Дәптерді    партаның    үстіне    дұрыс    қойғанда,  оның    көлбеу    сызығының 
төменгі  жағы  кеуденің дәл  ортасына тік  түсетіндей  жағдайда  болуы шарт, 
өйткені  жазу кезінде дәптерді  дұрыс  орналастыру көлбеу  жазуды  сақтауға 
мүмкіндік    береді.  Дәптер    кеуденің    ортасына  бағытталып  оң    жақ  үстіңгі  
бұрышы    жоғары,  сол    жақ  үстіңгі    жағы  төмен    қарай    көлбеу    қойылуы 
сызықтың бойымен  жазуды  іске  асырады. Дәптердің төменгі  жағы партаның  
бұрышынан 25-30°  бұрыш  жасайтындай жағдайда  жазуиесінен  солға  қарай 
қалыпта дәл  алдында  жатады. Оң  қолдың  білегі жазу  сызығына тік бұрыш 
жасайтындай  қалыпта  болады. Мұндай  жағдай  жазу  кезінде  қол  қимылын  
жүйелі  басқарып  отыруға  мүмкіндік  жасайды. Сол  қолдың  білегі де парта  
үстінде    жатады.  Дәптерді    жылжыту,  негізінен,  сол    қол    арқылы    іске  
асырылады. Жарық баланың  сол  жағынан  түсуі  тиіс.  
 
 
Сурет 3 
 


29 
 
2–3  сыныпқа  арналған  дәптерлер  арақашықтығы  9  мм  болатын  бір  түзу 
сызықпен сызылған. Кіші әріптердің биіктігі– 3 мм, бас әріптің биіктігі – 7 мм. 
Жазудың  айқын  таза  болуы  үшін  жазу  дәптерінің  қағазы  сапалы  (ақ,  сия 
сормайтын)  болуға  тиіс.  Оқушыға  арнаулы  қаламсаппен,  айқын  түсті  сиямен 
жазу  тәртібі  ұсынылады.  Жазу  кезінде  жарық  сол  жақтан  түсіп  тұруы  қажет. 
Оқушылардан  әрбір  әріпті  дұрыс  жазу,  әрбір  жаңа  ойды  абзацтан  (жаңа 
жолдан) бастап жазу, дәптердің түп жағынан (10–15 мм) , оң жағынан (20мм) 
бос  орын  қалдыру,біркелкі  көркем  жазу  талап  етіледі. Оқушыларды  көркем 
жазуға  үйретуде  үш  нәрсені  басшылыққа  алу  керек:  біріншісі  -  әріптерді 
мәнерлі  жазуға  және  жеке  әріптерді  жазуға  өзара  құрастыра  білу,  екіншісі  - 
әріп  элементін  дұрыс  жазуға  дағдыландыру,  үшіншісі  –  жазу  жұмысына  өте 
ұқыпты,  мұқият  болуды  қалыптастыру.  Жас  жеткіншектің  көркем  жазу 
дағдысы  біртіндеп  қалыптасады.  Мұғалім  бұл  үшін  жұмыстың  әр  түрлерін, 
оқыту  әдіс  –  тәсілдерін,  тиімді  пайдаланары  сөзсіз.  Түрлендірген  жұмыстар 
оқушыларды  қызықтырыпқана  қоймайды,  логикалық  ойлауын  арттырады. 
Сауат  ашудың  дайындық  кезеңінде  оқушының  қол  икемділігімен  көз 
мөлшерлеу  қабілетін  жетілдіру,  графикалық  дағдыларды  қалыптастыру  үшін 
суретті  және  сызықты  жаттығуларды  орындатады.  Сонымен  бірге  бұл  кезде 
штрихтау  жаттығуларын  орындатудың  мәні  зор.  Мектепке  алғаш  келген 
баланың  жетекші  әрекеті  –  ойын,  ал  штрихтау  ойын  түрінде  жүргізіледі.  Әр 
түрлі  затты,  геометриялық  фигураларды  штрихтау  баланың  қолын 
жаттықтырып  қоймайды,  оның  сөйлеуі  мен  ойлауын  белсендіреді.  Штрихтар 
арқылы  сурет  салу  жаттығуларын  сурет  альбомына  орындатқан  жөн.  Сурет 
альбомы    беттеріне  жазу  сызықтары    сызылады  да,  жаттығулар  жазу 
дәптеріндегі  үлгідей  орындалады.  Оқушылар  үшін  геометриялық  фигуралар 
мен  әр  түрлі  зат  бейнесінің  трефареты  дайындалады  немесе  өздері  дайын 
геометриялық  фигуралар  трефаратынан  зат  бейнесін  құрастырады.  Мұғалім 
сурет альбомына салынған бейнелерді штрихтауды талап етеді. 
       Жазу  кезіндегі    талаптарды  орындау  бастауыш  сынып  оқушылары  үшін 
айтарлықтай  дәрежеде  оңайлыққа  түспейді.  Әсіресе,  мектепке  алғаш  келген  
бірінші  сынып  оқушылары  дұрыс  отыру  ережесін  орындауға  бірден  төселіп 
кетпейді,  бала  еркін  қозғалып,  жиі  қимыл  жасап  отыруы  табиғи  қажеттілік 
екені  белгілі.  Сондықтан  мұғалім  жазу  барысында,  біршама  уақыт  өткен  соң, 
ара-тұра  сергіту  жаттығуларын  өткізіп  тұрғаны  дұрыс.  Сергіту  жаттығуын 
сабақтың  тақырыбына,  жазып  үйреніп  отырған  әріптің  бейнесіне,  әріпті 
жазудағы  қол  қимыл-қозғалысына  сәйкестендіре  жүргізсе,  сабақ  мақсатының 
орындауына мүмкіндік болар еді. 
Қолымда шалғы қаралық 
Ұқсайды оған қай әріп?           
                                       (Ғ) 
«Уық» деген немене? 
«Уыз» жегің келеме? 
Қай әріптен атаулар 
Басталып тұр, атаңдар?   (У әрпі) 


30 
 
Екі тіреу, 
Басқышы біреу.  (Н) 
Ң-нан Н-ның қарашы,  
Айырмасы бар қандай? 
Бейне бір аяққа, 
Тұзақ құрып қойғандай.(ң) 
 
Ал, балалар, тұрайық, 
Алақанды ұрайық.  
Оңға қарай иіліп, 
Солға қарай иіліп.  
Бір отырып, бір тұрып, 
Бір тынығып алайық. 
 
Қатты нөсер басылды, 
Күн жарқырап ашылды. 
Неше түрлі әдемі 
Кемпірқосақ жасалды. 
 
Жаздық, жаздық бәріміз 
Талып қалды қолымыз 
Аздап, қане дем алайық, 
Содан кейін жазайық. 
 
Бір отырып, бір тұрып 
Біз бір дем алайық. 
Түсірейік төменге 
Міне былай, қарайық 
Құстай қанат қағайық. 
 
1, 2, 3 жинап алып күш, 
Қолға қалам алайық 
Әсем етіп жазайық. 
Аппақ болып таң атты, 
Түтін тікке ұшады 
Қарлығаштар қанатын 
Биік самғап ұшады. 
1, 2, 3 ал қанекей ұш, 
4, 5, 6, 7 мынау ауыл шеті, 
8, 9, 10 ал, қане, қон. 
 
Жел соғады бетімізге, 
Жайқалады ағаштар, 
Тыныш-тыныш жайқалады 


31 
 
Биік-биік ағаштар 
 
Сол сияқты дәптерді үстел үстіне дұрыс орналастырып, қаламды дұрыс ұстау 
икемділігі  үлкен  төзімділікті,  мұғалім  тарапынан  ұдайы  қадағалауды,  әр 
оқушымен  жеке  жұмыс  жүргізуді    керек  етеді.  Аталған  ережелерді 
меңгергеннен  кейін  оқушылар  кіші  әріптер  мен  бас  әріптерді  жазуға  көшеді. 
Әріптерді сөз ішінде бір-бірімен  дұрыс байланыстырып  қоса білуді үйренеді. 
Сауат  ашу  кезеңі  біткен  соң,  әріптерді дұрыс  таңбалап жазуды  қалыптастыру 
мақсатымен  көркем жазу сабақтары жүргізілуі тиіс. Бұл кезеңдегі көркем жазу 
жұмысы тығыз да қарқынды етіп жүргізуді талап етеді. Жазуды жазылуы оңай 
әріптерден  бастап,  жазылуы  қиын  әріптерді  жазуға  біртіндеп  көшкен  дұрыс. 
Басқаша  айтқанда,  жазу  жұмысы  әріптер  тобы  бойынша  өткізіледі.  Көркем 
жазуға арналған жаттығулардың қатарына әріп элементтері мен тұтас әріптерді 
жазу  ғана  емес,  сонымен  қатар  жеке  сөздер  мен  сөйлемдерді  жазу  да  кіреді. 
Екінші  жарты  жылдықта  көркем  жазу  минуты  жүргізіліп,  оқушылардың 
икемділігі  одан  әрі  жетілдіріле  түседі.  2-сыныпта  жүргізілетін  көркем  жазу 
сабақтарының  мақсаты  –  жазу  қарқынын  жеделдету,  біркелкі  ритмикалық 
жазуға  көшу.  Оқушылардың  оқулықтағы  жаттығуды  орындауын  тексеріп, 
ондағы  сұрақ-тапсырмаларды  еркін  оқып  түсінуі  қандай  қажет  болса,  оған 
байланысты  жазба  жұмыстарын  жедел  орындау  да  соншалық  қажет  екенін 
естен шығармау керек. Бұл сыныпта біркелкі ритмикалық жазу мен тез жазуға 
арналған  графикалық  жаттығуларды  орындауға  баса  назар  аударылады. 
Сондай-ақ  жеке  оқушымен  жұмыс  жүргізу,  әрбір  оқушының  жазуындағы 
кемшіліктерді  түзеуге  көп  көңіл  бөлінеді.  Соған  байланысты  графикалық 
жаттығулардың  түрлері  де  көбейе  түседі.  Сөздегі  әріптердібір-бірімен  дұрыс 
байланыстырып  жаза  білу  машығы  грамматика  мен  емлеге  берілген  жаттығу 
материалдарын  орындау  барысында  мұқият  есепке  алынады.  Бірінші 
сыныптағыдай әріп тобымен жазу үзбей жүргізіледі.  3-сыныпта оқушылардың 
жазу  икемділігі  одан  әрі  жетілдіріледі.  Әріптерді  кішілеу  етіп,  тез  жазуға 
арналған  графикалық  жаттығулар  жүргізіледі.  Алдыңғы  сыныптардағыдай, 
көркем  жазу  бұл  сыныпта  да  қазақ  тілі  сабағының  материалдарымен  тікелей 
байланыстырыла жүргізіледі.  
         Көркем жазудан  оқушыларға жеке баға қойылмайды. Алайда бұл әр жеке  
оқушының  қалай  жазғанын  елемеу  деген  сөз  емес.  Оқушының  әрбір  жазба 
жұмысын  бағалап,  оның  каллиграфиялық  сапасы  мұқият  ескеріліп,  қазақ  тілі 
бойынша  қойылатын  бағаға  ескерілуі  тиіс.  Сонда  ғана  оқушы  өзінің 
каллигрфиясына жете мән береді. 
Жазу жұмысын жақсарту үшін мұғалім оқушы дәптеріне төмендегідей біртұтас 
арнайы талаптар қоюы тиіс: 
1. Аса ұқыпты, түсінікті етіп жазу. 
2.  Дәптердің  сыртқы  бетіне  жазылатын  жазулардың  біркелкі  болуы:  оның 
қандай мақсатқа арналғанын көрсету (қазақ тіліне арналған дәптер, әдебиетке 
арналған  дәптер,  т.б.),  сынып,  мектептің  номері  мен  аты,  оқушының 
фамилиясы мен өз атын жазып қою. 


32 
 
1 – сынып оқушыларына арналған дәптердің сыртына жазылатын жазу үлгісін 
мұғалімнің өзі жазады. 
3. Дәптердің жиек баспай  жазу. 
4.  1–сыныптың  екінші  жарты  жылдығынан  бастап,  сондай–ақ  2–  3-4 
сыныптарда  жазба  жұмысының  арнаулы  мерзімі  көрсетіледі.  Күн  аты  –  араб 
цифрмен, ай аты жазумен беріледі. Цифрлардан соң дефис қойылмайды. 
5. Азат жолдарды сақтап жазу. 
6.  Қазақ  тілінен  орындалатын  жұмыстың  датасы  мен  тақырыбы  арасына  жол 
қалдырмай жазу. Әр күнде орындалған жұмыстан  соң немесе әрбір аяқталған 
мәтіннен кейін қазақ тілі дәптерінде екі жол тастап жазу (бұл – бір жұмыспен 
екінші жұмыстың шекарасын көрсету үшін және баға қою үшін керек). 
7.Жазба  жұмыстарында  жіберілген  қателерді  төмендегідей  тәртіппен  түзету: 
қате жазылған әріпті не тыныс белгісін көлбеу сызықпен сызып тастау керек, 
қате  жазылған  сөз  бөлігі  мен  сөйлемді  жіңішке  сызықпен  сызу,  сызылған 
таңбалардың  орнына  керекті  әріптерді,  сөздерді,  сөйлемдерді  жазу;  қате 
жазылғандарды жақшаға алмау. 
Тақта.
Сыныптағы  тақта  қара  немесе  күңгірт  жасыл  түске  боялуы  тиіс. 
Тақтаның қабырғаға жабыстырылып, екі жағы ашылатын болу керек. Міндетті 
түрде    тақтаның  бір  бөлігі  дәптердегі  сызықтармен  тепе  –  тең  пропорцияны 
сақтай отырып сызылуы тиіс. Әсіресе, 1 – 2 сыныпта міндетті түрде тақтаның 
бір жағы жазу сабағына, екінші жағы математика сабағына арналып сызылуы 
керек.  Тақтаның  ортасындағы  жазу  біркелкі  болу  үшін  арнайы  сызықпен 
сызылады.  Мұғалім  тақтаға  ақ  бормен  жазады.  Бор  тақтаны  сырып  кетпеуі 
үшін  жұмсақ  болу  керек.  Кейде  дауысты  немесе  дауыссыз  дыбыстарды 
ажырату  үшін  түрлі–түсті  борлар  қолданады.  Мұғалім  тақтаға  жазғанда   
біркелкі,  байланысын  дұрыс  сақтап,  бағытын  дұрыстап  жазу  керек.  Оқушы 
мұғалімнің жазуынан әріпті жазу үлгісін көруі тиіс, сондықтан мұғалім тақтаға 
жазғанда  сыныптың  бүкіл  оқушысы  оның  қол  қимыл  қозғалысын 
байқайтындай  бір  бағытта  тұрады,  яғни  өз  денесімен  тақтаны  түгел  жауып 
тұрмауы қажет. Тазалық пен дұрыс жазу барлық сабақтарда, сондай  – ақ үйге 
тапсырма  бергенде  де  сақталуы  керек.  Оқушы  тақтаға  жазған  кезде  мұғалім 
оның  әріпті  жазудағы  қол  қимыл  қозғалысын  бақылайды.  Бірақ  тақтаға  жазу  
мен  дәптерге  жазу  бірдей  емес,  өйткені  тақта  көлбеу  орналастырылмаған. 
Айырмашылығы мынада:  
1.  Дәптерге  жазуда  қолдың  ұсақ  бұлшықеттері  жұмыс  істейді.  Ал  тақтаға 
жазуда қол бұлшықеттерімен қоса иық бұлшықеті де жұмыс істейді. 
2.  Дәптерге  жазуда  көбінесе  өзімізге  қарай  жазамыз  және  әріптің  көлбеулігі 
дәптердің  орналасуына  байланысты  жүзеге  асырылады.  Тақтадағы  жазу  оңға 
қарай жазылады. Бірақ екеуінің нәтижесі бір болуы тиіс.  
3. Егер оқушының дәптердегі жазуын тексеру үшін мұғалім әріптің үлгісіне көз 
бағытымен қараса, тақтадағы жазуды тексеру үшін біраз жер алшақ тұру керек.   
 
 
 


33 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет