76
қатесінің асты сызылып қана қойылады, ал қабілеті төмен оқушылардың
қателерін түрлі әдіспен түзету керек (кейде қалай түзету керектігіне нұсқау
көрсетсе, кейде дұрысын жазады). Мүмкіндігіне қарай қателерді түзетуге
оқушылардың өздерін қатыстыру керек. Мұғалім қате жазылған сөздердің
дұрысын, тіпті болмаса, мәтінді түгел балаларға қайта көшіртеді. Мұнда қате
жазылған сөздерге емлелері ұқсас я қарама-қарсы сөздерді теріп жаздыру әдісі
өте пайдалы. Оқушылар бір түрлі қатені қайталай беретін болса, онда
динамикалық стеротип орнайды да, одан құтылу оңайға түспейді. Сондықтан
олардың қателерін есепке алып, бір қатені екінші рет қайта жібермеу үшін,
дереу алдын ала шаралар қолданылады. Оқушыларды қате жазудан
сақтандыруда жазылуы қиын сөздерді ескертіп, көрсетіп жаздыру, жазылу
ережесі оқылмаған сөздерді жаттығу жұмыстарына енгізбеу, егер бірен-саран
кездессе, ондай сөздерді тақтадан немесе оқулықтан қарап жазуға
дағдыландыру керек. Мұғалім оқушылардың жазуларын тексеріп, қателерін
түзетіп болғаннан кейін әр оқушының жұмысына баға қояды. Бүкіл сыныпқа
берілген тапсырманың үстіне жеке оқушыға арнаулы тапсырмалар береді
(мысалы, ережені пысықта, сөйлем құрастыр, белгілі бір жаттығуды орында,
т.б.). Бастауыш сыныптарда да әсіресе сауаттылық жағын қамтитын бір баға
қойылады. Ал мазмұндама мен шығармада тек орфографиялық қателер ғана
емес, сонымен қатар пунктуациялық қателер, сөз қолданудағы сөздерді
байланыстырудағы, жоспардағы, сөйлем құрудағы, мәтіндегі қателер де, тіпті
жазу жұмысының көлемі де есептеледі. Оқушылардың жазғандары, айтқандары
орфографиялық жағынан сауатты, стилистикалық жағынан дұрыс болуға тиіс.
Оқушылар мұғалімнің сөзіне еліктейді. Ендеше мектептегі мұғалімдердің өзі
сауатты сөйлеулері керек, тақтаға, оқушылардың дәптерлеріне жазғандары
әдемі, қатесіз болғаны жөн. Қорыта айтқанда: 1. Сауатты жазуға үйренуде
мүғалім оқушылардың ережені түсінбей, құрғақ жаттауына жол бермеуі керек,
сол ережені меңгертудің әдіс-тәсілдерін іздестіруі керек. Оқушылар өтілген
ережелерге өз бетінше мысал келтіре алып, оны оған ұқсас басқа жағдайларда
пайдалана алатындай дәрежеге жеткенде ғана ақыл-ой дағдысы қалыптасады,
өйткені тіл дамыту –қашанда ой дамыту. Сауатты жазуға үйрену үшін оқушы
аналогия, салыстыру, талдау, жинақтау, жалпылау, нақтылау сияқты ой
операцияларын іске асыруы керек.
Достарыңызбен бөлісу: