Қазақстан республикасы білім және ғылым минстрлігі



Pdf көрінісі
бет18/46
Дата18.12.2021
өлшемі1,98 Mb.
#102686
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Байланысты:
Нұрзия кітап 2

фонетикалық   жазу 
дыбыстық-әріптік     талдауды    шебер   жүргізу,   
дыбыстарды   дұрыс,  анық   айта   білуді,   айтылған   дыбыстарды  дәл   айыра  
алуды    танытады,  сөздердің    мағыналарын      түсініп,      ережелерді          үйрену   
басым  болады. Ал  орыс   тілінен  енген  сөздердің жазылуын  оқушылар есте  
ұстап, ол  сөздерді  сөздіктен  қарап,  тауып  жазуға    үйренеді  немесе жаттығу     
арқылы  бірте-бірте  дұрыс  жаза  алатын  болады. 
Жазуға   үйрену  үшін   қажетті   жағдайлардың  бастылары: 


71 
 
        1.  Жазылатын    сөздің      мағынасын,      мәнін    анықтау.  Мұғалім      көшіруге  
ұсынған    немесе  оқып    айту    арқылы  жаздыратын      сөздердің,  сөйлемнің,    
мәтіннің мағынасын оқушылардың анық түсінгеніне  көз   жеткізгеннен   кейін 
ғана жаздырғаны  жөн. 
      2.  Сөздің    айтылуына    және    жазылуына,      грамматикалық    формасына  
мұқият  көңіл    аудару;  жазғандарын      саналы    түрде  есте    ұстауға    жағдай   
жасау: оқы, ойлан, есіңе   жазып  ал, тыңда, зейін  аудар,  т.б. 
        Жіберілген  қателермен  жұмыс  жасау: жазғаныңды  тексер, түзет,  қайта  
жаз  осыған  ұқсас  мысал  ойлан,  т.б.   оқушылардың    белсенділігін   көтеру   
және  өздіктерінен   жұмыс   жасауға   баулу. 
       3.    Сөйлем    мен    сөзді    талдау  жұмысын    жүйелі  түрде    жүргізіп    отыру:    
салыстыру, талдау,  жинақтау    жұмыстары,   «неге?» сұрағын  көбірек  қою. 
       4.Сөйлеу      әрекетінің      бірде-бір        жағын    естен      шығармау    керек:   
дыбыстық-әріптік  талдау,   сөз  құрамына   жаттығу,   сөз  таптары  бойынша,    
синтаксис және байланыстырып сөйлеуге үйрету жұмыстары.   Орфографиялық   
жаттығуларды  (көшіру,  диктант)      сөйлеу      жаттығуларымен        (мазмұндама, 
шығарма) кезектестіріп   өткізу. 
         5.Грамматикалық 
      жаттығуларды      сөздік-орфографиялық   
жаттығулармен   кезектестіру. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


72 
 
Бас  әріптер 
 
 
Кіші әріптер 
 


73 
 
 
 
 
 


74 
 
 
 
Әріпті дыбыспен таңбалауды үйрету бірнеше кезеңнен тұрады: 
а)Сөздің  дыбыстарын  айыра  білу  үшін  басқа  әріптердің  арасынан  іздеп 
таптырады, сонан кейін танытқан әріптерінен сөз құрастыртып, оған дыбыстық 
талдау  жасатады,  сөздерді  бірнеше  рет  оқытады.  Бір-екі  сөзді  әріптер  арқылы 
құрап  оқығаннан  кейін  балалар  бұл  әдіске  де  тез  жаттығып  кетеді.  Алғашқы 
кезде  оқушыларға  қиындық  туып  жатса,  сөзді  ылғи  буындап  қостырып 
оқытады.  Сонан  соң  буындап  оқу  жаттыға  бара  қалыпты  оқу  түріне  түседі. 
ә)  Бұл  кезеңдегі  ең  көп  қолданылатын  жаттығулар:  көшіріп  жазу,  үлгі  сұрақ 
бойынша  сөзді,  сөйлемді  аяқтап  жазу.  Бұл  орфограмманы  білу  кезеңі  деп 
аталады.  Балалар  ережені  қолданып  үйрене  бастайды,  жазғандарын  дәлелдеп, 
негіздей алады. Сөздердің жазылуын әуелі дәлелдейді, сонан соң ғана жазады. 
б) Балалар өздіктерінен басқа құбылыстардың ішінен оқылып отырған ереженің 
объектісін тауып бере алады. Мұнда жеке сөйлемдер де, тұтас мәтін де беріледі. 
Балалар  мәтінді  көшіреді:  қалдырылып  кеткен  сөздерді  өздері  тауып  жазады; 
бұл  кезде  ескерту,  түсіндіру,  іріктеу  диктанттары  жаздырылады.  Бұл  үйрену 
кезеңі деп аталады. 
в)  Орфографиялық  дағдының  автоматтана  бастау  кезеңі.  Мұнда  балалар 
орфография  туралы  ғана  емес,  жазу  жұмыстарының  басқа  жақтары  (мазмұны, 
лексика,  синтаксис,  жоспар)  жөнінде  де  ойланады.  Бұл  кезеңде  балалар 
грамматикалық-орфографиялық 
тапсырмаларды 
орындап, 
көшіру 
жұмыстарынан  басқа,  ескерту  диктанты,  түсіндіру,  ерікті,  шығармашылық, 
бақылау 
диктанты, 
түрлі 
мазмұндама, 
шығармалар 
жазады. 
г)  Қалыптасқан  дағдыларды  жетілдіру  кезеңі.  Жазылуы  бірыңғай  сөздерді 
байланыстырып, оларға тән ортақ заңдылықты, жалпылықты анықтау; түбірлес 
сөздерді табу, сөздердің синонимін, антонимін табу, омоним сөздерді табу. Бұл 
кезде  диктанттың  барлық  түрі  жазылады,  оқылған  ережелер  бойынша 
қалыптасқан  дағдылар  толық  автоматтанады,  сондықтан  мәтінді  алдын  ала 
талдаусыз  жаздыра  беруге  болады.  Сөздіктен  қарауға,  мұғалімнен  сұрауға 
рұқсат етіледі. 
    Сауат  ашудың  үшінші  кезеңі – әліппеден  кейінгі  кезең. Әліппеден  кейінгі  
кезеңде  оқыту міндеттерінің бірі – оқушылардың сауатты әрі  көркем  жазуын  
қалыптастыру,  сөздегі    әріптердің  өзара    жалғастық  белгілерін  меңгерте  
отырып,  біркелкі    үзбей  жазуға    дағдыландыру,  сондай  –  ақ    тұтас    сөздерді, 
шағын  сөйлемдерді  көшіріп, есту  арқылы  және есте сақтау  арқылы жазуға  
төселдіру. Бұл  кезеңде  жазудыңмынадай  түрлері  жүргізіледі: көшіріп  жазу, 


75 
 
өздігінен    шығармашылықпен    жазу,  көркем    жазу.  Жазудың    бұл  аталған  
түрлері әр  кезеңдегі  сабаққа  бөлініп  жүргізіледі, 1-сабақта – көшіріп  жазу, 
екінші  сабақта – диктант, 3-сабақта – жатқа  жазу, 4-сабақта – шығармашылық  
жазу, 5- сабақта  көркем  жазу. Сөйтіп  мұғалім  әр  сабақтың  жазуға  берілген  
уақытын  (15 –  20  минут)  тиімді   де  түрлендіре    ұйымдастыра    алады. Көркем 
жазу    табиғаты,  әрине,  асықпай    жазуды    талап    етеді.  Алайда    жазудың    өте  
баяу    болуы    қазіргі    мектеп  бағдарламасы    қойып    отырған    талаптарды 
орындауға    мүмкіндік    бере    алмайды.  Бастауыш    білім    негіздерін    меңгеру  
неғұрлым    шапшаң    жазуды    талап    етеді.  Демек,  баланы    оқудың    алғашқы  
сәттерінен    бастап  –  ақ  әрі    көркем,  әрі    шапшаң,  жылдам    жазуға    үйрету  
қажет. Алайда жылдам  жазуға  әріптерді  түгел жазып  үйренген  соң, сондай – 
ақ көлбеу  жазуды  толық  меңгерген соң ғана  көшіріледі. Оқу  мен  жазуды  
жаңа  меңгеріп    жатқан   оқушы    минутына  мамамен 3 – 4 әріп   жазудан   жыл  
аяғында  минутына 7 – 9  әріп  жазуға  жаттығуы  тиіс.  
      Үзбей  жазу  ұзақтығы  2-  сынып 8 минут; 
3- сынып  12  минут; 
4 – сынып 15 минут. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет