Әліппеге дейінгі кезең:
Тіл дамытуда: сөйлемнің дыбысталу мәдениеті,
сөзбен жұмыс, сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеуге үйрету;
оқуға даярлауда: дыбысталу тілін талдау, сөйлеуден сөйлемді, сөйлемнен сөзді
ажырату, дыбыс туралы түсінік, сөзге дыбыстық талдау жасау;
жазуға даярлауда: жазу гигиенасы, дұрыс отыру, дәптерді, қаламды дүрыс
пайдалану ережелері, дәптермен таныстыру, әртүрлі сызықтар сыздыру, әріп
элементтерін жазу.
Әліппе кезеңі:
Оқуға үйретуде: сөзге дыбыстық-әріптік талдау жасау,
дыбыстар мен әріптерді оқу және жазу, әртүрлі буынды сөздерді оқу, қысқа
сөйлемдерді, шағын мәтіндерді оқу;
жазуға үйретуде: әріп элементтерін жазу, бас әріптер мен кіші әріптерді жазу,
әріптердің баспа және жазба түрлерін ажырату, сөздерді көшіріп жазу, үлгі
бойынша жазу, есту арқылы жазу;
ауызша тіл дамытуда: сөйлеудің дыбысталу мәдениеті, сөзбен жұмыс,
сөйлеммен жұмыс, байланыстырып сөйлеу.
Достарыңызбен бөлісу: |