Байланысты: Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
8. Контекстік білім беру технологиясы. А.А. Вербицкийдің
анықтамасы бойынша, контекстік білім беру – бұл дидактикалық
формалардың,әдістер мен құралдардың барлық жүйелерінің көмегімен,
маманның болашақ қызметінің әлеуметтік және пәндік мазмұнының
модельденуі, ал олардың таңбалы жүйелер секілді дерексіз білімді
меңгеруі осы қызметтің арқауы болған [136].
Бұл еңбекте [136] контекстік білім беруді жүзеге асырушы
дәрістердің келесідей түрлері көрсетілген: контекстік-ақпараттық;
контекстік-ғылыми; контекстік-кәсіби; кәсіби қателіктердің контексті
алдын-ала жоспарланған дәрістер. Контекстік білім беру технологиясы
оның болашақтағы кәсіби қызметке бағдарланғандығы тұрғысынан озық
білім беру механизмдерінің бірін құрайды.