Байланысты: Жоғары оқу орны білім алушыларының кәсіби құзыреттілігін
Қысқаша қорытындылар 1. Жүйелілік әдістеме негізіндегі озық білім беру технологиясы
жүйелі және терең білімді меңгеруге; зерттелетін нысандарды тұтас
(жүйелі) тануға; осы үшін қажетті дағдыларды, шеберлікті, қабілеттілік
пен ойлау тәсілдерін қалыптастыруға қабілетті жүйелі тәсілдер мен
әдістерді қамтиды.
2. Озық білім берудегі мәселелік әдістеме, білім алушылардың
тәжірибелік, зерттеушілік, танымдық және өзге де қызметтерінің
нәтижелілігін арттыру механизмі бола отырып, оқу үрдісінің тиімділігін
арттыруға тікелей әсер етеді, шығармашылық қызметтің дағдылары мен
шеберлігін, шығармашылық қабілетін арттыруға және тұрақты түрде
қалыптастыруға септігін тигізеді.
3. Озық білім берудің оқу бағдарламасын құрудағы модульдік
принцип индивидуалдық тұғырдың қажетті тиімділігін қамтамасыз етуге
мүмкіндік береді.
4. Кредиттік технологияны жүзеге асыру әрбір субъектінің жүйелі
және терең білімді, жүйелі ұсыныстарды, жүйелі ойлау дағдылары мен
шеберлігін, талап етілетін құзыреттілікті және т.б қалыптастырудың өз
шеңберін дербес түрде таңдауға мүмкіндік береді.
5. Белсенді білім беру технологиялары озық білім беру ядросын
құрайды және оқу үрдісі барысында қойылған мақсаттарға жетудің
тиімділігі үшін оның қарқындылығы артады.
110
6. Контекстік білім беру технологиясы оның болашақтағы кәсіби
қызметке бағытталуы тұрғысынан озық білім берудің негізгі
механизмдерінің бірін құрайды.